Ұзынына кім жетер
Оқу мен білім туралы жұмбақтар
Бұл топтама — оқу, білім және мектеп құралдары туралы халықтық жұмбақтар. Әр жолда бейнелі ой, ұқсату мен астар бар: кітап — қазына, мұғалім — жолбасшы, ал қарапайым қарындаш пен дәптер — білімге бастар күнделікті серік.
Оқу мен білім
-
Дүниеде бір дария, беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қарасаң, сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.Жауабы: Оқу, білім
-
Сай бойында сары алтын.
Жауабы: Білім
-
Ауыр-ақ, бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып, кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешқашан талғаны жоқ.Жауабы: Білім
-
Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең.Жауабы: Білім
-
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.Жауабы: Білім
Кітап пен оқу
-
Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?Жауабы: Кітап
-
Бір қобди дүниежүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса, табылар еді не қалаған.Жауабы: Білім, кітап
-
Жапанда бір нәрсе бар, аузы жабық,
Ашылар мезгілінде бауыры жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайдаланар тамам халық.Жауабы: Кітап, оқу
-
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол — қазына өлмейтін.Жауабы: Кітап
-
Бар білімнің бастауы,
Бар ғылымның бастауы.
Жас балаға нұр шашқан,
Қандай кітап тіл ашқан?Жауабы: Әліппе
Мектеп, ұстаз, шәкірт
-
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.Жауабы: Мектеп
-
Білімнің жолбасшысы,
Шәкірттің қолбасшысы.Жауабы: Мұғалім
-
Шәкіртке жанашыр, мейірман кім, жаны асыл?
Жауабы: Ұстаз
-
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.Жауабы: Ұстаз
-
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады.Жауабы: Қоңырау
-
Күміс алмұрт тілі бар,
Сыңғырлаған үні бар.
Шақырады білімге,
Сағаты бар, күні бар.Жауабы: Қоңырау
Оқу құралдары
-
Ұшымен қазық,
Торкөзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.Жауабы: Дәптер
-
Кішкене құдықтан
Найза ұшты шыбығым,
Су ішіп құныққан.Жауабы: Сиясауыт
-
Қабы сояу,
Діні — бояу.Жауабы: Қарындаш
-
Қысқа таяқ діңі бар,
Шиырлаған ізінде
Сайрап тұрар тілі бар.Жауабы: Қарындаш
-
Тіл жоқ өзінде,
Сөзі бар ізінде.Жауабы: Қаламсап
-
Бар ойыңды жинаймын,
Ақ қағазға құямын.Жауабы: Сия
-
Бөлінгенді табыстырып,
Біріктірсе қабыстырып.
Жымдастырған жігітті,
Байқамайсың түгін де.Жауабы: Желім
-
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.Жауабы: Сызғыш
-
Көкқұтанша ақ айдында,
Бір аяқпен тұрады.
Тұмсығымен ол мұнда,
Шыр айналып шығады.Жауабы: Циркуль
-
Оқу — білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы.Жауабы: Сөмке
-
Үстінде есігі,
Өзі орындық әрі үстел,
Оқушылар бесігі.Жауабы: Парта
-
Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан.
Жазып алам көшіріп,
Сүртем сосын өшіріп.Жауабы: Тақта
География және дүниетану
-
Доп сынды келбеті,
Онда бар түп-түгел
Әлемнің әлпеті.Жауабы: Глобус
-
Елдері мен қаласы,
Ойпаты мен даласы.
Теп-тегіс тақтай-ды,
Өзені де ақпайды.
Тоғайы мен тауы бар —
Бұл не, өзің тауып ал.Жауабы: Карта
-
Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар, шөбі жоқ.
Мұхиты бар, суы жоқ,
Орманы бар, нуы жоқ.
Шыңдары да теп-тегіс,
Кең жазықтан әр түсті.
Шығыс пенен батысты —
Бар әлемді табасың,
Өзің таң боп қаласың!Жауабы: Географиялық карта
Әріп, күнделік және баға
-
Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім
Қырық екі дос-жаран.Жауабы: 42 әріп
-
Қырық екі жауынгер,
Сапын түзеп тұрады.
Бұлбұлшындай қауымды ел,
Сырын терең ұғады.Жауабы: Әліпби
-
Білім менен тәлім
Парақты ашқанда,
Беттерінен мәлім.Жауабы: Күнделік
-
Оқушыға күнде еріп жүретін не?
Жауабы: Күнделік
-
Оқуыма төреші,
Тоқуыма төреші.
Парақтасам байқалар —
Білімімнің өрісі.
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесі.Жауабы: Күнделік
-
Шәкірт кездегі,
Білімнің безбені.Жауабы: Баға
-
Мектептің алтын орағы,
Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол-дағы.Жауабы: Бестік
Сөйлем түрлері
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады.
Жауабы: Сөйлем
Сөзді құрап, доп тіземін,
Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.
Жауабы: Хабарлы сөйлем
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
Жауабы: Сұраулы сөйлем
Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты
Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.
Жауабы: Лепті сөйлем