Turbo Pascal программалау тілі әлемі

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл материал «Turbo Pascal программалау тілі әлемі» тақырыбындағы жарыс сабақтың құрылымын, мақсаттарын және кезең-кезеңімен өту барысын сипаттайды. Мәтін оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған ойын-сайыс форматына құрылған.

Сабақтың тақырыбы

Turbo Pascal программалау тілі әлемі

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың шығармашылығын және ойлау қабілетін дамыту
  • Информатика пәніне қызығушылық пен белсенділікті арттыру
  • Компьютерлік сауаттылық пен іскерлікті жетілдіру

Негізгі деректер

Сабақ түрі
Жарыс сабақ
Уақыты
45 минут

Бағдарламалық-дидактикалық қамтылуы

  • Есептеуіш техника кешені
  • Интерактивтік тақта
  • Turbo Pascal программалау тілі
  • Оқулық
  • Жұмыс дәптері
  • Плакаттар

Сабақтың құрылымы

  1. I. Ұйымдастыру
  2. II. Үй тапсырмасын сұрау
  3. III. Жаңа сабақ
  4. IV. Бекіту
  5. V. Үй тапсырмасын беру
  6. VI. Қорытындылау

I. Ұйымдастыру

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, сабаққа қатысуды тексереді және құрал-жабдықтардың дайындығын нақтылайды.

1-жүргізуші

Ойын — толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

2-жүргізуші

Ойын — толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Осылайша, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Алдыңғы өтілген тақырыптар бойынша сұрақ-жауап ұйымдастырылады. Ойынға қатысатын топтар таныстырылады, ережелер түсіндіріледі.

1-кезең: «Аламан»

Әр топқа 10 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай есептеледі.

I топқа арналған сұрақтар

  1. Turbo Pascal атауы қай ғалымның құрметіне берілген? (Француз математигі Блез Паскаль)
  2. Turbo Pascal бағдарламасын қалай іске қосамыз? (C:\TP7\BIN\turbo.exe)
  3. Pascal тілінде қызыл түс қалай беріледі? (4)
  4. Меншіктеу операторы қалай белгіленеді? (:=)
  5. Нақты типті айнымалы қалай белгіленеді? (Real)
  6. And логикалық амалы нені білдіреді? (Және)
  7. Алгоритмді геометриялық фигуралар арқылы графиктік түрде жазу қалай аталады? (Блок-схема)
  8. Бағдарлама қандай қызметші сөзден басталады? (Program)
  9. Turbo Pascal-дегі Edit мәзірі қандай қызмет атқарады? (Редакторлау)
  10. Жиым дегеніміз не? (Ортақ атпен және типпен біріктірілген, нөмірлері бойынша реттелген мәндердің жиыны)

II топқа арналған сұрақтар

  1. Turbo Pascal программалау тілі қай жылы пайда болды? (1975 жылы)
  2. Айнымалыларды сипаттау бөлімі қалай аталады? (Var)
  3. Pascal тілінде жасыл түс қалай беріледі? (2)
  4. Бүтін типті айнымалы қалай белгіленеді? (Integer)
  5. «Алгоритм» сөзі қай ғасырда пайда болған? (IX ғасыр)
  6. Айнымалы атауларында қай алфавиттің бас және кіші әріптері қолданылады? (Латын)
  7. Бағдарлама қандай қызметші сөзбен аяқталады? (End)
  8. Turbo Pascal-дегі Run мәзірі қандай қызмет атқарады? (Программаны орындау)
  9. Pascal тіліндегі көмекші бағдарламаларды атаңыз. (Процедуралар мен функциялар)
  10. Квадрат матрица дегеніміз не? (Жолдарының саны мен бағандарының саны тең екі өлшемді жиым)

2-кезең: «Ғажайып ондық»

Интерактивті тақтадағы кез келген тіктөртбұрышты топтар кезекпен таңдап, сұраққа жауап береді. Егер топ жауап бере алмаса, қарсылас топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.

  1. Turbo Pascal тілінің алғашқы нұсқасын кім жасады? (Никлаус Вирт)
  2. Герон формуласын Turbo Pascal тілінде жазыңыз: (S := Sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));)
  3. Санның квадраты, модулі, синусының Turbo Pascal тілінде жазылуы: (Sqr, Abs, Sin)
  4. Var бөлімінде не сипатталады? (Айнымалылар)
  5. Нәтижелер шығару терезесін көру үшін қандай пернелер комбинациясы қолданылады? (Alt+F5)
  6. Пифагор формуласын Pascal тілінде өрнектеңіз: (Sqr(c) := Sqr(a) + Sqr(b);)
  7. Circle, Arc, Line қандай қызмет атқарады? (Шеңбер, доға, сызық сызу)
  8. Turbo Pascal тіліндегі шамалар типтерін атаңыз. (Оқушы жауабы)
  9. Қате берілген бағдарламаны түзетіңіз:
    Program Esep;
    Var x, y: integer
    Begin
    Readln (x)
    Writeln ('x-ті енгіз');
    y=Sqrt(x);
    Writeln ('x=', x);
    End.
    (Дұрысы: нүктелі үтірлер және меншіктеу, квадрат үшін Sqr қолдану: y := Sqr(x);)
  10. Жиымдар қандай қызметші сөз арқылы сипатталады? (Array)

3-кезең: «Литерлік шамалар»

Әр топтан 1 оқушы шығып, үстел үстіндегі карточкалардың бірін таңдайды. Берілген сөзден литерлік шамаларға қолданылатын операцияларды пайдаланып, бірнеше жаңа сөз құрастыруы керек.

Бағалау: 1 сөз = 1 ұпай

4-кезең: «Шынығу сұрақтары»

Әр топ өздері дайындап келген сұрақтарын қарсыластарына қояды. Мақсат — тек сұрау емес, шешу жолын ұсыну және дәлелдеу.

5-кезең: Интерактивті тапсырма

Әр топтан бір оқушы шығып, интерактивті тақтадағы тапсырманы орындайды: алгоритмді блок-схема түрінде бейнелеу.

Блоктар және арналуы

  • Алгоритмнің басы
  • Алгоритмнің соңы
  • Есептеу әрекеті
  • Деректерді енгізу / деректерді шығару
  • Шартты тексеру
  • Циклдің басы
  • Көмекші алгоритмді шақыру
  • Файлды дискіге жазу
Жүргізуші сөзі

Жорға, жорға, жорғала,
Шапшаңдыққа таң қалма.
Ойын деген арпалыс,
Жеңілем деп ойлама.

6-кезең: Жиым элементтерінің позициясын анықтау

Оқушыларға берілген жиым элементтері бойынша олардың позициясын (индексін) табу тапсырмасы ұсынылады.

IV. Бекіту

Соңғы кезең: «Блок-схемалар»

Оқушылар тақтадағы блок-схемаларды кезекпен таңдап, артындағы сұрақтарға жауап береді.

  1. Алгоритм дегеніміз не? Ол қай ғалымның атымен байланысты?
  2. Шама неше түрге бөлінеді? Анықтамасын айтыңыз.
  3. Литерлік шамалар дегеніміз не?
  4. Циклдік алгоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
  5. Turbo Pascal тілінің қосымша процедураларын және олардың қызметін атаңыз.
  6. Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
  7. Алгоритмнің неше түрі бар? Оларды атаңыз.
  8. Turbo Pascal тілінің қосымша функцияларын және олардың қызметін атаңыз.
  9. Сызықтық алгоритм дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
  10. Литерлік шамаларға қолданылатын операцияларды атаңыз.

V. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы: қайталалау.

VI. Қорытындылау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, берген жауаптары және орындаған тапсырмалары ескеріле отырып бағаланады. Соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, марапаттайды.

Жүргізуші сөзі

Осымен, сайысымыздың шешуші сәті де келіп жетті.
Құрметті әділқазылар алқасы, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау үшін сөз сіздерге беріледі.

Қоштасу

Осымен бұл қызықты аяқтасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Бүгінгі «Turbo Pascal программалау тілі әлемі» атты жарыс сабағымыз өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңіз үшін мың да бір алғыс.