Елбасының өмір жолдарына түсінік беру

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақтың мақсаты — Елбасының өмір жолына түсінік беру, қоғамдағы орнын айқындау және оқушыларға Қазақстан мемлекеті мен астанасы, мемлекеттік рәміздер туралы тереңірек мағлұмат ұсыну.

Сонымен қатар отаншылдық сезімді нығайтып, тұрақты мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету; адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кіріспе сөз

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі тілейміз. «Ғасырдың ғажап азаматы — Нұрсұлтан Назарбаев» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүзден аса ұлт өкілі бар мемлекетті басқарып, экономикалық дағдарыс пен нарықтық қиындықтардан, сондай-ақ ұлтаралық шиеленістерден халқымызды аман-есен алып шығуға күш салған тәжірибелі басшы ретінде танылады.

Өлең жолдары

Атыңнан айналайын, егемен ел!

Тәуелсіз күнін туды — кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Нұр ата,

Ғасырдың тойы болшы — келе берер.

Тәуелсіздік және рәміздер

Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық рәміздеріміз елдігімізді айқындады: Елтаңбамыз — елдік еншімізді ерекшелейді, Көк Туымыз — көкте биік желбірейді, Әнұранымызды әлем жұртшылығы тыңдап, құрмет көрсетеді.

Ескерту

Осы сәтте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Ж. Молдағалиевтен

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

Мен — қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім — мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

2-бөлім: Балалық шағынан үзінділер

1-оқушы

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келді. Шығыс күнтізбесі бойынша — ұлу жылы туған.

Халықтық түсінік бойынша бұл жылда туған адамдардың күш-қуаты мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары келеді дейді. Сондай-ақ 6 саны шындықты, ашықтықты және сенімділікті бейнелейді: бұл күні туған жандар бейбітшілік пен тыныштықты сақтауға, халық тұрмысын жақсартуға күш жұмсайды деген наным бар.

2-оқушы

Нұрсұлтан бала кезінде орта бойлы, маңдайы жазық, ақсары өңді еді. Сырттай момақан көрінгенімен, көзінде от бар, ұстамды әрі байсалды болатын. Сабаққа алғыр, елгезек, дене бітімі қайратты, сергек бала ретінде танылды.

Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып, қатарластарын үйіріп, артынан ерте алатын.

3-оқушы (Естеліктен үзінді)

Мені таң сәріден оятатын. Мен арбаға есек жегіп, жұмысшылар қалашығындағы таңғы сағат алтыда ашылатын дүкенге уақытында жету үшін ауылдан асығып шығатынмын.

Ұзақ кезекке тұратынмын. Қап-қара нан ауыр болатын: қолды сәл батырсаң, саусақ ізі қалып қоятын. Үйге бірден он бөлке әкелу үшін кезекке екі, кейде үш рет қайта тұратын едім.

Мұндай нан ұзақ сақталмайтын. Бөлкелерді турап, кептіру үшін күн көзіне қоятынбыз — бұл бәріміз үшін үлкен қуаныш еді. Ал анда-санда сиыр бұзауласа, нағыз мейрам болатын. Тек біздің үй емес, айналаның бәрі осылай тіршілік ететін.

4-оқушы

Нұрсұлтан Шамалғаннан аудан орталығындағы қазақ орта мектебіне келіп оқыды. Оның білімге құштарлығы ерекше еді: білгенін өзгелерге түсіндіріп, тереңірек білгісі келетін балаларға өзі оқыған кітаптарын әкеліп беретін, оқып шығуын қадағалап, соңынан бірге талқылауға шақыратын.

Мектептегі қоғамдық жұмыстарға жетекшілік ете жүріп, өз бетімен ізденуге де уақыт таба білді. Мектепті барлық пәннен үздік аяқтады.

3-бөлім: Өмір жолынан қысқаша деректер

Жүргізуші: Комсомолдық жолдамамен Теміртау қаласына аттанады. Теміртауда болашақ металлургтарды дайындайтын фабрика-зауыт училищесіне оқуға түседі. Елбасының мамандық таңдауы мен еңбек жолы осы кезеңнен басталады.

Еңбек жолының басталуы

  • 1960 жылы Украинадағы Днепродзержинск техникалық училищесін тәмамдады.
  • 1960–1969 жылдары Теміртаудағы қазақ металлургия құрылысы жүйесінде түрлі өндірістік қызмет атқарды.
  • Домна пешінде горновой, домна цехында диспетчер, газшы болып еңбек етті.

Қызметтік өсу кезеңдері

  • 1969: Теміртау қалалық партия комитеті өнеркәсіп-транспорт бөлімінің меңгерушісі.
  • 1969–1971: Теміртау қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
  • 1971–1973: Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы.
  • 1973–1977: Қарағанды металлургия комбинаты және облыстық партия комитеті жүйесінде хатшылық қызметтер.

Жоғары мемлекеттік лауазымдар

  • 1979–1984: Қазақстан Орталық партия комитетінің хатшысы.
  • 1984–1989: Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы.
  • 1989–1990: Қазақстан ОК-нің бірінші хатшысы; КОКП Саяси бюросының мүшесі.
  • 1990: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.
  • 1990 жылғы 24 сәуір: Қазақ КСР тұңғыш Президенті болып сайланды.
  • 1991 жылғы 1 желтоқсаннан: Қазақстан Республикасының Президенті және Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы.

4-бөлім: Тәуелсіздікке бастар жол — маңызды даталар

Мемлекеттің қалыптасуы

1991-12-10
Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауына қатысты заңға қол қойды.
1991-12-16
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.
1992-01-25
Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға қабылданды.
1992-06-04
Ту, Елтаңба және Әнұран туралы заңға қол қойылды.

Қоғам және даму

1991-08-29
Президент жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.
1993-11-15
Ұлттық валюта — теңге айналымға енгізілді.
1995-03-01
Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
1997-07-11
Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң қабылданды.
1997-10-20
Президент жарлығымен Астана Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

Оқушылардың арнауы

1-оқушы: Биіктей бер, Нұр аға, қыран қанат талмасын. Қадірлемей тұрма, халық сіздей тұлғасын.

2-оқушы: Гүлдене бер, Отаным, көтерген туың — Нұр ағам. Көбейткен достың қатарын, Нұр аға — біздің ұлы адам.

3-оқушы: Міне, осындай егеменді еліміз, кең жазира ұлан-байтақ жеріміз. Туған елін, туған жерін сүйетін — біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

4-оқушы: Мен қазақтың ұланымын елімнің, мен қазақпын — тірегімін жерімнің. Ұланымын туын көкке көтерген, болашаққа алға бастап жетелер.

5-оқушы: Халқым айтқан: ел көтерер жер даңқын, елім айтқан: жер көтерер ел даңқын. Президентім аман болғай ел басы, мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым.

6-оқушы: Естімейік енді елдің жылағанын, қайта құлап, бостандық сұрағанын. Абылайдың жолымен алға басқан — құт болсын нұрлы жолы Нұр ағаның.

7-оқушы: Бірде шырқап, бірде төмен құлаған — өмір жолы қиын, бұралаң. Қазағымды жарқын жолға бастады, Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.

8-оқушы: Отан дейміз кең-байтақ астананы, жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ — ол бірақ өз үйіңнен басталады.

9-оқушы: Отан — осы, достарым, көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, оны ардақтап, сүйе біл.

10-оқушы: Көз тойғысыз қазағымның жері бар: ну орман, тауы, өзені, көлі бар. Қазағымның елін, жерін қорғайтын — жас жеткіншек ұланы бар, ері бар.

11-оқушы: Азат елдің тәуелсіз азаматы, сенің келді мінбеде сөз алатын. Аттан, барыс бейнелі болашаққа, барша әлемге шығарушы қазақ атын.

5-бөлім: Даналар сөзі және мақал-мәтел мәні

«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді.»

Абай

«Адамның ісі қандай болса, іші сондай.»

Г. Гегель

«Шыдамды, сабырлы адам — бастаған ісінің жақсы нәтижесін көреді; білімге құштар — іздегенін табады.»

В. Ян

«Әр адамның құдайы — оның ары.»

Менандр

Қорытынды арнау

Жүргізуші:

Аман бол, ел ардағы, ел арманы,

Сезімің — қызғалдақ гүл қоғамдағы.

Батырсың баяғыдан күткен елің,

Шақырсын тек бақытқа жол алдағы.

Аман бол, сәулеңді шаш төңірекке,

Жалғасыңа жасырмаймын, көп ретте.

Шығарды тарих анаң қалап сені,

Халқыңды бастайтұғын ер керек те.

Аман бол, алтын жүрек, дана басым,

Ел үшін өлімге де бара аласың.

Буының бүгілмесін ел алдында,

Ертең де еңбегіңді бағаласын.

Аман бол, бір туған ел анадан,

Жамандық өтпес болсын шекарадан.

Еңсесі аласармай жүреді еркін,

Елімнің жолы болсын деген адам.

Т. Молдағалиев