Жиырма тиын

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің мұғалімі — Темірбаева Гүлмира Құлымжанқызы. Сабақтың тақырыбы: «Жиырма тиын».

Мақсаты

  • Оқушыларды мәтінді дұрыс әрі түсініп оқуға үйрету, мәтін авторы туралы мәлімет беру.
  • Оқу дағдыларын және есте сақтау қабілетін дамыту; өз ойын еркін айтуға дағдыландыру; сөздік қорын молайту.
  • Адамгершілікке, бір-бірін сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, үлкеннің сөзін тыңдауға, қамқор әрі жанашыр болуға тәрбиелеу.

Сабақ ресурстары

  • Оқулық, бор
  • Интерактивті тақта
  • Автордың суреті
  • Мақал-мәтелдер

Ұйымдастыру және әдістер

Сабақтың түрі
Аралас
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, математика

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Оқушылардың бір-бірімен ұлттық амандасуы.
  2. 2 Оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарының толық болуын қадағалау, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

М. Әлімбаевтың «Не жомарт? Кім жомарт?» өлеңін жатқа сұрау. Тақырыпқа сай мақал жаттау және қосымша сұрақтар қою.

Мақал

Сараңда бар болса да — жоқ, жомартта жоқ болса да — тоқ.

Жомарттық — айтқан сөзіңді орындау, әділ сөйлеу, қайырымдылық жасау.

III. Өткен сабақты қорытындылау

Негізгі ұғымдар: Ана, Батыр, Ұстаз, Күн, Жер.

Ситуациялық сұрақ

Үзілісте буфетте өз-өзіңді қалай ұстау керек? Қандай болу қажет?

IV. Жаңа сабақ

Сабақ математикалық жұмбақтан басталады:

  • 10 + 10 = ? (20)
  • Өткен жылы бүкіл қазақ халқы тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлады? (20 жылдығын)

Осыдан бүгінгі тақырып шығады: «Жиырма тиын». Қазіргі уақытта біз тиыннан гөрі теңге атауын жиі қолданамыз. Егемендік алғаннан кейін 1993 жылы ұлттық төл теңгеміз айналымға енді.

Мақал-мәтелдермен жұмыс

Жалғасын табу

Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

Ойлануға тапсырма

Жүз сом ақшаң болғанша, ...

Оқушылар жалғасын айтып, мағынасын түсіндіреді.

Автор туралы мәлімет: Жәнібек Кәрбозин

Жәнібек Кәрбозин — ақын, балалар әдебиетіне еңбегі сіңген қаламгер. Ол 1933 жылы 15 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Дегерес ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған.

Пьесалары

«Кербақбай», «Қолғанат», «Қарабек пен қарақшы» және т.б.

Өлең жинақтары

«Бәйшешек», «Менің шеберханам», «Ысқырық», «Біздің Бекен қайда екен?», «Біздің ауыл балалары» және т.б.

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді мұғалімнің оқып беруі, мазмұнын оқушылармен бірге түсіну және талдау.
  • Сөздік жұмыс (күрделі сөздерді түсіндіру).
  • Сергіту сәті: «Кім үлкенді тыңдаса…»
  • Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
  • Мәтінді оқушыларға кезекпен оқыту.

Ойын: «Сырлы сандық»

Жаңа сабаққа байланысты тапсырма: берілген сөйлемдерді ретімен орналастыру. (Тақтаға бес оқушы шығып орындайды.)

  1. 1. Мен қалтамдағы екі жиырма тиындықтың біреуін оған ұсындым.
  2. 2. Дүкенге жақындағанда, біресе аяғымен, біресе қолымен қардың арасын қарап жүрген Қанатқа көзім түсті.
  3. 3. Дұрыс істегенсің. Бұл — адамгершілікке жатады.
  4. 4. Табылып қалар деп, мен де қардан тиынды іздеуге кірістім.
  5. 5. Алтайжан, дүкенге барып келе қойшы.

V. Қорытынды

Түйін

Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді.

Сондықтан, балалар, адам болам десеңіз, мына қасиеттердің қайсысына жақын болып, қайсысынан аулақ жүру керек екенін ой елегінен өткізіңіз.