Мақта қыз мысықтың құйрығын неге бермейсің

Оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы

Білім беру саласы

Қатынас

Оқу іс-әрекет түрі

Сауат ашу

Тақырыбы

«М» дыбысы мен әрпі

Мақсаты

  • «М» дыбысы және оның әріп таңбасы туралы түсінік беру.
  • «М» дыбысын сөз ішінен таба білуге үйрету, оның дауыссыз дыбыс екенін түсіндіру.
  • «М» дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорын молайту.
  • Дидактикалық ойындар арқылы ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.
  • Көркем жазуға қолын жаттықтыру.

Көрнекілігі

Слайд, электронды оқулық, кеспе әріптер, таяқшалар, суреттер, дыбыстық талдауға арналған дөңгелектер, бейнетаспа.

Билингвизм

Мысық
кошка
Май
масло
Маса
комарь
Маймыл
обезьяна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы

Жылулық шеңбері

Тәрбиеші: «Сәлеметсіңдер ме, балалар? Қане, шеңбер бойына тұрып, бүгінгі күнмен сәлемдесейік».

Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық.
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты
Бір-бірімізге шашайық.

(Балалар шеңберге тұрып, өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.)

Өткенді қайталау

Сұрақ: «Біз өткен оқу іс-әрекетінде қандай дыбыспен таныстық?»

Жауап: «С дыбысымен»

Сұрақ: «Ол қандай дыбыс?»

Жауап: «Дауыссыз дыбыс»

Сұрақ: «Дауыссыз дыбысты қандай белгімен белгілейміз?»

Жауап: «Көк белгімен»

Танысқан сөздер: сағат, сандық, сиыр, сақина, су және т.б.

Жұмбақ

Тәрбиеші: «Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Шешуін табамыз ба?»

Мұртын сипап тілімен,
Бетін сусыз жуады.
Тышқанды аңдып түнімен,
Көзі оттай жанады.

Балалар: «Мысық». Тәрбиеші: «Дұрыс! “Мысық” сөзі “М” дыбысынан басталады. Бүгін біз “М” дыбысымен танысамыз».

Ғажайып сәт

Балалар жылаған дауыс естиді. Тәрбиеші: «Ол ненің дауысы? Қай жақтан шығады?»

Балалар: «Қане, көрейікші...»

Мысық пайда болады.

Тәрбиеші: «Мысық, саған не болды, неге жылап тұрсың?»

Мысық: «Мақта қыз менің құйрығымды жұлып алды. “Бер” десем, бермейді».

Осы кезде Мақта қыз кіреді.

Тәрбиеші: «Мақта қыз, мысықтың құйрығын неге бермейсің? Ол жылап тұр ғой».

Мақта қыз: «Мысық менің қатығымды төгіп тастады, сондықтан мен оның құйрығын жұлып алдым».

Мақта қыз: «Мен бірнеше тапсырма алып келдім. Егер оларды жақсы орындасаңдар, мысықтың құйрығын қайтарамын».

Тәрбиеші: «Тапсырмаларды орындап, Мақта қыз бен мысықты татуластырайық».

Жаңа дыбыспен танысу

Слайд: мысықтың суреті.

Дыбыстау: «Мияу-мияу».

Талдау: «“Мияу” сөзінде “М” дыбысы сөздің басында келеді».

«М» дыбысын айтайық: «М… М… М…»

Тәрбиеші түсіндіреді: дыбыс кедергіге ұшырап айтылады, сондықтан ол дауыссыз дыбыс.

(Дауыссыз дыбысты көк белгімен белгілейміз.)

«М» дыбысынан басталатын/кездесетін сөздер:

мысық, маймыл, маса, мейіз, майлық, машина, маска, медаль.

Буынға бөлу:

мы-сық — 2 буын.

Тапсырмалар

1-тапсырма: «М» дыбысы неге ұқсайды?

Түйе өркешіне қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп?
Әткеншекке қарашы,
Қай әріпке ұқсайды?

Балалар: «Түйе өркешіне де, әткеншекке де ұқсайды».

2-тапсырма: «М» дыбысы қалай айтылады?

Электронды тапсырма: «М» дыбысын тиісті орынға тінтуір арқылы апару (көк отауға орналастыру).

Қорытынды: «М — дауыссыз дыбыс».

3-тапсырма: «Сиқырлы сандық»

Әр суреттің атауынан «М» дыбысын тап. Дыбыстың орнына қарай сөзді тиісті сандыққа сал: басы — 1-сандық, ортасы — 2-сандық, соңы — 3-сандық.

1-сандық (басында)

  • мысық
  • маса

2-сандық (ортасында)

  • кәмпит
  • тамшы
  • алмұрт

3-сандық (соңында)

  • жүзім

4-тапсырма: «М» әрпін жазуды үйренейік

«М» әрпінің бас және кіші түрлерімен танысу.

Бейнетаспадан жазылу жолын көрсету.

«М» әрпін ауада жазу.

Дәптерге «М» әрпін жазу.

Құрастыру

«М» әрпін таяқшалардан құрастыру.

Мүсіндеу

Қамырдан «М» әрпін жасап, көк түсті бояумен бояу.

Сергіту сәті: «Сөз ойла, тез ойла»

Ойын шарты: допты лақтыру арқылы бүгінгі танысқан «М» дыбысына байланысты сөздерді тез айтып шығу.

5-тапсырма: Суреттерден «М» дыбысын тап

Суреттерді мұқият қарап, құрамында «М» дыбысы барларын тінтуірмен белгіле: мақта, моншақ, қоян, мата, лақ, гүл, қалам, машина.

Дұрыс жауап: мақта, моншақ, мата, қалам, машина.

6-тапсырма: Ән тыңдау және жаттау

Ибрагим Нүсіпбаевтың «Біздің мысық» әнін тыңдап, жаттау. Әннің мазмұнын ата-аналарыңа әңгімелеп беру.

Үстінде үйдің
Тұр еді мысық.
Қасына келді
Бір торғай ұшып.

Бас салмақ болып
Аршыды мысық.
Жөнелді торғай
Пыр етіп ұшып.

Биіктен жерге
Топ ете түсіп,
Мысықтың қалды
Жамбасы ісіп.

(Әнді бірге қосылып айтады.)

Қорытынды және кері байланыс

Тәрбиеші: «Рахмет саған, Мақта қыз. Тапсырмаларың өте қызықты болды».

Мақта қыз: «Балалар, сендер өте кереметсіңдер! Барлық тапсырманы орындадыңдар. Енді мысықтың құйрығын қайтарамын. Сау болыңдар!»

Тәрбиеші: «Балалар, біз мысыққа көмектестік пе? Қалай көмектестік?»

  • Тапсырмаларды орындадық.
  • «М» дыбысымен таныстық.
  • «М» дыбысының дауыссыз екенін, оның көк белгімен белгіленетінін қайталадық.

Балаларды бағалау.

Күтілетін нәтиже

Білуі керек

«М» дыбысының дауыссыз екенін; дыбысты айтқанда тамақта діріл пайда болатынын; үн қатысы бар дыбыс екенін.

Талаптанады

Қоршаған ортаның алуан түрлілігін бағалауға, әдемілікті сақтай білуге.

Жасай алады

«М» әрпін танып, көрсете біледі.