Қалада Жедел жәрдем стансасы нешеу
Сәтбаев қаласы • №16 жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Канафина Гүлмира Әжыхановна
Пәні
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы
Б. Соқпақбаев — «Сен ұйықтап жатқанда»
Сабақтың мақсаты
- Бердібек Соқпақбаевтың қысқаша өмірбаяны туралы мәлімет беру.
- Мәтінмен таныстыру.
- Оқушыларды шығармашылыққа баулу, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Сыпайылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
II. Өткен тақырыпты пысықтау
Тақырып: «Астана — бас қала»
Қарама-қарсы сұрақтар
-
Мұғалім оқушыларды қайда барамыз деп қуантты?
Астана қаласына.
-
Астана саяхатшыларды несімен қарсы алды?
Есіл өзенінен ескен қоңыр салқын самалымен, кең дуалдарымен.
-
Даңғылдар бойында қандай ғимараттар көрінді?
Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, Пирамида және т.б.
-
Балаларға әсіресе не ұнады?
Бәйтерек мұнарасы.
-
Қай мереке аталып өткенін білді?
Астананың 10 жылдығы.
-
Астананың 10 жылдығы қашан аталып өтті?
2008 жылы, 6 шілдеде.
-
Астанаға кімдер қонаққа келеді?
Көптеген елдердің президенттері мен мәртебелі қонақтар.
-
ЮНЕСКО Астанаға қандай атақ берді?
«Әлем қаласы».
Қазақстан картасы және пайдалы қазбалар
-
Қазақстанның жері қандай?
Өте үлкен.
-
Елді таныстыру үшін не ілінген?
Қазақстанның картасы.
-
Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қай жылы қалыптасты?
1991 жылы.
-
Жер бетіндегі ең үлкен құрлық?
Еуразия.
-
Картадағы суреттер нені көрсетеді?
Еліміздің байлықтары мен нысандарын.
-
Қазақстан күміс, хромит, қорғасын өндіруден нешінші орында?
I орында.
-
Мұнай, көмір, мыс, фосфат өндіруден ше?
II орында.
-
Алтын өндіруден?
III орында.
-
Жылқы сүтінің пайдасы қандай?
Әрі сусын, әрі ем.
Картада белгіленген нысандарға мысалдар
Газ, мұнай, ғарыш айлағы, мал және егін шаруашылығы, көмір, алтын, болат өндіретін кен орындары, Президент ғимараты, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.
III. Жаңа сабақ
Кіріспе сұрақ
Балалар, біз ұйқыға кеткен уақытта түнде қандай мамандық иелері жұмыс істеуі мүмкін?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады, пікірлер талданады.
Автор туралы қысқаша мәлімет
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қостөбе ауылында дүниеге келген. Оның кең танылған шығармаларының қатарында «Менің атым Қожа» және «Әжесінің әліппесі» бар.
Тірек сөздер (10 сөз — 45 секунд)
IV. Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен танысу уақыты: 8 минут.
Қарама-қарсы сұрақтар (мазмұнды түсіну)
-
Сағат түнгі неше болды?
12.
-
Жұрт аяғы басылды ма?
Басылды.
-
Көшеде ең соңғы болып не өтіп барады?
Трамвай.
-
Автобус пен троллейбустардың «дем алатын» орны қайда?
Арнаулы тұрақта.
-
Түнде мұнда кімдер қызмет етеді?
Адамдар.
-
Олардың жұмысы неде?
Көліктерді таңертеңгі сапарға әзірлеу, жуу, тазалау.
-
Таңертең көліктер қандай күйде шығады?
Тап-таза болып, жарқырап шығады.
-
Жедел жәрдем машинасы қайдан шығады?
Қақпадан.
-
Ол қайда бұрылып, зырлай жөнелді?
Жоғары қарай.
-
Жедел жәрдем ауырып қалған адамды қайда жеткізеді?
Емханаға.
-
Көмекке кімдер келеді?
Кезекші дәрігерлер.
-
Қалада жедел жәрдем стансасы нешеу?
Бірнешеу.
-
Сарғыш дуалдың ар жағында не бар?
Баспахана.
-
Газет-журнал, кітаптар қай жерде басылып шығады?
Баспаханада.
-
Терезе ар жағында не жанып тұр?
Шам.
-
Бөлмеден нені көруге болады?
Зырлаған машиналар мен адамдарды.
-
Тоқтаусыз жүріп жатқан нені көреміз?
Еңбекті.
-
Түнде олар неге асығады?
Газеттерді басып шығару үшін.
-
Таңертең пошташы нені таратады?
Газет-журналдарды.
-
Баспадан шыққан өнімдер қайда жеткізіледі?
Қаладағы байланыс бөлімдеріне.
-
Байланыс бөлімдеріне немен жеткізеді?
Арнаулы машиналармен.
-
Хаттарды кімдер таратады?
Хат тасушылар.
Сын тұрғысынан сұрақтар (дұрыс/бұрыс)
- Сағат түнгі 11 болды. Жоқ (12)
- Жұрт аяғы көбейді. Жоқ (басылды)
- Көшеде ең соңғы болып автобус өтіп барады. Жоқ (трамвай)
- Күндіз жүретін көліктердің арнаулы тұрағы бар. Иә
- Түнде адамдар көліктерді жуады, тазалайды, әзірлейді. Иә
- Жедел жәрдем төмен қарай зырлап жөнелді. Жоқ (жоғары)
- Жедел жәрдем ауырып қалған адамды емханаға жеткізеді. Иә
- Қалада жедел жәрдем стансасы біреу. Жоқ (бірнеше)
- «Балдырған» журналы көлік тұрағында басылып шығады. Жоқ (баспаханада)
- Бөлмеден тоқтаусыз жүріп жатқан еңбекті көруге болады. Иә
- Газеттер емханада дайындалады. Жоқ (баспаханада)
- Газет-журналдар байланыс бөлімдеріне жедел жәрдеммен жеткізіледі. Жоқ (арнаулы көлікпен)
- Хат тасушылар газет-журналдарды үйлерге жеткізеді. Иә
Тақырыптық сөздік қор (5 минут)
Оқушылар матрица бойынша «+ / −» белгілеу арқылы өз нәтижесін тіркейді.
Бағалау шкаласы
- 4–5 белгі 5 ұпай
- 3 белгі 4 ұпай
- 2 белгі 3 ұпай
- 1 белгі 2 ұпай
V. Сабақты қорытындылау
Сабақ соңында мәтіннің негізгі идеясы жинақталып, оқушылардың жауаптары бойынша түсіну деңгейі қорытындыланады. Оқушылардың белсенділігі мен орындаған тапсырмалары нәтижесіне сай бағалар қойылады.