Етістік жайында сұрақ
Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау
Бұл сабақ жоспары етістік тақырыбын жүйелі түрде қайталап, білімді бекітуге және талдау дағдыларын дамытуға бағытталған.
Білімділік мақсат
- Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау.
- Етістік түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
- Тіл біліміне қызығушылығын арттырып, талдау жұмыстарын жүргізуге баулу.
Дамытушылық мақсат
- Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
- Шығармашылыққа жұмылдыру, ізденіп білім алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат
- Мысалдар арқылы адалдыққа, еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
- Туған жерді сүюге баулу.
Сабақтың барысы
- I. Ұйымдастыру кезеңі
- II. Үй тапсырмасын тексеру
- III. Етістік туралы сұрақ-жауап
- IV. Шығармашылық жұмыс (тапсырма, морфологиялық талдау, Венн диаграммасы)
- V. Қорытынды (тест)
- VI. Үйге тапсырма
- VII. Бағалау
Етістік туралы «зымыран сұрақтар»
- 1 Етістік дегеніміз не?
- 2 Дара және күрделі етістік дегеніміз не?
- 3 Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не?
- 4 Салт және сабақты етістіктің жасалу жолы қандай?
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс немесе тілдік ойын арқылы оқушылардың назарын жаңғырту.
I топ
«Сөзжұмбақ»
II топ
«Метаграмма»
III топ
«Өтірік өлең»
Шығармашылық жұмыс: топтық тапсырмалар
I топ
Салт етістікті сабақтыға, сабақты етістікті салтқа айналдыратын жұрнақтарды атау.
Қосымша тапсырма
Мәтіннен етістіктерді тауып, түрін ажыратыңдар.
II топ
Берілген сөйлемдерден етіс жұрнақтарын ажырату.
Мәтін
Азияның жетінші қысқы ойындары аясында өтетін алау эстафетасының Астана қаласындағы бағыты анықталды. Бұл туралы Қазақпарат тілшісіне алау эстафетасын өткізу жөніндегі қалалық дирекция басшысының орынбасары Сәрсен Құранбек мәлім етті.
Эстафета бағыты 2 кезеңге бөлінді. 1-кезеңі 3 қаңтар күні түскі сағат 12:00-де Тәуелсіздік көшесінде орналасқан «Қазақ елі монументімен» басталады да, бірқатар көшені жүріп өтіп, «Мемлекеттік рәміздер» алаңына келіп тоқтайды.
Бағыттың жалпы ұзындығы 7,2 шақырым, қатысушы алаугерлердің саны — 50. Техникалық үзілістен кейін сағат 15:30-да Астана әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңнан эстафетаның 2-кезеңі басталады.
III топ
Берілген мақалдарды етістіктермен толықтыру.
- 1) Тіліңмен ..., біліммен ...
- 2) Талапты ерге нұр ...
- 3) Ел үмітін ер ... . Ер атағын ел ...
- 4) Аңдамай ... ауырмай өледі.
- 5) Жаманға сырыңды ... . Сырыңды айтсаң да, шыныңды ...
- 6) Ақылсыз адам ... келеді, жан-жағын жайпай келеді. Ақылды адам жай-жай келеді, жан-жағын ... келеді.
Морфологиялық талдау
Берілген сөйлемдердегі етістіктерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
Кешегі күні Беларан маңынан ыққан мұз Қаратүп шыңына тіреліп еді; бірақ балықшылар қайдан шыққанын болжай алмады, олар тек үлкен мұздың тұмсығы ілгері жағынан бір тұйыққа тірелгенін сезді.
Таң таяу секілді. Таң атқасын болмаса, мына қараңғыда қалай қарап жүрерін білмей, ашық мұз үстінде ызғырық жел ығырын алған бір топ кісі бүрсеңдеп тұр.
Венн диаграммасы (салыстыру)
Әр топ етістік түрлерін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.
I топ
Дара ↔ Күрделі
II топ
Болымды ↔ Болымсыз
III топ
Салт ↔ Сабақты
Қорытынды (тест)
1) Күрделі етістікті тап.
- а) сөйледі
- ә) ойнады
- б) жауып тұр
2) Ырықсыз етістің жұрнақтарын ата.
- а) –ыл, –іл, –л
- ә) –ғыз, –гіз
- б) –ыс, –іс, –с
3) Етістіктің түрі:
- а) сапалық
- ә) етіс
- б) жалқы
4) Сабақты етістікті тап.
- а) қаладан келді
- ә) үйге қайт
- б) сабақты оқы
5) Етістің неше түрі бар?
- а) үш
- ә) екі
- б) төрт
Жауаптары
1
б
2
а
3
ә
4
б
5
б
Үйге тапсырма
Етістерді пайдалана отырып, еркін тақырыпта әңгіме жазу.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, талдау жұмыстары және топтық тапсырмалардағы белсенділігі бойынша бағаланады.
- Сұрақтарға жауап беру сапасы
- Морфологиялық талдаудың дәлдігі
- Топтық жұмыстағы ынтымақтастық