Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік мақсаты: бүріккіш құралын және палитраны тиімді пайдалануды үйрену.
-
Тәрбиелік мақсаты: графикалық ақпараттарды өңдеу арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын және шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
-
Дамытушылық мақсаты: тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабілетін және танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Paint графикалық редакторы
- Үлестірмелі қағаздар
- Оқулық
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, практикалық жұмыс
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу және тізім бойынша түгендеу.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру және қайталау
Әдіс-тәсілі: интерактивті тақтада тапсырмалар орындау және ауызша сұрақтарға жауап беру.
Әр сабақта компьютер сыныбында тәртіп сақтау ережелерін қайталау маңызды. Тақтада берілген сөйлемдердің дұрыс немесе жалған екенін анықтаймыз.
Кім тақтаға шығып тапсырманы орындағысы келеді?
Тапсырма 1: Компьютер сыныбындағы қауіпсіздік ережелері
Төмендегі тұжырымдардың әрқайсысына «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
-
1
Компьютер сыныбында жүгіруге болады. (иә / жоқ)
-
2
Компьютерде жұмыс жасауға болады. (иә / жоқ)
-
3
Компьютерде жұмыс істеп отырып тамақтануға болады. (иә / жоқ)
-
4
Мониторға тым жақын отыруға болмайды. (иә / жоқ)
-
5
Тышқанмен ойнауға болады. (иә / жоқ)