Оқушыларды туған жері Бейнеудің географиялық орнымен, тарихымен таныстыру

Мазмұны мен мақсаты

Тақырыбы

Асыл қазынаға тұнған жер (Берекелі Бейнеудің 40 жылдығына арналады)

Мақсаты

  • Білімділік: оқушыларды туған жері Бейнеудің географиялық орны және тарихымен таныстыру.
  • Дамытушылық: шығармашылық-зерттеу жұмыстарына баулу, тіл байлығын дамыту.
  • Тәрбиелік: туған жерді қадірлеуге, ел мен жер иесі болуға жетелейтін патриоттық сезімді қалыптастыру.

Құралдар мен әдістер

Көрнекілігі

Слайд, буклеттер, сурет көрмесі, кітап бұрышы, талапқа сай безендірілген сахна.

Әдісі

Көрсету, әңгімелеу, ой қозғау, топпен жұмыс, ізденіс.

Барысы

  1. IЖер кіндігі атанған өлке
  2. IIАқыл-парасат
  3. IIIСыр-сұхбат
  4. IVЖыр шашу
  5. VСурет көрмесі
  6. VIМузыкалық бөлім
  7. VIIҚорытынды

Туған жерге тағзым

«Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Жерімізді жау баспасын деп, елімізден құт-береке қашпасын деп, найзаға үкі таққан елміз», — деп, рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би айтқан екен.

Кіріспе сөз

Біздің Отанымыз — Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира елестейді. Бұл — қазаққа қымбат, жүрекке жақын қасиетті кеңістік.

Сұрақ: Бұл өлең жолдары нені меңзейді?

Жауап: Туған жерді.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз туған жеріміз — Берекелі Бейнеуге арналады. Биыл ауданымыздың құрылғанына 40 жыл толып отыр.

I. Жер кіндігі атанған өлке

Ой қозғау

«Ауыл», «алтын бесік», «туған жер» ұғымдарын қалай түсінеміз? Ауыл кімдердің мекені? Осы сұрақтар төңірегінде оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Маңғыстау — ашық аспан астындағы мұражай

Ақындар жырлағандай, Маңғыстау — тұнып тұрған тарих, табиғаты таңғажайып, тау-тасы шежіре сөйлететін өлке. Тамыры тереңге тартқан қасиетті топырақ талайды тамсандырып келеді.

Осы бөлімде Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының тарихына қысқаша шолу жасаймыз.

Бейнеу атауының төркіні

Бейнеу — Адайдан тараған сегізінші ұрпақ деп айтылады. Бейнеу ата Бекет ата Мырзағұлұлымен тұстас өмір сүрген, жас айырмасы көп болмаған. Үлкендердің айтуынша, ол 1830 жылдары қайтыс болған Атақозы батырдың қасына жерленген.

Бейнеу ата Қыдыр дарыған, қасиеті мол, халқына қайыры тиген әруақты адам болған деседі. Тұрағы — Ескі Бейнеу, бес құдығы болған. Көшпелі ел жаз жайлауға кеткенде қыстық жиһазын Бейнеу атаға қалдырып: «Бейнеуде қалды», «Бейнеуден аламыз» деп отырған. Содан бері жер атауы Бейнеу Намазұлының есімімен байланыстырылады.

Бейнеу ауданы туралы қысқаша мәлімет

Географиялық орны
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында орналасқан.
Қалыптасуы
Іргетасы 1963 жылы теміржол салынуына байланысты қалана бастады. 1973 жылдан бері — аудан орталығы.
Атауы
Өңірде бес құдығы болған Намазұлы Бейнеу (1760–1830) есімімен аталады. Әкесі — Намаз, Атақозы батырдың інісі.
Көлік және байланыс
Теміржол және автомобиль жол қатынастары, телекоммуникация және байланыс торабы біркелкі дамыған.

Халық және әлеуметтік жағдай

  • Село халқы табиғи өсім мен көші-қон есебінен 6%-ға өскен.
  • Көрші шетелдерден бірнеше отбасы қоныс аударып, әлеуметтік көмек көрсетілген.
  • 2028 зейнеткер бар, оның бесеуі — ҰОС ардагерлері.
  • Ауған соғысы ардагерлері — 38 адам.

Өнеркәсіп және өндіріс

  • 2002–2003 жылдары ұлу тас өндіру карьерлері ашылып, жалпы саны 29-ға жеткен.
  • Теміржол, мұнай және газ тасымалдау мекемелері тұрақты жұмыс істейді.

Шағын және орта бизнес

  • ШОБ-пен 706 адам айналысады.
  • Халыққа қызмет көрсететін 43 дүкен бар.
  • 2009 жылы тәулігіне 5 тонна сүт өнімдерін шығаратын Бейнеу сүт зауыты ашылды (сұраныстың 76%-ын қамтуға бағытталған).
  • Тәулігіне 2 тонна ет дайындайтын мал сою пункті іске қосылып, 24 адам жұмыспен қамтылған.
  • Жылына 85 тонна өнім беретін 5 жылыжай алынған (көкөніс қажеттілігінің 13%-ын өтеуге бағытталған).
  • 90 мың тонна ұн және 30 мың тонна жем шығаратын цехы бар астық терминалы жұмыс істейді.

Коммуналдық шаруашылық

Сумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз ету қызметтерін жергілікті коммуналдық мекемелер атқарады, ал тазалық жұмыстарын тиісті сервистік ұйымдар жүргізеді.

Мәдениет және ақпарат

  • 1 кітапхана, 1 телестанция орталығы, 1 мәдениет үйі, 1 пошта, 2 байланыс үйі жұмыс істейді.
  • Көрермендер «Хабар», «Евразия», «Қазақстан-1», «Еларна» арналарын тамашалайды; 2011 жылдан бастап «Отау ТВ» қосылған.

Білім және денсаулық

  • 10 орта мектеп, өнер және спорт мектептері, гимназия, лицей, колледждер және балабақшалар бар.
  • Бейнеу гимназиясының жетістіктері аудан мен облыс намысын талай жарыста қорғап келеді.
  • Медициналық көмекті орталық аурухана, туберкулез ауруханасы, емхана және бөлімшелері көрсетеді; 2012 жылы туберкулез ауруханасы мен перзентхана пайдалануға берілген.

II. Ақыл-парасат

Бұл бөлімде оқушылардың білімі мен біліктілігі «Кім тапқыр?» ойыны арқылы сыналады: сұрақтарға жауап бере отырып, Бейнеу өңіріндегі киелі орындар мен қасиетті жерлерді анықтайды.

Сұрақтар

  1. 10Бейнеудегі қандай тарихи ескерткіштерді білесіңдер?
  2. 10Туған жеріңде өсетін қандай өсімдіктерді білесің?
  3. 10Үй жануарларынан төрт түліктің қай түрі өсіріледі?
  4. 20Жабайы жануарлардың қай түрі кездеседі?
  5. 20Бұл қандай киелі орын? (Бекет ата мешіті)
  6. 20Бейнеу ауданының әкімі кім?
  7. 30Бейнеу гимназиясы қашан құрылды?
  8. 30Гимназия директорының аты-жөнін білесің бе?
  9. 30Бейнеуде туып-өскен ақын, жазушы, мәдениет қайраткерлерін білесің бе?

Нақтылау және дерек

Өсімдіктер дүниесі

Үстіртте сексеуіл, жыңғыл, баялыш, қоранғыл, жантақ, адыраспан өседі.

Бекет ата мешіті

Сәулет өнерінің сұлулығы мен сымбаты айқын көрінетін, Бекет Атаның өз қолымен тұрғызған жер асты мешіті — өңірдің киелілік бедерін айшықтайтын құндылық.

Өңір жетістіктері

40 жыл ішінде аудан өндіріс, көлік және әлеуметтік салада ілгеріледі: мұнай-газ бағыттары дамып, астық терминалы жұмысын күшейтті, құрылыс материалдары өндірісі жанданды, жаңа теміржол бағыттарының әлеуеті артты.

Бейнеу топырағынан шыққан тұлғалар

Әли Балта палуан, Жылкелді, Тұрсын, Досат, Әділ, Шолтаман, Қайып және кейінгі буыннан Қаржаубай Жылқыбайұлы, Уәйіс Қайралапов секілді азаматтар — елге мақтаныш.

III. Сыр-сұхбат

Мұражаймен сұхбат

Домбаяқов Ахметжан Хадисұлынан өңірдің тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштері туралы әңгіме өрбиді: көшпенділер мәдениетінің көне іздері мен құндылықтары, қасиетті мекеннің рухани өзегі туралы тың деректер айтылады.

Ақынмен сұхбат

Айнахан Есеттен Бейнеудің тоғыз жолдың торабы ретіндегі орны, Сам құмы, Сыңғырлау мен Үстірттегі ақындар мен күйшілер дәстүрі жайында ой толғау тыңдалады. «Ел іші — өнер кеніші» деген сөздің өміршеңдігі осы сұхбатта айқындала түседі.

IV. «Мен … атындағы көшеде тұрамын»

Оқушылар өздері тұратын көшенің атауын анықтап, сол есім берілген тұлға туралы мәлімет жинап, қысқаша таныстырылым дайындайды. Бұл тапсырма туған өлкенің тарихи жадын күнделікті өмірмен байланыстырады.

V. Жыр шашу

Топтық шығармашылық

Әр топ «Берекелі Бейнеу» тақырыбына арнап өлең шығарады. Егер дайын шығарма болмаса, белгілі ақындардың Бейнеу туралы жырларын мәнерлеп оқиды.

Ойдың өзегі

Жыр — туған жердің болмысын сақтайтын аманат. Өлең арқылы өлкенің тарихы, табиғаты, адамдары және өнегесі айқын көрінеді.

VI. Сурет көрмесі

«Кешегі, бүгінгі және ертеңгі Бейнеу» тақырыбында оқушылар суреттерден коллаж жасап, өз жұмыстарын қорғайды. Бұл бөлім туған жерді уақытпен байланыстыра отырып, болашаққа жауапкершілік сезімін арттырады.

VII. Музыкалық бөлім

Күй

«Жастар биі» күйін Умашев Ерлан орындайды.

Ән

«Жаса, Қазақстан» әнін Тұралина Алтынай орындайды.

Би

Қазақ биін қыздар тобы ұсынады.

Еліңді сүй!

Еліңді сүй! Еліңді сүй! Сөзім шын,
Ел дегенде ет-бауырың езілсін.
Ел дегенде көкірегің сөгіліп,
Ел дегенде қамыңды ойла өзіңнің.

Ел дегенде асау жүрек ұрғылап,
Шыбын жаның тұрсын сенің шырқырап!
Туған Отан — абыз атаң тұғырың,
Ғазиз анаң — сарқылмайтын шым бұлақ.

Еліңді сүй, сүй еліңді, есті ұлан,
Қия көкке бастайсың сен, жас қыран.

Әр таңың арайланып атады екен,
Батқан күн бағын тілеп жатады екен.
Бейнеуім — береке мен ырыс қонған,
Әрқашан әнім болған атамекен.

«Бейнеу — бағым» әнін Арай ансамблінің жетекшісі, әнші, құрметті ата-ана Бакотбаев Тұралы орындайды.

VIII. Қорытынды

Қорытынды сөз

Қорытынды бөлімде сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Бекібай Маралға беріледі.

Тәуелсіз елім, тәуелсіз болсын жерім де,
Жарқырап ай, жұлдыз күлсін көгіңде.
Ысырап емес, береке дарып Бейнеуге,
Төрт түлік малың жайылып жүрсін төріңде.

Киелі Маңғыстау жайлы сыр шертуді 35 минутқа сыйғызу қиын. Абыл, Нұрым, Сүгірлерден бастау алатын жыраулық дәстүр мен 360 әулие мекені атанған қасиетті өлкені жырлауға бір күннің өзі аздық етер.