Қазақ тілінің төл дыбыстары нешеу

Мақсаты

  • Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой-өрісін кеңейту және озық ойлы оқушыны анықтау.
  • Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, білімге қызығушылығын арттыру.
  • Өз мүмкіндігін тиімді пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Ұран

«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар»

Ұран

«Оқу — білім азығы, білім — өмір азығы»

Сайыс бөлімдері

  1. 1-кезең
    «Жыр кейіпкерлері қонақта»
  2. 2-кезең
    «Бұл кім екенін білесің бе?»
  3. 3-кезең
    «Сөзстанға саяхат»
  4. 4-кезең
    «Полиглот»
  5. 5-кезең
    «Жас қалам»

Кіріспе сөз

Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие — тәлім табар мән.
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі, Кім жүйрік ойға — сол алда.

Осы ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!

Сайыскерлер

  • Шоңаев Асылан
  • Тұрақбаева Алина

1-кезең: «Жыр кейіпкерлері қонақта»

Ұпай: 10

Бұл бөлімде батырлық жырларға байланысты сұрақтар беріледі.

  1. Қобыланды дүниеге келгенде әкесі Тоқтарбайдың жасы нешеде?
  2. Бақан басында ілулі тұрған теңгені атып түсірген жас батыр Қобыландыны көріп, ғашық болған ханның қызы кім?
  3. Қобыландының пырағының аты кім?
  4. Ноғайлы жерін, Қырлы, Сырлы қалаларын Қызылбастан азат етуге аттанғанда, Қобыландының қасына ерген, қырық мың үйлі қияттан шыққан батыр кім?
  5. «Алпамыс батыр» жырындағы Байбөрі байдың асыранды баласының аты кім?
  6. Өзін шабуға келе жатқан Алпамысты түсінде көріп, шошып оянған қалмақ ханы кім?
  7. Қызы Гүлбаршынды «күйеу баласы» Алпамысқа жалғыз деп бергісі келмей, қашып кеткен бай кім?
  8. Жырда айтылатын Алпамыстың жеті жасар баласы кім?
  9. IV–VII ғасырларда тасқа қашап жазылған көне түркілік ерлік жыр-дастан қалай аталады?
  10. «Бүкіл түркі халқы үшін, түн ұйқымды төрт бөлдім, жанып-күйіп өрт болдым…» деп жырлаған түркі қағаны кім? (Күлтегін өлгенде жыр-жоқтау шығарып, басына ескерткіш қойған ағасы.)
  11. Маңғыстаулық жырау Мұрын Сеңгірбекұлының айтуымен бүгінге жеткен, бірнеше батыр ұрпақтарының ерлігін жырлайтын ұзақ циклды жырды ата.
  12. Қырғыз халқының батырлық эпосын кім айтады?

2-кезең: «Бұл кім екенін білесің бе?»

Ұпай: 10

Әдебиет марғасқалары мен ел ағаларына қатысты сұрақтар. Шарт: әр оқушыға бір сұрақ беріледі; ең аз ұпай жинаған 5 оқушы ойыннан шығады.

«Адамдық борышың — халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, ар сақта, оны біл. Талаптан да, білім мен өнер үйрен, білімсіз, өнерсіз болады ақын тұл…»

Жауабы

Шәкәрім Құдайбердіұлы — «Адамдық борышың»

«Қырық мысал» жинағына енген «Егіннің бастары», «Өгіз бен бақа», «Қара бұлт» мысал өлеңдерінің авторы, аудармашы, ақын, тіл білімінің атасы кім?

Жауабы

Ахмет Байтұрсынұлы

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын, халқымның өзі айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын.» Бұл кімнің, қай өлеңінен үзінді?

Жауабы

Мұқағали Мақатаев — «Қара өлең»

«Әкесі баласының атын кім қоям десе де өз еркінде емес пе… Бірақ ол өте жуас, қой аузынан шөп алмас момын бала болатын. Неге екенін сол баланың атын басты, әрі тентек кейіпкерге бергенді жөн көрдім.» Бұл кімнің сөзі?

Жауабы

Бердібек Соқпақбаев

«Абай жолы» романынан алынған «Ақын қонақтар», «Біржан сал Абай аулында» үзінді әңгімелердің авторы, академик-жазушы кім?

Жауабы

Мұхтар Әуезов

Бұл қаламгер «Амангелді», «Қазақ солдаты» пьесаларын, «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармаларын жазды. «Автобиографиялық әңгіме», «Жапон балладалары» очерктерінің авторы. Ұстазы — Бекет Өтетілеуов. Бұл қай жазушы?

Жауабы

Ғабит Мүсірепов

«Жүген-құрық тимеген, жасынан ноқта кимеген. Алты жасар асауды ұстап міндім далада… Қиырсыз дала…» Бұл кімнің өлеңі?

Жауабы

Сәкен Сейфуллин — «Далада»

«Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар…» Бұл кімнің қай өлеңінен алынған?

Жауабы

Мағжан Жұмабаев — «Мен кім?»

«Шығамын тірі болсам адам болып, жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып…» Бұл кімнің қай өлеңінен алынған?

Жауабы

Сұлтанмахмұт Торайғыров — «Шығамын тірі болсам адам болып»

«Кешегі елге қатер төнгенде, ол жауға қарсы шапты… Ел намысын қорғап қалды.» Кімнің қай өлеңінен?

Жауабы

Әбу Сәрсенбаев — «Сен құрметте оны»

Ескерту

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған 5 оқушы ойыннан шығады.

3-кезең: «Сөзстанға саяхат»

Шарт: әр ұяшықта үш тарауға байланысты сұрақтар берілген. Қатысушы таңдаған сұрақтың ұпайын иеленеді.

Фонетика

10

Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

Жауабы: 42 әріп.

20

Қазақ тілінің төл дыбыстары нешеу?

Жауабы: 9 (ғ, ң, ө, ұ, ү, һ, ә, қ, і).

30

«Білім» сөзін буынға бөл, буын түрлеріне ажырат.

Жауабы: бі-лім (ашық буын + бітеу буын).

40

«Я» әрпіне дыбыстық талдау жаса.

Жауабы: й + а (үнді дауыссыз + дауысты, жуан, ашық, езулік).

50

«Көп бала» тіркесіндегі ықпалдың қай түрі?

Жауабы: ілгерінді ықпал.

Лексика

10

Бірнеше сөзден тұрып, бір сұраққа жауап беретін, бір мағынаны білдіретін, бір сөйлем мүшесі болатын, құрамындағы сөздерді алмастыруға болмайтын сөздер тобы.

Жауабы: тұрақты тіркес.

20

«Қасқыр» сөзіне мәндес сөзді тап.

Жауабы: бөрі.

30

«Арыстан еді-ау Исатай!» — асты сызылған сөз қандай мағынада қолданылған?

Жауабы: батыл, өжет.

40

«Т» әрпінен басталатын қазақ тілі терминдерін ата.

Жауабы: тұйық етістік, тарихи сөз, табу, толықтауыш.

50

«Аран» сөзінің (көнерген сөз) мағынасы.

Жауабы: 1) Аң аулау үшін кең әрі терең етіп қазылған ор («Аранға аң түсті»). Ауыспалы мағынада: ауыз, көмей, құлқын. 2) Кірпіш пен істік темірден жасалған темір қоршау. 3) Көкнәр тұқымдас бір жылдық өсімдік.

Туынды сөздер: «арандау» — байқаусызда бір затқа ұрыну, бейнет шегу; «арандай» — далиған, кең.

Морфология

10

3-ші сөз табын ата.

Жауабы: сын есім.

20

«Кәсіби» сөзінің түбірі қайсы?

Жауабы: кәсіп.

30

Етістіктің түрлерін ата.

Жауабы: салт, сабақты; етіс түрлері: өздік, өзгелік, ортақ, ырықсыз; етістіктің тұлғалары: көсемше, есімше, тұйық етістік.

40

«Шақты, жуық, таяу…» сөздері арқылы жасалатын сан есім.

Жауабы: болжалдық сан есім.

50

«Биыл» үстеуі қалай жасалған?

Жауабы: «бұл жыл» тіркесінен ықшамдалып жасалған.

4-кезең: «Полиглот»

Қазақша · Орысша · Ағылшынша

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, бұл айналымда ана тілімізбен қатар орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдеріңіз сараланады.

1) Жұмбақ

Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ. Қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады.

Қар снег snow

2) Жұмбақ

Сөзі дана, үні жоқ, сөйлемейді тілі жоқ. Қолына алсаң — шешен, ақылы асқан — көсем.

Кітап книга book

3) Жұмбақ

Тар шеңберді айналып, тұр қазықта байланып. Қаға берер таңдайды, әдетінен танбайды.

Сағат часы clock

4) Жұмбақ

Ұшып-қонып тынбайды. Тасқа соқсаң сынбайды. Суға салсаң батпайды, түскен жерге жатпайды.

Доп мяч ball

5) Жұмбақ

Қаптап жүрген малым бар, қане, санап алыңдар. Түнде ғана жаямын, күндіз қамап қоямын.

Жұлдыз звезда star

6) Жұмбақ

Қалың әскер бағып жүр, сансыз найза тағып жүр.

Кірпі ёжик hedgehog

7) Жұмбақ

Қанатым бар — ұшпаймын, көл астында қыстаймын.

Балық рыба fish

8) Жұмбақ

Бойын жерге жасырған, бұрымы бар жасылдан.

Сәбіз морковь carrot

9) Жұмбақ

Сырты жасыл, қап-қатты, іші қызыл, тәп-тәтті.

Қарбыз арбуз watermelon

10) Жұмбақ

Тысыр шықса — тұрмайды, артқа мойын бұрмайды.

Қоян заяц rabbit

Ескерту

Бұл кезеңде ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.

Жанкүйерлерге сұрақ

  1. Бір жұрнақ арқылы жасалып, етіске ортақ болады. Ол қай етістік?
  2. «Орынбасар сөз» деп аталатын сөз табы.
  3. Өз құрамында 3 буын, 7 әріп бар. Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан 6 есе көп. (Ойлантатын тапсырма.)
  4. Фонетикадағы екі ұғым: бірі айтылады да естіледі, екіншісі жазылады да көрінеді.
  5. «Жеті» санымен шектелетін сан есім.
  6. «Қимыл есімі» деп аталатын етістік.
  7. «Еш» сөзінсіз жасалатын болымсыздық есімдік.
  8. Алғашқы үш сөз табының атауларына ортақ сөз.
  9. Жинақтық сан есіммен тұлғалас есімдік.
  10. Үш, жеті, тоғыз сандарына қатысты ырым-тыйым, салт-дәстүрді білесің бе?
  11. Шешеңнің апасының баласы саған кім болады?
  12. Жездеңнің балдызы саған кім болады?
  13. «Бір шымшым, бір қайнатым, бір асым, бір ұрттам, бір ауыз, бір жайым, бір шөкім» — (су, бұлт, тұз, өлең, қамыр, ет, шай) сөздерімен сәйкестендір.
  14. Бірінші буыны — дауысты езулік, екінші буыны — есімдік. Екеуін қосқанда, ол ағаш тым биік. (Тілдік жұмбақ.)
  15. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдік: есімдіктің қай түрі?
  16. Қар жана ма? (Жауабы: «Қалауымен тапса, қар жанады».)
  17. Бір қазанға сыймайтын қандай бастар? (Жауабы: «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды».)
  18. Тастың жеңілі бола ма? (Жауабы: «Керек тастың ауырлығы жоқ».)
  19. Тауық түс көре ме? (Жауабы: «Тауықтың түсіне тары кіреді».)
  20. Ер неше рет өледі, қорқақ неше рет өледі? (Жауабы: ер — бір рет, қорқақ — мың рет.)

5-кезең: «Жас қалам» (жыр-толғау)

Қатысушыларға түрлі түсті парақтар ұсынылады. Әр парақтағы бастапқы жолдарды жалғастырып, қысқа жыр-толғау құрастырады.

Қызыл парақ

… ғажап едің,
… жазар едім.

… қазақ елім.

Көк парақ

… баласын,
… данасың.

… анашым.

Сары парақ

… ер жеттім,
… тербеттің.

… сөйлеттің.

Мұғалім сөзі

Бойларыңда от бар екенін байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым.
Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
Біліміңмен шарықтай бер әрдайым.

Бүгінгі шара өз мәресіне жетті. Жеңімпазды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.