Мәтінді түсіне оқыту
Сабақтың мақсаты
1) Түсініп оқу
Мәтінді түсініп оқуға үйрету және буын туралы түсінік қалыптастыру.
2) Сауатты жазу
Жазу мәдениетін дамыту, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік
Тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көпір (сабаққа кіріспе ой)
Бүгін ұлттық бас киім түрі — тымақ туралы мәтінді оқимыз. Мәтін М. Дулатовтың «Тымақ» тақырыбына арналған. Сонымен бірге буын туралы білімімізді жалғастырамыз.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- «Шаттық шеңбері»: оқушылар бір-біріне мейірімді тілектер айтады.
- Топқа бөлу: оқушылар түстерді таңдап, төмендегі бағыттар бойынша топтасады: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар, жұп дауыстылар, жуан дауыстылар.
2) Үй тапсырмасын тексеру
- «Не деу керек?» өлеңін тізбектей оқыту.
- «Сәлем бере білейік» тақырыбында көрініс көрсету.
- «Буын деген не?» — ережені жатқа сұрау.
3) Білімді жан-жақты тексеру
Ойын: «Сыңарын тап»
Мұғалім буынның бірінші бөлігін айтады, оқушылар екінші бөлігін тауып жалғастырады: Ба- (ла), Ой- (на), Кі- (тап).
1-топ
- Дауысты дыбыстарды жазу.
- «Ұлттық» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
2-топ
- Дауыссыз дыбыстарды жазу.
- «Бас» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3-топ
- Сөздерден жұп дауыстыларды табу.
- «Киім» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
4-топ
- Жуан дауыстыларды атау.
- «Тымақ» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
4) Жаңа тақырыппен таныстыру
Ұлттық бас киім түрі — тымақ туралы мәтінді оқимыз. Мәтін авторы — М. Дулатов. Буын туралы білімімізді тереңдетеміз.
5) Жаңа білімді игеру
М. Дулатов туралы
Автор туралы қысқаша мәлімет беріліп, портреті көрсетіледі.
Мәтін (слайд арқылы)
Тымақ — ұлттық бас киім түрі. Оны түлкінің, қасқырдың иленген терісінен тігеді. Ол өте жылы болады. Әдемі болу үшін құйрығын да тастамай, тымақтың артқы ұшына тағып қояды. Тымақты балаға да, ересек адамға да арнап тігеді.
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- Оқушылар мәтінді тұтастай оқиды.
- Тізбектей оқыту ұйымдастырылады.
- Түсінгенін тексеру үшін сұрақ-жауап жүргізіледі.
Сұрақтар
- Балалар, мәтін ұнады ма?
- Баланың аты кім?
- Ол не істеді?
- Одан кейін не болды?
Дәптермен жұмыс
- Көркем жазу: күн ретін жазу.
-
60-жаттығу: сөздерді оқып, буынға бөлу.
апа көке ұя бала ана тәте шеше әке ата ою ию үю баба құда іні
6) Түсінгенді тексеру
АКТ арқылы флипчарттағы тапсырма орындатылады. Мысалы, сөздердің буындық үлгісін сәйкестендіру:
Апа көке ұя *.. **.. *..*
7) Қорытындылау
- «Бөрік» деген не?
- «Буын» дегеніміз не? Ережені еске түсіру.
- Бір буынды және екі буынды сөздермен жұмыс жасалды.
8) Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- 61-жаттығу: сөздерді буынға бөліп оқу.
- Бағандағы көрсетілген тиісті сөздердің астына жазу.
- Мәтінді түсініп, жүргізіп оқу; мазмұнын әңгімелеп айту.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы формативті және сумативті бағалау арқылы қорытындыланады.