Балықтың өкініш білдіретін шумағын тап

Сабақтың тақырыбы

«Сүт қалай ұйықтады?» (Оспанхан Әубәкіров)

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • О. Әубәкіровтің өлең-ертегісін түсініп оқуға баулу.
  • Өлең-ертегінің мәнін ашып, қорытынды ойды ұғындыру.
  • Өз ойын жүйелеп, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Оқу мен жазу арқылы сыни ойлау дағдыларын дамыту.
  • «Сүт ұйып қалды», «сүт іріп қалды», «айран ашыды», «айран көпірді» сияқты тіркестерді қолдана отырып, байланыстыра сөйлеуді жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Ұлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын және жасалу жолдарын таныту.
  • Асты қадірлеуге, дұрыс тамақтану мәдениетіне тәрбиелеу.
  • Жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге баулу.

Сабақтың сипаттамасы

Түрі

Жаңа білім беру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Топтастыру
  • Венн диаграммасы
  • Көрнекілікпен жұмыс

Көрнекіліктер

О. Әубәкіровтің портреті Сөзжұмбақ Тыйым сөздер Суреттер

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық.
  • Күлкі терапиясы.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар:

  1. Ш. Смаханұлы кім? Қай шығармасымен таныстық?
  2. Мысал жанрының басқа көркем шығармадан айырмашылығы қандай?
  3. Мысалды неге «Тәкаппар» деп атауға болады?

Топқа бөлу:

  • 1-топ: Балықтың мақтануы.
  • 2-топ: Балықтың құрлыққа тап болуы.
  • 3-топ: Өкініш.

Тапсырма: Балықтың өкінішін білдіретін шумақты оқулықтан тауып оқыңдар.

Ой толғаныс (қысқаша талдау):

Не?
Балық.
Қандай?
Мақтаншақ, тәкаппар.
Нені?
Теңізін жамандады.
Не істейді?
Өкінеді.

Қорытынды сұрақ: Мақтаншақтық — қандай әдет?

3) Негізгі бөлім: жаңа сабақ

Ассоциация әдісі

Тақырыпты ашу үшін «жаман әдет» ұғымына ассоциация құрастырылады.

Ой қозғау (жұптық жұмыс)

Жаман әдеттердің бірі — ұйқышылдық. Неліктен?

«Ұйқы деген дұшпан бар —

Тұла бойды талдырар,

Жолдан да, істен де қалдырар»

Мақалды талдау арқылы ой түю.

Әдеп ережесі: Біреуге қарап есіней қалсаң, аузыңды қолыңмен қалқала.

Бүгінгі сабақта осы кереғар қасиет төңірегінде сөз қозғалады. «Сүт қалай ұйықтады?» — өлең түрінде жазылған ертегі.

Автор туралы

Оспанхан Әубәкіров — сықақшы ақын. Ол шығармаларында қоғамға жат қылықтарды өлеңмен, өткір тілмен сынаған. 1934 жылғы 4 мамырда Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген, 1986 жылы дүниеден өткен.