Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақ тақырыбы
«Үшін, туралы, дейін (шейін)» шылаулары. (4-сынып оқулығы бойынша)
Жалпы мақсат
- Шылау туралы түсінікті бекіту; үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларының қызметі мен жазылуын түсіндіру.
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін байқату және дамыту.
- Ізденімпаздыққа және өз бетінше жұмыс істеуге баулу.
Міндеттер
- Тақырыптың түсіну деңгейін анықтау.
- Өзара оқыту арқылы білімді меңгертуді күшейту және сыни ойлауды іске қосу.
- Жаңа сабақ бойынша ой түйіндету.
Нәтижелер (мұғалім үшін)
- Оқушылардың бірін-бірі оқыту арқылы тақырыпты меңгеруі.
- Мұғалімнің оқу үдерісін жүйелі бағыттап отыруы.
- Өзін-өзі және өзара бағалау дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
Сабақтың негізгі идеялары
Оқушының өмірлік тәжірибесіне, бұрынғы біліміне сүйену арқылы жаңа материалды түсінуді жеңілдету.
Жаңа теориялық ақпаратты меңгерту арқылы ойлау дағдыларын, тілдік талдау тәсілдерін жүйелі дамыту.
Сабақ құрылымы: кезеңдер мен әрекеттер
Сабақтың барысы оқушылардың қызығушылығын оятудан басталып, мағынаны тану кезеңінде тапсырмалар арқылы тереңдетіліп, соңында рефлексия және бағалаумен қорытындыланады.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды жұмысқа бағыттау, ой қозғау сұрақтары.
Сыни ойлауға арналған сұрақтар
- Сабақтың маңыздылығы неде?
- Оқушылар не алады және бұрынғы білімін қалай қолданады?
- Өмірлік тәжірибенің әсері қандай?
- Бұл білімнің болашақта қандай пайдасы бар?
Топқа бөлу
Ойын тәсілімен бірнеше рет әртүрлі сандар айтылып, оқушылар сол сандар арқылы топтарға біріктіріледі.
Нәтиже:
Еркін ойлау, өздігінен іздену және бірлескен жұмысқа табиғи жағдай жасалады.
I. Қызығушылықты ояту
Суретпен жұмыс
Мұғалім тақтаға суреттер іліп, оқушылардан салыстыру арқылы ой айтуын сұрайды. Айтылған жауаптардың маңызды белгілері тақтаға тірек сөздер ретінде жазылады.
Жұмбақ шешу
Белгілері бойынша нысанды анықтап, суретін салу тапсырмасы беріледі.
Үш көзінде жалын – от,
Ал бірақ та жаны жоқ.
Кезектесіп ашылар,
Кезектесіп жұмылар.
Жауабы: бағдаршам
Өзі алып кемедей,
Дауылдан ықпайды.
Су шашып, телегей,
Мұхиттан шықпайды.
Жауабы: кит
Тілдік талдау арқылы ережеге келу
Жазылған сөйлемдерді талдап, шылаулардың қызметін байқату арқылы оқушыларға ережені өздері қорытындылауға мүмкіндік беріледі.
Асан есік алдында тұрма?
Асан, далада көп тұрма.
Сыныптағы кезекші Құралай ма, Нұрбол ма?
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылаулардың астын сызу.
2-жаттығу (ауызша талдау)
- Мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіре оқу.
- Өлеңде не туралы айтылғанын анықтау.
- Шылауларды тауып, тыныс белгілеріне және сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын түсіндіру.
Мағынаны ажырату кезеңінің ұйымдастырылуы
- Оқушыларды белсенді қатыстыру және жүйелі стратегиялар қолдану (сұрақ қою, талдау, баяндау, пікірталас).
- Бірлескен жұмыс пен қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыру.
- Оқулықтан тыс дереккөздерге бағдар беру және қызығушылықты сақтау.
- Ақпаратты жүйелеуге, білімді пайдалы қолдануға үйрету.
II. Мағынаны тану
Ой қозғау: деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
Төмендегі сөйлемдерді жазып, шылауларды тап. Тыныс белгілеріне назар аудар.
- Ыстықта мал да жайыла алмады.
- Ауылға барғанда суға түстің бе?
- Жандосқа бұл жөнінде айтылды ма?
II деңгей
үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларын қатыстырып сөйлем құрап жаз.
III деңгей
үшін, туралы, дейін (шейін) шылаулары бар жаңылтпаш ойлап, құрастыр.
III. Ой қорытынды (рефлексия)
Бұл кезеңде оқушылар үйренгенін бекітеді, жаңа білімді қолданады, өз түсінігін тексеріп, қорытынды жасайды.
Үлестірмелі карточка 1
Сөйлемді жазып, сөз таптарына талда:
Айнұр, мені көп күттің бе?
Үлестірмелі карточка 2
Сөйлемдегі сөздерге дыбыстық талдау жаса:
Әсел бүгін қалаға бара ма?
Үлестірмелі карточка 3
Сөйлем мүшесіне талда:
Асқардың әкесі баласы үшін велосипед сатып әкелді.
Бағалау
Бағалау түрлері
- Өзін-өзі бағалау.
- Топтық өзін-өзі бағалау.
- Мұғалімнің бағалауы.
- Критерий арқылы бағалау.
Венн диаграммасы
ма(ме), па(пе), ба(бе) сұраулық шылауларын үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларымен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын диаграммаға түсіру.
Үй тапсырмасы
5-жаттығу.
Сабақты аяқтау
- Ортақ пікірге келу.
- Өз пікірін дәлелдеу.
- Үйде жалғастырып, пысықтау.