Айнала аппақ қар, Жапалақтап қар жауар

Құрастырушы туралы

Жинақтаған: Полатова Айгүл Жамантаевна — бастауыш сынып мұғалімі. ОҚО, Мақтаарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі.

Жинақ жайлы

«Ғылымның сырын ұғына, Шығамыз білім шыңына»

Оқушылардың тырнақалды өлеңдеріне көз жүгірте отырып, қазақ поэзиясының құлагері І. Жансүгіров, қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз М. Мақатаев сынды жыр маржандарын төккен алыптардай, болашақта қазақ поэзиясының көшін ілгері бастайтын ақындар қатарынан көрінеріне сенім арттым.

Ұсынылып отырған «Ғылымның сырын ұғына, Шығамыз білім шыңына» атты өлеңдер жинағы бастауыш сынып оқушыларының өз шығармаларынан құрастырылды. (Суреттері тақырыпқа сай іріктеліп берілген.)

Бұл құралдың тәрбиелік мәні

  • Әдептілікке баулиды
  • Мейірімділікке тәрбиелейді
  • Тазалыққа үйретеді
  • Адамгершілік құндылықтарын сіңіреді
  • Елін, жерін сүюге үндейді

Оқушы шығармалары

Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектептің оқушысы: Пірназарова Дана Камалқызы

Ұстаз

Ұстаз деген, ұстаз деген — даналардың данасы.

Ұстаз деген, ұстаз деген — бабалардың бабасы.

Ұстаз деген, ұстаз деген — балалардың анасы.

Қыс

Алақай! Қыс келді!

Қыс келді де, қар келді.

Айнала аппақ қар,

Жапалақтап қар жауар.

Ана

Мәпелеген анамыз,

Бізді аялап өсірген.

Мейірімді анамыз,

Мейірімге үйреткен.

Әлемдегі ақылды адам,

Бәрінен де жақын маған.

Еркелетіп күнде бізді,

«Құлыншағым, айым», — дейді.

Көрмесек анамызды,

Сағынып, сарғаямыз.

Анамыз келген кезде,

Құшақтап табысамыз.

Мауқымызды басқан соң,

Еркелеуді бастаймыз.

Маңдайымыздан иіскеп бізді,

Қасынан біз қашпаймыз.

Күз

Қарбыз пісті егісте,

Қауын жатыр тегісте.

Қып-қызыл боп шиесі,

Бәрін тасып иесі.

Көктем

Құлпырған даласы,

Жасарған анасы.

Дала қандай керемет!

Айнала толған береке.

Қыс

Қыс та келіп қалыпты,

Қолына қар алыпты.

Қыс қызықты болыпты,

Гүлдің бәрі солыпты.

Жаз

Жаз да міне келіпті,

Ел де мұны елепті.

Жаздың ыстық күні,

Құстардың сайраған үні.

Әңгіме: «Ғажайып кілем»

Ертеде бір шал өмір сүріпті. Оның үш ұлы болыпты. Шал дүние салғалы жатып, балаларына мұра ретінде бір ғажайып кілем қалдырмақ болады. Сөйтіп, олардың қайсысы ақылды екенін байқамақ болып, үлкен ұлына сұрақ қояды:

— Ұлым, екеумізді қарақшылар ұрлап алып кетті делік. Қарақшы саған бір шарт қояды: әкеңді өлтірсем — сен аман қаласың, сені өлтірсем — әкең аман қалады. Сонда сен не істер едің?

Үлкен ұлы:

— Әке, қартайдыңыз, әліңіз қалмады, қалжырадыңыз. Төріңізден көріңіз жақын. Бәрібір ертелі-кеш өлесіз ғой. Өзімді аман сақтап қалар едім, — дейді.

Әкесі ашуланып, сол сұрақты екінші ұлына қояды. Екінші ұлы да үлкен ұлындай жауап береді. Әкесі түңіліп, сол сұрақты үшінші ұлына қояды.

Сонда үшінші ұлы:

— Әке, сіз бізді еш баладан кем қылмай бағып-қағып өсірдіңіз. Еркелігімізді де көтердіңіз. Енді біз сізге қарызбыз. Өзім өлсем — өлейін, бірақ әкем тірі қалсын дер едім, — дейді.

Әкесі кенже ұлына қатты разы болып, көңілі босап, ғажайып кілемді мұра етіп соған қалдырыпты. Кенже ұл ғажайып кілеммен бүкіл жер шарын аралап, құс сияқты қалықтап, бақытты өмір сүріпті.