Өскемен қаласымен телекөпір орнату

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Бұл сабақтың мақсаты — оқушылардың Семей және Өскемен қалалары туралы білімін тереңдету.

Білімділік

Күрделі сөздерді пысықтау.

Дамытушылық

Тілін, зейінін, ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Презентация
  • Топтық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар

Әдіс

Топтық жұмыс.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бастау
  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
  • Бірлік туралы бейнежазба көрсету.
  • Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
  • Оқушыларды 3 топқа бөліп, тақырып бойынша тапсырмаларды орындау және өнімдерін қорғау.

II. Жаңа сабақ

Өнім дайындау Грамматика Телекөпір

1-тапсырма: 3 бағыт бойынша өнім дайындау

Дайындау: 5 мин Қорғау: 2 мин

1-топ: Қаланың тарихы

Мақсаты — хронологиялық кесте толтыру.

Жыл Оқиға
1718 Семей қаласының іргетасы қаланды; Петр I тапсырмасымен Ертісті бойлай келген әскер қонысты «Семьпалат» деп атады (тастан қаланған жеті сарайға байланысты).
1600 жж. шамасы Дерек бойынша «Жеті шатыр» сол кезеңде тұрғызылған.
1782 Уездік қала атанды; бекініс ішінде шіркеулер, казармалар, әскери мекемелер және тоғыз мешіт болғаны айтылады.
1783 Қала «Семей» деп атала бастады.
Қала гербі Көкшіл қалқанда алтын жүк артылған алтын түйе, үстіңгі бөлігінде алтын тәж бейнеленген.
1941 Облыс аумағында 238 және 8 атқыштар дивизиялары құрылды.
2000 Қалада жаңа көпір салынды.
2007 Қала атауы «Семей» деп бекітілді (өзгертілді).

2-топ: Ұлылар мекені

Мақсаты — буклет әзірлеу.

Бұл өңір — халқымыздың үш кемеңгері дүниеге келген қасиетті мекен: Абай, Шәкәрім, Мұхтар. Абай — дана ақын әрі философ. Абайды әлемге танытқан ұлы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор; Абайға замандас, әрі інісі, әрі ізбасары. Осындай үш алыптың бір өңірде дүниеге келуі — сирек құбылыс.

Бұл аймақта бұлардан бұрын да елге танымал тұлғалар өмір сүрген: Өскенбай, Құнанбай секілді даңқты билер болғаны айтылады. Ертіс пен Шыңғыстың топырағы олардың бойына даналық дарытқан.

Әміре Қашаубаев

Әміре Қашаубаев (1888–1934) — атақты әнші, актер әрі музыкант. Парижде өткен Бүкілдүниежүзілік сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан» және өзге де әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алған.

Ұлылар дәстүрін әйгілі актриса, Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақова, қазақ әншісі Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева жалғастырды.

3-топ: Бүгінгі Семей

Мақсаты — оқулық мәтіні бойынша Семейге саяхатқа шақыратын жарнама дайындау.

Нәтиже

  • Қаланың ерекшеліктерін қысқа әрі әсерлі ұсыну.
  • Маршрут/ұсыныс және шақыру мәтінін құрастыру.
  • Топ алдында қорғау.

2-тапсырма: Грамматикалық жұмыс

5 мин Қорғау: 2 мин

Оқушылар бейнероликті көріп, топпен жұмыс істеп, сөздерді теріп жазады.

1-топ: Біріккен сөздер

  • Сарыарқа
  • Тайқазан
  • Айдана
  • Гауһартас

2-топ: Қысқарған сөздер

  • СММУ
  • СМУ
  • КазМЗУ

3-топ: Тіркескен сөздер

  • Семей қаласы
  • Неке сарайы
  • Ертіс өзені
  • Қарағай орманы

Қосымша жұмыс

Қос сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастыру.

Сергіту сәті

«Атамекен» әнін тыңдау.

3-тапсырма: Өскемен қаласымен телекөпір

5 мин Қорғау: 2 мин
  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
  • Сұрақтарға жауап беру.
  • Топтық талқылау нәтижесін қорғау.

III. Бекіту

«Мен — Семей қаласының азаматымын» тақырыбы бойынша эссе жазу.

5 мин

IV. Қорытынды

  • Бағалау.
  • Ой түю, кері байланыс.

V. Үй тапсырмасы

Өскемен қаласы туралы толық мәлімет дайындау.