Гимнастикалық скамейкадан секіру
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру саласы
Денсаулық
Оқу іс-әрекет түрі
Дене шынықтыру
Тақырыбы
Гимнастика
Мақсаты
- Гимнастикалық қабырғаға өрмелеп шығуды үйрету.
- Шашыраңқы жүріп және жүгіруді жаттықтыру.
- Күш, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту.
Қолданылатын құрал-жабдықтар
Гимнастикалық төсеніш
Гимнастикалық скамейка
Гимнастикалық қабырға
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
Шеңбер бойымен жүру және қолға арналған жаттығулар:
- Қолды алға, жан-жаққа, белге, иыққа қоя отырып жүру.
- Шынтақты әр жаққа 5 реттен айналдыру.
- Қол жоғарыда: аяқтың ұшымен көтеріліп «күнге созыламыз», өкшемен жүру «балапандар».
- «Балапандар өсті»: қораздар тәрізді тізені жоғары көтеріп жүру.
Жүру және дем алу жаттығулары орындалады. Кейін балалар 3 сап құрып тұрады.
Ұйымдастырушы-ізденуші кезең
1) Басқа арналған жаттығулар
- Алға еңкею
- Бастапқы қалыпқа келу
- Артқа ию
- Бастапқы қалыпқа келу
Қайталау: 2 рет.
2) Иыққа арналған жаттығулар
- Оң иықты көтеру
- Бастапқы қалып
- Сол иықты көтеру
- Бастапқы қалыпқа келу
Қайталау: 2 рет.
3) Қолға арналған жаттығулар
- Қолды алға созу
- Жоғары созу
- Жанға созу
- Бастапқы қалыпқа келу
Қайталау: 2 рет.
4) Белге арналған жаттығулар
- Оңға иілу
- Бастапқы қалыпқа келу
- Солға иілу
- Бастапқы қалыпқа келу
5) Аяққа арналған жаттығулар
- Аяқты қосу
- Тізені бүгу
- Бастапқы қалыпқа келу
Негізгі қимылдар
- 1. Гимнастикалық скамейкадан секіру.
- 2. Гимнастикалық төсеніште алға домалау.
- 3. Гимнастикалық қабырғаға мініп-түсу.
Жаттығуларды балаларға орындату.
Қимылды ойын: «Балапандар»
Ойыншылар үш топқа бөлінеді. Әр топта отырған тауық және оның балапандары болады.
Алдын ала таңдалған үш лашын балапандарға алақанымен тигізуге тырысады. Тигізілген балапан ойыннан шығарылады.
Отырған тауық өз балапандарын қорғайды. Егер шабуыл кезінде тауықтың қолы лашынға тисе, лашын ойыннан шығады.
Рефлексивті-коррекциялаушы кезең
- Сап түзеп, бір-бірден жүру.
- Дем алу жаттығулары.
- Нүктелі массаж.
Қорытынды сұрақтар:
- Сендерге не ұнады?
- Не қиын болды?