Македония жерінде өмір сүрген тайпаларды ата

ШҚО, Көкпекті ауданы • Көкжыра ауылы • «Амангелді орта мектебі» КММ

Тарих пәні мұғалімі: Бибосынова Алтынгүл Елтайқызы

Пән

Ежелгі дүние тарихы (6-сынып)

Тақырып

Республика дәуіріндегі Рим

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ежелгі Римде республикалық құрылыс орнауының тарихи алғышарттары мен маңызын, соғыстардың сипаты, себептері мен нәтижелерін, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік топтар мен олардың тұрмыс-тіршілігі және мәртебесін ғылыми тұрғыда түсіндіру.

Дамытушылық

Рим Республикасының әлеуметтік-саяси құрылымындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды талдап, әлеуметтік топтар арасындағы ерекшеліктерді өзге мемлекеттермен салыстыра отырып ажырата білу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Республикалық басқару формасы мен халық билігінің мәнін ашу арқылы оқушыларды әділеттілікке, азаматтық жауапкершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Көрнекіліктер

  • Ежелгі Рим картасы
  • Оқулықтағы иллюстрациялар
  • Тірек сызбалар

Қосымша материалдар

  • Ежелгі дүние тарихы, ІІ бөлім. Алматы, 1978.
  • Корабаев И.П. Ганнибал. Мәскеу, 1976.
  • Ботвинников М.Н., Рабинович М.Б., Страносский Г. Жизнеописание знаменитых греков и римлян. Мәскеу, 1987.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу
  • Оқушыларды түгендеу
  • Назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау

(жазбаша, жекелей, тест тапсырмасы арқылы)

Тест сұрақтары

  1. I. Ежелгі Македония қай жерде орналасқан?

    • а) Вавилонда
    • б) Римде
    • в) Балқан түбегінде
  2. II. Македония жерінде өмір сүрген тайпаларды ата.

    • а) гректер
    • б) фракийліктер
    • в) парсылар
  3. III. Македонияның алғашқы ірі мемлекет қайраткері:

    • а) Дарий
    • б) Перикл
    • в) II Филипп
  4. IV. Македондықтардың әскери сап жүйесі қалай аталды?

    • а) фаланга
    • б) триба
    • в) курия
  5. V. II Филипптің маңызды істерінің бірі — ақша реформасы қай жылы жүзеге асты?

    • а) б.з.б. 382 ж.
    • б) б.з.б. 356 ж.
    • в) б.з.б. 334 ж.
  6. VI. Грек-македон әскерлері қай жылы Кіші Азия жеріне енді?

    • а) б.з.б. 382 ж.
    • б) б.з.б. 356 ж.
    • в) б.з.б. 334 ж.
  7. VII. Б.з.б. 333 жылы парсылар мен македондықтар арасындағы шайқас қай жерде болды?

    • а) Исса қаласының түбінде
    • б) Граник өзенінің жағасында
    • в) Гавгамелы елді мекені түбінде
  8. VIII. Александр Македонский Египетке қай жылы жорыққа шықты?

    • а) б.з.б. 382 ж.
    • б) б.з.б. 356 ж.
    • в) б.з.б. 332 ж.
  9. IX. Александр Македонский қай жылы Үндістанның солтүстік бөлігін жаулап алды?

    • а) б.з.б. 382 ж.
    • б) б.з.б. 328 ж.
    • в) б.з.б. 332 ж.
  10. X. Б.з.б. 325 жылы Александр Македонский қай қаланы астана деп жариялады?

    • а) Вавилон
    • б) Александрия
    • в) Библ

Дұрыс жауаптары

1-в, 2-б, 3-в, 4-а, 5-б, 6-в, 7-а, 8-в, 9-б, 10-а

III. Тексеру және қорытындылау

Үй тапсырмасы дұрыс жауап парағы арқылы тексеріліп, нәтижелері бойынша қысқаша қорытынды жасалады.

IV. Жаңа сабақ

Жоспар 1

Рим Республикасындағы басқару ұйымдары

Жоспар 2

Римнің жаулаушылық соғыстары

Жоспар 3

Қоғамдық-әлеуметтік топтар