Табиғатты бейнелеу

Сабақтың тақырыбы: «Бояулар сыры»

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың алған білімін және шығармашылық дағдыларын ортаға салу арқылы танымдық қабілеттерін арттыру, сезімталдығын ояту және өнерге қызығушылығын күшейту.

Ұйымдастыру форматы

«Бояулар сыры» — жылдам ойлау, қиялды ұштау және көркемдік талғамды дамытуға бағытталған сайыс-ойын.

Кіріспе сөз

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз «Бояулар сыры» атты сайыс-ойынды өткізгелі отырмыз. Бұл шара сендерді жылдам сурет салуға, ой-қиялды дамытуға, танымдық қабілетті арттыруға және әсемдікті көре білуге баулиды.

Сурет салу өнерің сай келе ме талапқа?
Ойымызды айтайық, білімімізді байқайық.
Мына отырған ұстаздар қалсын бір сәт марқайып, — деп сайысымызды бастаймыз.

Сайыс жоспары

  1. I. Таныстыру

    Командалық кезең
    • Топпен таныстыру;
    • Төсбелгімен таныстыру.

    I топ

    «Жүйріктер»

    II топ

    «Қырандар»

  2. II. Аппликациялық сурет

    Техника

    Түрлі түсті қағаздан гүлді аппликация әдісімен жабыстыру.

  3. III. Жұмбақ шешу

    Ой сергіту

    Топтама 1

    1. 1. Жаны жоқ болса да, ақылды адамның ісін істейді. (Кітап)
    2. 2. Ат міндім қарам, аяң қоздақтатып, жүргенде жол салады табандатып. (Қалам)
    3. 3. Ымырт түссе шығамын, таң атқанда батамын. Көк теңізде шашылып, көзімді ілмей жатамын. (Жұлдыздар)
    4. 4. Жер астында жездемнің қамшысы жатыр. (Жылан)
    5. 5. Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың, бұл үйден көрген болып шығасың. (Мектеп)

    Топтама 2

    1. 1. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)
    2. 2. Тырс-тырс етіп тамады, сайға қарай ағады. (Жаңбыр)
    3. 3. Ағайынды бәрі: шықса жасыл, түссе сары. (Жапырақ)
    4. 4. Жаңбыр жауып басылды, аспан шайдай ашылды. Қызыл, сары, жасылды — көкте бір зат ашылды. (Кемпірқосақ)
    5. 5. Шым-шытыр, шидай қотыр. (Жұлдыздар)
  4. IV. Жылдам құрастыр

    Логика

    Суреттің түрі көп, шежіресі, мәні бар.
    Ойлай білсең дұрыстап, біз білмейтін сыры көп.

    • Қиылған сурет қиындыларын құрастыру;
    • Мақал-мәтелдің жалғасын табу;
    • Сурет туралы не білетініңді айту.
  5. V. Эстафеталық жарыс

    Команда

    I топ

    Қоянның суретін бейнелейді.

    II топ

    Пілдің суретін бейнелейді.

  6. VI. Бояумен сурет салу

    Түс

    Негізгі түстерді пайдаланып, талдың суретін салу.

  7. VII. Суреттің атын және авторын тап

    Талдау

    Сурет — тарих, сурет — ғалам,
    Салар оны тек қана мінсіз қалам...
    Сурет — ару, сурет — тылсым,
    Таңырқаймын, ойланам үнсіз қалам...

    Берілген суретке қарап, оның атауын және авторын айту.

  8. VIII. Сұрақтарға жауап беру

    Білім тексеру

    Сұрақтар (1-топтама)

    1. 1. Кітаптың мазмұнын ашатын сурет.
    2. 2. Жануарларды суреттейтін жанр.
    3. 3. «Өлі табиғат» ұғымын білдіретін жанр.
    4. 4. Адамның кеудеден жоғары бөлігі.
    5. 5. Суретшінің бояу араластыратын тақтайшасы.
    6. 6. Ақ-қара штрихтармен салынған сурет.
    7. 7. Табиғатты бейнелеу.
    8. 8. Қыстың сәні.
    9. 9. Кескіндеменің әсерлегіш құралы.
    10. 10. Ағаштан бұйым жасайтын адам.

    Сұрақтар (2-топтама)

    1. 1. Адам келбетін бейнелейтін жанр.
    2. 2. Үйлестіру, орналастыру.
    3. 3. Қалам, тушьпен бейнелейтін өнер.
    4. 4. Аспан мен жердің қиылысқан сызығы.
    5. 5. Су әлемін бейнелейтін жанр.
    6. 6. Зергерлік бұйымдар бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?
    7. 7. Суда еритін мөлдір бояу.
    8. 8. Заттың ең жарық жері.
    9. 9. Қағазбен жапсыру арқылы орындалған шығарма.
    10. 10. Негізгі түстер.

Қорытынды

«Бояулар сыры» сайысына 5–6–7-сыныптар арасынан өнерлі, шебер суретші оқушылар қатысып, өз білімін және шығармашылық шеберлігін ортаға салды. «Шебер көп жерде — өнер көп» демекші, қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін әділқазылар алқасына сөз береміз.