Ұян дауыссыздарды ата
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты
- Сөйлем туралы түсінікті нығайту.
- Оқу әрекеті арқылы теориялық ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту.
- Сауатты әрі көркем жазуға баулу.
Қамтамасыз ету
- Көрнекілігі
- Тірек сызба, жеке суреттер, тест, белгі.
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, музыка.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың құралдарын түгендеп, назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау (тексеру)
«Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызым мәңгі сені,
Болашағым, бақытым — дара тілім»,
— дегендей, бүгінгі қазақ тілі сабағы ерекше өтпек. Өйткені сабағымызға ұстаздар қатысып отыр. Сондықтан әрқайсысымыз белсенді болып, білімімізді көрсетуге атсалысайық.
Сұрақ-жауап
Үйге қандай тапсырма берілді?
Қайталау.
Жаңа сабаққа кіріспес бұрын өтілген материалдарды қайталап алайық.
Қайталау сұрақтары
- Барлық дыбыстар айтылуына қарай нешеге бөлінеді? (2-ге)
- Дауысты дыбыстар дыбысталуына байланысты нешеге бөлінеді? (2-ге)
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3-ке)
- Ұяң дауыссыздарды ата.
- Үнді дауыссыздарды ата.
- Қатаң дауыссыздарды ата.
- Зат есім дегеніміз не?
- Сан есім дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Буын үндестігі дегеніміз не?
- Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
- Мәтін дегеніміз не? (Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.)
III. Жаңа сабақ: «Сөйлем»
«Сөйлем» туралы не білеміз? Ой қозғау және топтастыру жұмысы арқылы оқушылар сөйлемнің негізгі белгілерін атайды.
-
Құрамы
Сөйлем сөздерден құралады, сөздер өзара байланыста болады.
-
Жазылуы
Сөйлем бас әріптен басталады.
-
Мағынасы
Белгілі, тиянақты ойды білдіреді.
-
Айтылу мақсаты
Айтылу мақсатына қарай 3 түрге бөлінеді.
Хабарлы Сұраулы Лепті -
Құрылысына қарай
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Жазылым
- Күннің жадын және тақырыпты жазу.
- Көркем жазу: Қ қ
Жаттығу жұмыстары
Сөйлем туралы білімді тереңдету мақсатында оқулықпен жұмыс жүргізіледі.
137-жаттығу
Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шешуі: «бұлт». Мәтін 2 сөйлемнен тұрады, әр сөйлемде 4 сөз бар. Айтылу түрі — хабарлы сөйлем.
138-жаттығу
- Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқу.
- Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін анықтау.
- Қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазу.
- Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіру.
- Рөлге бөліп оқып, талдау.
Талқылау сұрағы
Аю қандай аң?
Талқылау сұрағы
Еліктің лағын қалай атайды?
Талқылау сұрағы
Арыстан туралы не білесің?
140-жаттығу
Лепті сөйлемдерді көшіріп жазу және айтылу ерекшелігін байқау.
Ой, азаматым!
Мынау бір өнерлі бала ғой!
Қатырып оқиды екен!
Тамаша оқиды екен!
Ой, көп жаса!
Бір жасың мың болсын!
Кәне, енді «Қобыландыны» оқы!
Қосымша сұрақ
Біз ана тілі сабағында қандай жырлармен таныстық? Ер Тарғын, «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат», «Алпамыс батыр» және т.б.
141-жаттығу
Жатқа жазу. Сұраулық мағына беріп тұрған сөздердің астын сызу.
Не көрдің, қара ат, не көрдің? Бектер құрған шатыр ма? Алдыңда жолбарыс жатыр ма? Келгендер бізден батыр ма?