Кім алғыр

Сабақтың тақырыбы: «Г» дыбысы мен әрпі

Бұл сабақ ойын форматына құрылған: көрнекілік, әңгімелесу, ой қозғау, топтастыру және ойын әдістері арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, «Г» дыбысы мен әрпін меңгертуге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды «Г» дыбысы мен әрпімен таныстыру.
  • «Г» дыбысы бар сөздерді оқыту және жаздыру.

Дамытушылық

  • Ойлау қабілетін және дүниетанымды кеңейту.
  • Шығармашылық жұмыс арқылы сөздік қор мен тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

  • Пәнге қызығушылықты арттыру.
  • Ұқыптылыққа, сауатты жазуға және мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақ түрі

Ойын сабағы.

Пәнаралық байланыс

Музыка, дүниетану.

Көрнекіліктер

Заттық суреттер, гүлдер, «Г» дыбысына арналған түймедақ-гүл сызбасы, мультфильм кейіпкерлері, буындар, суретті диктант, «Г» әрпінің жазылу үлгісі, кубиктер, қорапша, үлестірмелі гүлдер.

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, назарын сабаққа аударамын. Бүгінгі сабаққа мультфильм кейіпкерлері қонаққа келіп, өздерімен бірге тапсырмалар әкелгенін хабарлаймын.

Шақыру өлеңі

Кел, балалар, келіңдер,

Мультфильмді көріңдер.

Бізде қызық ойын бар,

Бізде қызық жұмбақ бар,

Бәрің, қане, тыңдап қал!

Үй тапсырмасы — Чип

Ой қозғау (сұрақ–жауап):

  • «Ү» дыбысы қандай дыбыс?
  • «Ү» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Үй тапсырмасы — Дейл

«Кім алғыр? Кім кінәлі?» өлеңін 1–3 оқушы жатқа айтады, кейін хормен қайталайды.

Үй тапсырмасы — Микки Маус

«Кім шапшаң?» ойыны: буындарды құрастырып, сөз шығару.

Буындар

үй · кү · жү

Сөздер

  • Үйшік
  • Күріш
  • Жүрек
  • Үймек
  • Күміс
  • Жүзім
  • Үйрек
  • Күшік
  • Жүзік
II

Жаңа сабақ

Аю: Жұмбақ

Қоссаң екі бөлікті:
Басқы менің бөлігім — отын түрі, бағалы.
Ал келесі бөлігім — елдің ұлттық тағамы.
Қане, дұрыс қосқаның — жәшікті аш поштаның.

Жауабы: газ + ет = газет

«Газеттің пайдасы қандай?» деген сұрақ арқылы қысқаша әңгіме жүргізіледі.

Ит: «Г» дыбысы туралы

  • «Г» дыбысы — дауыссыз дыбыс.
  • Ұяң, шұғыл айтылады.
  • Тіл арқылы жасалады.

Түймедақ-гүл сызбасын құрастырып тақтаға ілемін. Суреттер арқылы «Г» дыбысының сөздің басында және ортасында кездесетінін анықтаймыз. Кейін «Г» әрпінің баспа және жазба түрін көрсетемін.

Гүлдің пайдасы және дыбыстық талдау

Оқушылар гүлдің бөлмені де, даланы да көріктендіріп, ауаны тазартатыны туралы пікір айтады.

«Гүл» сөзі

  • 1 буын, бітеу буын.
  • 2 дауыссыз, 1 дауысты дыбыс бар.

Оқулықтағы суретке қарап, текшемен «гүл» сөзін құрастырып жазады.

Қоян: Сергіту сәті

Қоян, қоян, тұршы,

Бетіңді жушы,

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы.

Киіміңді киіпші,

Мектебіңе қарай жүрші,

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

Винни-Пух: Сөздік жұмыс (93-бет)

Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын ашу:

Егін

Бидай егілген алқап.

Егеу

Үй шаруасында қолданылатын құрал.

Сегіз

Сан.

Кереге

Киіз үйдің бөлігі.

Бетеге

Өсімдік.

Шеге

Ағашқа қағатын тұрмыстық зат.

Неге

Сұрақ сөз.

Мезгіл

Уақыт.

3 буынды және әріпті сөздерді оқыту ұйымдастырылады.

Қасқыр: «Ақ көгершін»

Ақ көгершін — бейбітшілік құсы.

«Ақ көгершін» әні. Авторы: Н. Баймұхамедов.

Өлең мәтіні

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт, ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт құсы болсын деп,

Ұшырамын қолымнан.

Пятачок: Оқу және жазу жолы

Жазу жолындағы сөйлемді оқыту:

Гүлжан гүл өсірді.

Сөздерді оқыту:

  • Гүл
  • Егін
  • Егіз
  • Сегіз

Тышқандар: Дәптермен жұмыс

Арнайы дәптерге «Г» әрпінің бас және кіші (үлкен және кіші) түрін көркем жазу талаптарын сақтай отырып жазады.

Сабақты бекіту — Леопольд: Суретті диктант

Суреттер бойынша сөздерді жаздыру:

Үтік Жіп Үкі Кірпі Піл
III

Сабақты қорытындылау

Чиполино: Ой қозғау

  • Қандай дыбыспен таныстық?
  • «Г» дыбысы қандай дыбыс?
  • Қалай айтылады?
  • «Г» дыбысы қалай жасалады?
  • «Г» дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

Түймедақ-гүл үлгісін көрсете отырып, «Г» дыбысының дауыссыз, ұяң екенін және тіл арқылы жасалатынын қорытындылаймыз.

IV

Үй тапсырмасы

Үйрек балапандары: «Ақ көгершін» өлеңін жаттау.

V

Оқушыларды мадақтау

Үйрек балапандарының «сиқырлы қорабынан» гүлдер алынып, белсенді әрі өте жақсы қатысқан оқушыларға қызыл гүл, жақсы қатысқан оқушыларға көк гүл беріледі. Сабақ мадақтау арқылы аяқталады.