Презентация жасау
Жұмсақ материалдармен танысу
Бұл сабақта сурет салуда қолданылатын жұмсақ материалдардың түрлерімен танысып, оларды дұрыс қолдану тәсілдерін үйренеміз.
Білім берушілік
Композицияның бастапқы тәсілдерін, сызық жүргізу мен штрихтауды меңгерту.
Тәрбиелік
Сурет салу арқылы тазалыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқу үдерісінің негізгі қадамдарын есте сақтап, түсінікті тереңдету.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақ түрі
- Аралас
- Пәнаралық байланыс
- Тарих, еңбек
- Көрнекіліктер
- Педагогикалық суреттер, кітап иллюстрациялары, фотосуреттер, слайдтар
- Құрал-жабдықтар
- Ақ қағаз (A4, A3), қарындаш, пастель, көмір, өшіргіш
Пайдаланылған әдебиеттер
- Треньтев А. Е. «Рисунков в педагогической практике учителя изобразительного искусства». Мәскеу: «Просвещение», 1981.
- «Сурет сала білесің бе?» Алматы баспасы.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезең
1–2 минут
Оқушыларды түгендеу, сабаққа бейімдеу, мақсатпен таныстыру және құралдарын дайындығын тексеру.
II. Тақырып бойынша сұрақтар
4–5 минут
Қарындаштар қатты-жұмсақтығына қарай қалай бөлінеді?
Т, ТМ, М, М1, М2, М3 және т.б.
Көмір қандай материалға жатады?
Жұмсақ материал.
Суретті немен салуға болады?
Көмір, сангина, пастель.
III. Жаңа тақырып
5–6 минут
Бүгінгі тақырып — жұмсақ материалдармен танысу. Сурет салу үшін суретшілер әртүрлі құралдар мен материалдарды қолданады. Солардың ішіндегі ең кең таралғаны — кәдімгі графит қарындаш.
Қарындаш түрлері (қаттылық/жұмсақтық бойынша)
6Т, 5Т, 4Т, 3Т, 2Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М. Бұл белгілер латынша жүйеде шамамен мынадай сәйкестікке келеді: 6H, 5H, 4H, 3H, 2H, H, HB, 2B, 3B, 4B және т.б.
Қарындашпен қатар көмірді де пайдалануға болады. Көмір — жұмсақ материалдардың бірі, ол қағазға тез жұғып, айқын тон беруге мүмкіндік береді.
Көмір таяқшасын дайындаудың қарапайым тәсілі
- 1 Биіктігі 20–25 см консерв қалбырын алып, ішіне құрғақ құм толтырыңыз.
- 2 Қабығы аршылмаған жіңішке шыбықтарды қалбыр бойымен тік шаншып орналастырыңыз.
- 3 Қалбырдың бетін жауып, отқа қыздырыңыз.
- 4 Шыбықтар әбден қызған соң оттан алып, суытыңыз. Суыған көмір таяқшасын сол күйінде қолдануға болады.
Фабрикада дайындалатын көмір түрлері де бар. Кейбір көмірлерге өсімдік негізіндегі желім қосылады — мұндай көмір беткі қабаты бұдырлау қағаздарға жақсы жұғады.
Көптеген суретшілер түрлі түсті қарындаштарды сирек қолданады. Жиі жағдайда олар көмір, тушь, қара қарындаш және пастель секілді әртүрлі борлармен жұмыс істейді.
IV. Презентация
4–5 минут
Тақырып бойынша көрнекі материалдармен жұмыс: слайдтар мен мысал жұмыстарды талдау.
V. Сергіту сәті
3–4 минут
Музыкамен қысқа жаттығулар орындау.
VI. Практикалық жұмыс
10–15 минут
Көмірмен натюрморт салу: пішін, жарық-көлеңке және штрих/тон беру тәсілдерін қолдану.
Назар
Композицияны дұрыс орналастыру
Дағды
Штрих және тонмен жұмыс
Техника
Көмірді жағу және өшіру арқылы түзету
VII. Қорытынды және бағалау
5–6 минут
Оқушылардың жұмыстарын салыстырып, орындалу сапасы мен қолданылған тәсілдер бойынша кері байланыс беру және бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы
1–2 минут
Көмірмен бірнеше шағын жұмыс орындап келу (эскиздер немесе қарапайым натюрморт).
Автор туралы
ШҚО, Семей қаласы, №13 ЖОББМ КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі — Жармұхаметова Назира Серікхановна.