Құрметті ұстаздар, ата - аналар

Қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді қонақтар, 9-сынып түлектері және мектеп шәкірттері!

1-жүргізуші: Баршаңызды куәлік алу рәсіміне қош келдіңіздер! Бүгінгі салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Еңбегін ел мерейін асыруға арнаған аяулы ұл-қыздардың жетістігін ұлықтайтын айтулы мерекелердің бірі — куәлік тапсыру кеші — бүгін біздің мектебімізде өтпек.

Жүректен шыққан тілек

1-жүргізуші:
Күтсін дейміз алдыңнан күліп бағың,
Жоғалмасын ата салтың, ғұрыптарың.
Кір келтірме ата-анаңа, мектебіңе,
Өскен ұя — ордаңды ұмытпағын.

2-жүргізуші:
Өлкеңнің айналсын ертеңіне,
Сенімің айналсын серпілісіне.
Ұстаз біткен тілейді ақтарылып,
Тек сәттілік — елімнің ертеңіне.

1-жүргізуші: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға жан сәулесін тарататын баршаға шын ықыласпен құрмет көрсетіп, түлектерді қарсы алайық, ағайын! (Түлектер екі-екіден шығады.)

2-жүргізуші:
Алдарыңда жол жатыр — таралған мың,
Шақырады қол бұлғап сан арманың.
Жеткіншектер жеткізсін мұраттарға,
Орындаңдар әке мен ана арманын.

1-жүргізуші:
Мектеппен бүгін қоштаспақ сан түлек,
Айтылар бүгін сан тілек.
Егілер бүгін сан жүрек.

Ән

9-сынып түлегі Гүлсімнің орындауында — «Бір үміт».

9-сынып туралы қысқаша

Құрамы

9-сыныпта 20 оқушы бар: 11 ұл, 9 қыз.

Ұлдар

Ұл балалар — қуатты, шапшаң. Қай кезде де әрекетке дайын, мақсаттары — асықса да жұртқа күлкі болмай, абыроймен алға жүру.

Қыздар

Қыз балалар — сабырлы, ұстамды. Кейде көңіл толқуы да болады, бірақ қағидасы айқын: «Ақырын жүрсең, алысқа жетесің».

Бұл сынып өз ішіндегі түсініспеушілікті сыртқа шығармайды. Мектеп өміріндегі ең ұнайтыны — демалыс пен дискотека. Ал сүйікті «пәндері» — теледидар мен компьютер. Қорыта айтқанда, сынып өте тату: әрдайым бірге жүреді.

Көрініс

9-сынып оқушыларының көрінісі ұсынылады.

Ұстазға тағзым

2-жүргізуші: Өмірде өшпейтін іс — балаға берілген білім, мейірім, қамқорлық және ізгі ниет. Болашақтың бүр жарған сабағына құйылған білім нәрі — мәңгілік. Сол мәңгілік борышты парызым деп түсінген ұстаздардың бірі — 9-сынып түлектеріне алғашқы білім берген ұстаз.

1-жүргізуші:
Алғаш қалам ұстатып, оқыттыңыз әр сөзді.
Ұшсақ та шалғай қияға,
Ұмытпаймыз алғашқы ұстазды — Гүлбахыт Амангелдіқызын.

2-жүргізуші:
Сыныпты келдіңіз басқарып,
Көрмедіңіз ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы —
Өмір дегеніңіз қас-қағым.

1-жүргізуші:
Еңбегіңіз жансын күні ертең,
Көрінсін арман асқары.
Бірге өткен күндерің қыс-жазына —
Жазылып қалды талай асыл қазына.
Мың алғыс сізге, Ерлан Осербайұлы.

Құттықтау сөзі

Сөз сөйлейтін қонаққа кезек беріледі.

Би

Вальс.

Куәлік тапсыру сәті

2-жүргізуші: Келешек өмір қандай болса да — қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түкпірінде жүрсең де — алтын ұя мектебіңді, сүйікті ұстаздарыңды, бірге оқыған достарыңды және осы толғандырар сәттерді ұмытпа!

1-жүргізуші:
Өткенде бізден ағаттық кетсе — байсалдылықпен тағат қып,
Балалық болса — кешірген.
Байыппен баурап өсірген, үлгілі әр кез, ұстамды,
Сабырлы, ізгі ұстазды — анадай көріп сыйлаймыз,
Айырылар сәтте қимаймыз.

2-жүргізуші: Мектептен бір елі ажырамай, жақсылыққа жаралған жүрегіңізбен қызмет еттіңіз. Құрметпен сөз кезегін түлектерге арналған тілегіңіз үшін мектеп директоры Искакова Баян Неғметқызына береміз. (Куәлік тапсыру рәсімі.)

Ән

9-сынып түлегі Мадиғаж Ақнұрдың орындауында ән.

Ата-анаға алғыс

1-жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да,
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.

2-жүргізуші:
Қандай ғажап, қарашы жан-жағыңа —
Күміс күлкі сыймай тұр аңғарыңа.
Ата-анадан бақытты бар ма екен жан,
Қол жеткізген аңсаған арманына.

Келесі құттықтау сөз 9-сынып түлектерінің ата-аналары атынан ________________ беріледі.

Ән

9-сынып түлектерінің орындауында — «Школа» әні.

Қоштасу лебі

1-жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің,
Маңдайыңнан сипап өтсін көктен күн.
Сәт сапар деп қол бұлғайық бәріміз,
Тілейік біз армандарға жеткенін!

2-жүргізуші: Үлкен өмірге басқан қадамдарыңа нұр жаусын, талаптарың оң болсын, жас түлектер!

1-жүргізуші: Сәт сапар, ақ жол, құрметті түлектер!
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы — тәрбие ісінің меңгерушісі және тарих пәнінің мұғалімі Ақтаева Бақыт Абайқызы.