Әріптер қайда

Әріптер айтысы

Мектеп сахнасына арналған шағын көрініс. Оқиғада әріптер өзара сөз қағыстырып, соңында татулыққа келіп, жақсы қасиеттермен аталу жөнінде келіседі.

Сахналық мәтін Комедия элементтері Тәрбие, татулық Әріптер мен тіл

Көріністің басталуы

Ескерту: А әрпі ортаға бірінші болып шығады.

А әрпі: — О-хо-хо! Бізді кім шашып тастаған? Қалғандары қайда?

Ұ әрпі: — Әй, А, сен де қызық сұрақ қоясың! Келмегенін көріп тұрсың ғой!

А әрпі: — Әліпбидің басында А тұрады. Мен жай ғана А емеспін! Ағаларыңмын, Ұрыншақ, ағаларыңмын! Сондықтан да «қайда?» деп сұрап тұрмын!

Ұ әрпі: — «Қайда?» десеңіз, айтайын: әріптер қол жетпес Айда… Айға ұшып кетіпті!

А әрпі: — Әй, Ұрыншақ-ай! Ұрыншақ! Ұрыншақ!

Ұ әрпі: — Мен Ұрыншақ емеспін! Өзiңiз ғой маған тиіскен, «ағашка»!..

Тілдесу шиеленісі

Ғ әрпі: — Әй, Ұрысқақ, Ұрыншақ, мені атағаның не? Саған не жазып едім? Тыныш жатқан жыланның құйрығын басып, саған не болды? Өлгің келіп жүр ме, ей?!

Ұ әрпі: — Ғарпылдама, ей, Ғарпылдақ! Сені атауға болмай ма өзі?! Өй, Ғ, сен дауыссыз болсаң да, біздей дауыстылармен неге дауласа бересің?! Біріншіден, мен сені айтқан жоқпын! Екіншіден, сенің аталас туысың «Г»-ні айттым ғой, «ағашка» деп!

Ғ әрпі: — Жоқ, қателесесің, Ұрыншақ шырақ! Сен мені айттың, мені атадың! Ол қазақтың «аға» деген сөзінен шыққан. Демек, бұл — Ғ, яғни мен болуым керек!

Ұ әрпі: — Өй, сен де ғой… Ендеше, анау Ш мен К-ні қарашы: аталса да үндемей тұр ғой!

Ғ әрпі: — Олар жоқ қой… Қашқындар! (Пауза. Айналасына қарайды.) Ұрыншақ, «жоқ» деп тұрмын ғой!

Ұ әрпі: — Өй, сен де қоймадың ғой, «ғарп-ғарп» етіп! «Ғарпылдақ» десе — нағыз Ғарпылдақ екенсің!

Л әрпі: — Әй, Ұ шырақ, сабыр сақташы. Сонша шамданғаның не? Қатты кетіп барасың ғой!

Ұ әрпі: — Өзі ғой, тиісіп қоймайды. «Неге мені атайсың? Неге мені айтасың?» деп жүйкеме тиеді.

А әрпі: — Өй, «жүйкең» бар болсын сенің!

Ұ әрпі: (А-ға қарап) — Туу, сізге бірдеңе дедім бе?!

І әрпі: — Жоқ, «нерв» емес… не еді өзі?.. (Аспанға қарап қиялданады.) Жүрегім… Туу, мен не деп кеттім?! Жүйкемді жұқартты десейші!

Ұ әрпі: — А-а-а… Иә, жүйкемді жұқартты! Жұқартқаны сонша — жұқалап-жұқалап дымын қалдырмады ғой!

Кіші «м» әрпі: — Тууу, ұрыспайықшы!

Татулыққа шақыру және жақсы сөзге тоқтау

М әрпі: — Айналайындарым-ау, үндемесіме қоймадыңдар ғой! Осы жерге жетеуіміз ғана жиналып қалыппыз. Қазақ жетіні киелі санайды. Сондықтан да ынтымағымызды ыдыратпай, татулық туын көтерейік!

М әрпі: — Әріптер, әріптестер, айтыңдаршы: осы өмірде сендерге бәрінен кім жақын?

Барлық әріптер: — Әрине, анамыз!

М әрпі: — Ал аналарыңды былайғы уақытта қалай атайсыңдар?

І әрпі: — Ана… яғни «мама», мама! М-м-м… сағынып кеттім анамды!

Барлық әріптер: — Иә! Мама, мама, мама!

Идея: әріптер өздерін жақсы қасиеттермен атап, бірлікке келеді. Осылайша көрініс әзіл арқылы тәрбие береді: сөздің де, мінездің де салмағы бар.

М әрпі: — Ендеше тыңдаңдар! Сендердің аналарың, яғни мамаларың мейірімді болса, менің атым бүгіннен бастап Мейірім болсын. Сондықтан, шырақтарым, төбе көрсеткен осы жетеудің біріншісі болып мен тұрайын, жарай ма? (М әрпі бірінші болып тұрады.)

Барлық әріптер: — Жарайды, келісеміз!

Ұ әрпі: — Ендеше, мен Ұ болсам… м-м-м… (Сәл ойланады.) Ұлағатты деген сөзді алайыншы, әріптер! Тіл заңдылығына сүйеніп, мен екінші болайын, жарай ма? (Ұ әрпі екінші болып тұрады.)

Барлық әріптер: — Жарайды! OK!

Ғ әрпі: — Жаңа ғана мені «Ұрыншақ», «Ғарпылдақ» деді ғой… Мен де жақсы сөзге ие болғым келеді, достар. Сондықтан мені Ғазиз деп атаңдаршы! (Ғ әрпі үшінші болып тұрады.)

А әрпі: — Ал мен — Ақылдымын! Ағаларыңмын ғой, бәріңе ақыл айтатын. Сондықтан мені «Ақылды» деп атаңдар! (А әрпі төртінші болып тұрады.)