Оқушыларды жан - жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу
Сабақ туралы жалпы ақпарат
Мектеп
Рудный қаласы, №19 орта мектебі
Пән мұғалімі
Информатика пәнінің мұғалімі Боранбайқызы Диана
Сынып
8-сынып
Сабақ тақырыбы
Компьютерлік графика
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Сурет және сызу сабағы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды «компьютерлік графика» ұғымымен таныстыру, графиканың түрлері мен графикалық редакторлар туралы білімін қалыптастыру.
Дамытушылық
Компьютерлік графикамен жұмыс істеуді үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін және жылдам ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында ұқыптылық пен жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы кезең-кезеңімен ұйымдастырылады: ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, қызығушылықты ояту және жаңа тақырыпқа өту.
Ұйымдастыру кезеңі: 2 минут
Мұғалімнің іс-әрекеті
- 1 Сәлемдеседі.
- 2 Сыныпты ұйымдастырады.
- 3 Оқушыларды топқа бөледі.
- 4 Сабақ барысымен таныстырады.
- 5 Бағалау парағын түсіндіреді.
- 6 Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландырады.
Оқушының іс-әрекеті
- Сәлемдеседі.
- Өзін ретке келтіреді.
- Топқа бөлінеді.
- Қажетті оқу құралдарын дайындайды.
Әр оқушыға стикерлер таратылады. Оқушылар стикерге сабақ алдындағы көңіл күйін білдіретін смайлик салады.
Үй тапсырмасын тексеру
Уақыты: 7 минут. Әдісі: сұрақ-жауап (түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау).
Формат: жедел сұрақтар
1. Графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталу түсі мен белгісі кодталған жедел жадтың бөлігі — экран буфері.
2. Графикалық экран беттері қолданылған графикалық режимге, дисплейдің типіне және жадтың көлеміне тәуелді. Экран үшін бір немесе бірнеше буфер қолданылады.
3. Borland International фирмасы арнайы бағдарламалар кітапханасын — GRAPH модулін әзірлеген.
4. Мәтіндік режимде графикалық процедураларды қолдану үшін алдымен GRT модулін іске қосу қажет.
5. Графикалық экранның мүмкіндігі — экранға шығарылатын бейненің дәлдігі.
6. Графикалық режимнен шығу үшін CloseGraph процедурасы қолданылады.
7. Графикалық режимді алғаш іске қосу үшін InitGraph процедурасы пайдаланылады.
8. PutPixel процедурасы экранға берілген координатасы мен түсі бойынша нүкте шығарады.
Қызығушылықты ояту
Уақыты: 2 минут.
Салыстыру арқылы жаңа тақырыпқа өту
Әбілхан Қастеевтің шығармасы мен фотограф түсірген суретті салыстыра отырып, бейнені ұсыну тәсілдерінің айырмашылығын талдаймыз. Осы талдау жаңа тақырып — компьютерлік графикаға кіріспе болады.