Мынау қай құс
Оқу мақсаттары
Бұл сабақ арқылы төмендегі оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Мақсаттар оқушының дыбыстарды ажыратуы, сөздерді дұрыс қолдануы, сондай-ақ сөйлем құрастыру және тыныс белгілерін дұрыс қою дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
1.3.10.2
Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу (термин қолданбай).
1.1.9.1
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз; жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
1.3.10.1
Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.
1.3.5.1
Тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып, жай сөйлемдермен мәтін құрастыру және жазу.
1.3.11.1
Сөйлемді бас әріптен бастап жазу және сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
Табыс критерийлері
Барлық оқушылар орындай алады
- Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтай алады.
- Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдана алады.
- Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе иллюстрациясы бойынша болжам жасай алады.
Ереже: Қ дыбысының Ғ-ға айналуы
Сызбаның сол жағындағы сөздерді оқып көрейік. Қосымша жалғанғанда сөздің дыбысталуы мен жазылуында өзгеріс болуы мүмкін.
Мысалдар
Моншақ + ы = моншағы
Атақ + ы = атағы
Қармақ + ы = қармағы
Байқау сұрақтары
- Қ-ға аяқталған сөздерге -ы қосымшасын қосқанда қандай өзгеріс байқалады?
- Неліктен сөз соңында ғ әрпі жазылмайды?
Ереже: Қ-ға аяқталған сөзге дауысты дыбыстан басталатын қосымша жалғанса, қ дыбысы ғ-ға айналады. (Ғ әрпі сөз соңында жазылмайды.)
Қосымша мысалдар
№2 тапсырма: «Ойлан, тап»
Берілген суреттер мен сөздер ішінен құрамында ғ әрпі бар сөздерді тауып, тақтаға жазайық.
Сөздер
Жұмыс тәсілі (ДЖИГСО)
- 1 Алдымен әрқайсымыз жеке өз бетімізше буындық және дыбыстық талдау жасаймыз.
- 2 Жұпта бір-бірімізді тексереміз.
- 3 Топта қайта тексеріп, ортақ қорытынды жасаймыз.
- 4 Бағалау: саусақ сигналы арқылы.
№3 тапсырма: Топтық жұмыс (сұрақ құрастыру)
Берілген диалогтағы жауаптарға сәйкес сұрақтарды тауып, жұппен және топпен талқылайық. Бұл тапсырма заттың атын, сынын және қимылын білдіретін сөздерді орынды қолдануға көмектеседі.
Диалог
— Мынау қай құс?
— Қарлығаш.
— Ол қандай құс?
— Ол — адамға дос құс.
— Қарлығаш адамды неден сақтайды?
— Қарлығаш адамды қатерден сақтайды.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс арқылы көңіл-күйді көтеріп, сабаққа қайта шоғырланайық.
Қимылдар реті
- Қатты нөсер басылды — жаймен тырсылдатамыз.
- Күн жарқырай ашылды — қолымызбен күн бейнесін жасаймыз.
- Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды — жарты доға жасаймыз.