Оқушылардың сабаққа әзірлігі

Сабақтың тақырыбы

Толық ондықтардан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру (есептемей салыстыру).

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Мәнін есептемей-ақ әріпті және санды өрнектерді салыстыруды үйрету.
  • Оқушылардың алған білімін есеп шығару барысында тексеру.
  • Амал компоненттерінің біреуі өзгерсе, қосынды мен айырманың мәні де өзгеретінін еске түсіру.

2) Дамытушылық

Оқушылардың ақыл-ойын, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік

  • Өз ойын толық әрі дұрыс жеткізе білуге және тапқырлыққа тәрбиелеу.
  • Достық қарым-қатынас пен ұжымдық іс-әрекет мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың әдісі

Талдау–жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

1-слайд
  • Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
  • Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

2-слайд

Өткенді қайталау (сұрақ-жауап). «Білім көзі — кітапта» демекші, кітаптың әр бетін аша отырып тапсырмаларды орындаймыз.

Ондық ұғымын бекіту

  • 50 санында қанша ондық бар? 50 = 5 ондық
  • 2 ондық = 20
  • 9 ондық = 90
  • 10 = 1 ондық
  • 80 = 8 ондық

Тура және кері санау

Ондықтармен тура санау

10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100

Ондықтармен кері санау

100, 90, 80, 70, 60, 50, 40, 30, 20, 10

Өлшем бірлігі: 1 дм = 10 см

Санды және әріпті өрнектердің айырмашылығы

Санды өрнек

50 + 30

Санды өрнектің мәнін бірден табуға болады.

Әріпті өрнек

b + 30

Әріпті өрнектің мәні бірден табылмайды: әріптің орнына сан қойып есептейміз.

Осы тапсырмалар арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталды.

III. Жаңа сабақ

3-слайд

Кітаппен жұмыс: кітаптағы №1 есеп «Кел, ойнайық» ойыны арқылы орындалады.

1-қатар

Қосудың компоненттерін атайды және қосындының мәнін табады.

2-қатар

Айырманың мәнін тауып, азайту компоненттерін атайды.

3-қатар

Айырманың мәнін табады.

IV. Дәптермен жұмыс

№1 (ауызша): теңдіктер мен теңсіздіктер құру

Теңдік

a + 70 = 70 + a

Салыстыруға арналған өрнектер

  • a + 70 ☐ 70 − a
  • a − 0 ☐ 70 − a

☐ орнына >, < немесе = таңбасын қойыңыз.

№2: салыстыру

4-слайд

Әріпті өрнектер

  • a ☐ b − 30
  • c + 30 = 30 + c
  • 50 − c ☐ 10

Санды өрнек

50 − 50