Дауыссыз дыбыстар нешеу
Сабақтың тақырыбы
Дауыссыз к және г.
Білімділік
- к және г дыбыстарының жазылу емлесімен таныстыру.
- Дауысты дыбыс қосылғанда болатын өзгерісті түсіндіру.
- Мысал арқылы дәлелдеуге үйрету, сауаттылыққа жетелеу.
- Сөз ішінен қатаң, ұяң, үнді дыбыстарды ажыратуға дағдыландыру.
- Ұлы тұлғалардың өмірін үлгі ету.
Дамытушылық
- Пәнаралық байланысты нығайту.
- Ой шапшаңдығын дамыту.
- Сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету.
- Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік
- Ұлттық тәлім-тәрбиенің асыл құндылықтарын сіңіру.
- Бауырмалдыққа тәрбиелеу.
- Тазалық пен ұқыптылыққа баулу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Көрнекілігі
- Бесік, қазақ үй, Абай, Мұхтар, Тазша бала суреттері (слайд), үлестірмелі парақ, қоржын, аквариум, интерактивті тақта.
- Сабақтың түрі
- Жаңа материалды игерту, аралас сабақ.
- Әдістері
- Оқу мен жазуда сын тұрғысынан ойлау, ой қозғау стратегиясы, кубизм әдісі, тірек сөздер арқылы болжам жасау.
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, дүниетану, математика.
Сабақтың құрылымы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқу құралдарын әзірлеу.
-
Психологиялық дайындық:
Қонақ күту — салтымыз,
Оқып-біліп жатырмыз.
Келген қонақ сіздерге
Сәлемдестік жалпымыз.
- Топқа бөліну: 1–2–3 деп санап, I, II, III топқа жайғасу.
- Сұрақ: «Қазір қай сабақ?» Жауап: «Қазақ тілі».
-
II. Үй тапсырмасын тексеру және пысықтау
- 146-жаттығу: «Қорықта» ребусын шешіп, соның негізінде қысқа әңгіме жазу (әр топтан 3–4 оқушы оқиды).
- Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақтағы дыбыстардың жазылу емлесін қайталау.
III. Жаңа білім
1) Ой қозғау: дыбыстар туралы не білеміз?
Тазша бала «Сиқырлы қамыстың» көмегімен Білім еліне тап болады. Ол қазақ үйді көреді. Бірінші үйден әуен естіледі:
А-а-а, Я-я-я
О-о-о-о-о
Ә-ә-ә-ә-ә
Ы-ы-ы-ы
- Бұл үйде дауысты дыбыстар тұрады.
- Олар — 12. Орыс тілінен енген э, ё, я, ю дыбыстарын қоссақ — 15.
Келесі үй «көңілсіз» көрінеді: тук-тук, жым-жырт, тым-тырыс. Себебі бұл — дауыссыз дыбыстар: олар созылып айтылмайды, «жай сөйлейді».
- Дауыссыз дыбыстар — 25 (орыс тілінен енген әріптерді қосқанда).
- Осылайша Тазша бала 42 әріппен танысады.
- Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң, үнді болып үшке бөлінеді (топтастыру жұмысы).
2) Жаңа тақырыпқа шығу
«Дөңгелек» сөзінен дыбыстарды бөліп қарайық: Дөң–ге–лек.
- Екінші буынның алғашқы дыбысы: г.
- Үшінші буынның соңғы дыбысы: к.
Бүгінгі жаңа тақырып: дауыссыз к және г.
Графикалық жұмыс
К к · К к · К к
Г г · Г г · Г г
Оқулықпен жұмыс
147-жаттығу (ауызша):
Ү-кі, Түл-кі, ке-ме, жү-рек, кө-рік, шең-гел, ү-зең-гі, сүр-гі, гүл-зар, гау-һар.
Сөздік жұмыс
- Көрік
- Металл өңдеуге қолданылатын құрал; темір балқытатын пештің отын қыздырып тұратын теріден жасалған үрлеуіш.
- Гауһар
- Бриллиант, қымбат асыл тас.
- Гүлзар
- Қала көшелерінде гүл өсіретін алаң.
Жаттығу және қорытынды ереже
148-жаттығу: жұмбақты жатқа жазу, шешуін табу.
— Ал, қанеки, балдырған,
— Құлақ салғын сөзіме.
— Алғыр болсаң, тап жылдам,
— Жұмбақ айтам өзіңе.
— Ойла, ойла тереңнен,
— Жақсы емес көп бөгелген.
— Жұмбағымды таппасаң,
— Өзім айтып берем мен.
Ереже
Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол ұяң г дыбысына айналады.
Практикалық бекіту
«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны
Бос қалған әріпті тауып, дұрыс нұсқасын атау:
Дәптермен жұмыс: 149-жаттығу
Сөздерге і дыбысын қосып, өзгертіп жазу:
- өрік → өрігі
- белдік → белдігі
- күрек → күрегі
- серік → серігі
- көк → көгі
Тапсырма: к дыбысының неге г-ге өзгеретінін түсіндір.
Сергіту сәті
Дауылға да қарамай (қолды толқындату)
Жауынға да қарамай (партаны тықылдату)
Балықшылар айдынында
Ау тартады жағалай (ауды шірене тарту)
Мәтінмен жұмыс және әдеби байланыс
Тақтамен жұмыс: 151-жаттығу
Мәтінді оқып, бірнеше жолын тақтаға жазу.
Шыңғыстау
Бәріне ашық есігі,
Өнер сырын ұққанның.
Шыңғыс — алтын бесігі,
Абай менен Мұхтардың.
Несіпбек Айтов
- «Есік», «бесік» сөздері қандай өзгеріске ұшырайды?
- Абай мен Мұхтар туралы не білесіңдер? Қандай шығармаларын атай аласыңдар?
Салыстыру
- К — қатаң дауыссыз дыбыс; сөздің басында, ортасында, соңында келе береді.
- Г — ұяң дауыссыз дыбыс; сөздің басында және ортасында кездеседі.
- Ереже: к-дан кейін дауысты дыбыс келсе, к → г болып өзгереді.
Кубизм әдісі және қоржын тапсырмасы
Кубизм жұптары
Дыбыстарды салыстырып, сөздерден мысал келтіру:
Б – П
Қ – Ғ
К – Г
Сөздер: жіп, лақ, көк, доп, сабақ, бөбек, қап, тамақ, көмек, кітап, орақ, шелек, мектеп, тарақ, иек, шөп, аяқ, елік, тәртіп, таяқ, өрік.
Қоржыннан сөз алу
Қатаң дауыссызды ұяң дауыссызға айналдырып айт:
- үйрек
- шүмек
- тірлік
- жүк
- көлік
- білек
Қорытынды
Не үйрендік?
Дауыссыз к пен г-нің ерекшелігін және к → г өзгеру заңдылығын меңгердік.
Дәлелдеу
Мысал келтіріп, өзгерістің себебін түсіндір: сөз соңындағы к-дан кейін дауысты дыбыс келсе, дыбыс ұяңданып г-ге айналады.
Кері байланыс
Сабақ ұнады ма? Қай тапсырма қызықты болды, неліктен?
Үй тапсырмасы
150-жаттығу.
Бағалау: сабақтағы белсенділік пен тапсырмаларды орындау сапасына қарай жүргізіледі.