Алаңқайдағы саңырауқұлақтарБілім беру саласы

Білім беру саласы: шығармашылық, таным

Бөлімі: мүсіндеу

Мақсаты

  • Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.
  • Саңырауқұлақтар туралы білімдерін нақтылау.
  • Түстерді ажырата білуді үйрету.
  • Тапсырманы шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс

Серуен кезінде балалармен саңырауқұлақтар туралы әңгімелесу.

Билингвальді компонент

саңырауқұлақтар
грибы
күз
осень

Сөздік жұмыс

Алаңқай — орман ішіндегі ашық, кеңдеу жер.

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер

Қуыршақ Себет Аппликация үлгілері
!

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Ғажайып сәт: топқа қолында себеті бар Қарақат есімді қуыршақ кіріп келеді.

Әдеп сақтап әрдайым,
Әрбір адал адамға
Жасайық бір жақсылық,
Ынтымаққа қосыл да.
Ар-мақсатың нық болсын,
Ақылыңнан тосылма.

Ұйымдастыру кезеңі: сұрақ-жауап

Тәрбиеші: «Балалар, мені таныдыңдар ма?»

Тәрбиеші: «Қазір жылдың қай мезгілі?»

Қорытынды: Қазір — күз мезгілі.

Қарақат: «Менің себетімде саңырауқұлақтар бар, бірақ аздау екен. Менмен бірге орманға саяхатқа барасыңдар ма?»

Таныстыру

Орманға аттанбас бұрын, саңырауқұлақтармен сурет арқылы танысамыз.

Сұрақ: «Саңырауқұлақ неше бөліктен тұрады?»

Негізгі ұғымдар

  • Саңырауқұлақтың екі түрі болады: жеуге жарамды және жеуге жарамсыз (улы).
  • Саңырауқұлақтың негізгі бөліктері: қалпақ және сабақ.

Есте сақтайық

Белгісіз саңырауқұлақты ешқашан ұстамауға және жеуге болмайды.