Төбесіне қай әріпті жаздыңдар
Сабақтың мақсаты
Мақсаты: балаларды К дыбысы және К әрпімен таныстыру; К дыбысына тіл ұстарту арқылы сөз құрастыру; буындарды оқыту; К дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасатуға үйрету.
Ойын арқылы балалардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. К әрпінің баспа түрін жазуға үйрету, ұқыпты әрі таза жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Ой қозғау
- Көрсету, түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Ойын
- Сергіту
- Қорыту
Көрнекіліктер
- К әрпінің баспа түрлері
- Суреттер
- Текшелер
- Электронды құралдар (теледидар, DVD)
- Карточкалар
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Шаттық шеңберіТәрбиешінің әрекеті
— Амансыңдар ма, балалар! Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
— Қане, бір-бірімізге жылы тілегімізді өлең жолымен айтайық.
Біздің топта балалар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Дос көңілі әрқашан,
Тек жақсылық ойлаймыз.
Балалардың әрекеті
Балалар өлең жолдарын бірге қайталайды, шеңберде бір-біріне жылы тілектер айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденімпаздық кезең
Сұрақ-жауап және ойынҰйымдастыру сұрақтары
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Аптаның нешінші күні?
Өткен оқу іс-әрекеті қысқаша пысықталады. Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекет — сауат ашу.
Жұмбақтар арқылы әріптерді еске түсіру
-
Екі аяғы бар, көлденең таяғы бар. Бұл қай әріп?
Жауабы: А
-
Ұқсайды өзі шалғыға, елестет көз алдыңа. Қане, ойлап табайық: болды екен бұл қай әріп?
Жауабы: Ғ
-
Екі тіреу, басқышы біреу.
Жауабы: Н
-
Іші қуыс жұмыртқа. Бұл қай әріп?
Жауабы: О
Балалар жұмбақтардың шешуін дұрыс табады.
Ойын: «Дыбыстарды жина»
Шарты: дауысты дыбыстарды — қызыл вагонға, дауыссыз дыбыстарды — көк вагонға жинау.
Дауысты
Қызыл вагон
Дауыссыз
Көк вагон
Балалар тапсырманы орындайды, дыбыстарды ажыратып, дұрыс топтастырады.
Буындарды оқу
Таныс әріптерден буындар оқылады:
Жаңа тақырып: К дыбысы және К әрпі
Балалар жаңа әріпті теледидардан көрсетілген суреттер арқылы анықтайды: бүгінгі танысатын дыбыс — К.
Дыбыстың түрі
К — дауыссыз дыбыс.
Дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.
Сөздегі орны
К дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында кездеседі. Кейбір сөздерде екі рет те ұшырасады.
К — бас әріп, к — кіші әріп. Бас әріппен адам аттары жазылады.
К дыбысын бәріміз бірге дыбыстап айтамыз: дыбыс тамақтан қысылып шығады.
Өлең: «Кітап»
Кітап — өмір айнасы,
Кітап тиер пайдасы.
Кітап — өмір шырағы,
Тәлім беріп тұрады.
«Кітап» сөзінде бірінші қандай дыбыс естіледі?
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Балалар К дыбысынан басталатын сөздерді жылдам ойлап айтып береді.
Дыбыстық талдау
«Күн» сөзіне дыбыстық талдау жасалады. Балалар орындарында отырып, текшелер арқылы дыбыстарды белгілейді.
Нәтижесінде балалардың барлығы дұрыс талдау жасайды.
Жазу дағдысы
Тәрбиеші тақтаға К әрпін жазып көрсетеді. Балалар ауада жазып жаттығады, кейін дәптерге К әрпінің баспа түрін жазады.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысқа арналған қысқа сергіту жаттығулары орындалады.
Ассоциация әдісі: «Суретті дұрыс тап»
Балалар суреттерді талдап, жаңа дыбыспен байланыстырып табады.
Карточкамен жұмыс
Балаларға суреті бар карточкалар таратылады.
Тапсырма: сурет қай әріптен басталса, сол әріпті карточканың төбесіне жазып, көрсетеді.
Тапсырманы бірінші орындаған балаларға шағын сыйлық беріледі.
Қорытынды кезең
Мадақтау және қорытындылауБалалар бүгін сабақта өте жақсы жауап берді: дыбыстарды дұрыс тапты, жұмбақтарды дұрыс шешті, карточкамен жақсы жұмыс жасады және дәптерге әдемі жазды.
Рахмет, балалар! Барлығыңа гүл сыйлаймын.