Құтты болсын мереке, болсын думан береке

Қонақтарды қарсы алу

1-жүргізуші

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Наурыз мерекесі құтты болсын! Қош келдің, Наурыз! Мерекелік бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші

Добрый день, дорогие и уважаемые гости, преподаватели и учащиеся! С праздником Наурыз! Разрешите начать праздничный концерт «Қош келдің, Наурыз!».

Мерекенің мәні

1-жүргізуші

Уа, халайық, халайық! Мұнда назар салайық: халықтың мерекесі — Наурыз тойын бастайық! Құтты болсын мереке, болсын думан, береке!

2-жүргізуші

Из глубины истории нашей земли к нам пришёл этот праздник — Наурыз. Это праздник нового дня, цветения и обновления. Праздник Земли и человека.

Музыкалық нөмір

Сіздердің назарларыңызға 6 «А» сынып оқушысы Жоламанова Аянның орындауында «Наурыз» әні.

Құттықтау сөзі

Құттықтау сөз Новосельский ауылдық округінің әкіміне (ТО директорына) беріледі.

Наурыз көже және ақ бата

1-жүргізуші

Келе жатыр жылымыз, мейрамдаймыз мұны біз. Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз. Күннің жаңа нұры бар, мұның ғажап сыры бар. Халық сүйген мейрамды қарсы алайық, Наурыз!

2-жүргізуші

В ночь Наурыза люди выходили на улицу, поздравляли друг друга, желали самого доброго, прощали обиды и ссоры. Ходили в гости, а в каждом доме готовили традиционный Наурыз-көже, угощали и желали достатка и счастья. Пожелания старших называют бата. В народе считали: кто щедро угощён көже — будет сыт весь год, а кто получит больше ақ бата — тому откроется светлая дорога.

1-жүргізуші

Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Ата-бабамыз бұл күнді «ақ түйенің қарны жарылған күн» деп атаған. Наурызда ата-әжелеріміз үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татып, үлкендер кішіге ақ батасын беріп, ізгі тілек тілеген.

Ал, құрметті қонақтар, айналайын балалар!
Жеп-ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа.
Көжеге жас-кәріңді,
Шақырамын бәріңді!

Ән орындалады

«Наурыз» әні орындалады.

Байқау

«Наурыз көже» байқауы жарияланады.

Құттықтау сөзі

Құттықтау сөз мектеп директорына беріледі.

(Музыкалық нөмір: Рамазанов Амангелдінің орындауында ән.)

Шашу дәстүрі

2-жүргізуші

У наших предков много традиций и обрядов. Один из самых распространённых, без которого не начинается ни одно торжество, — это шашу: обряд осыпания конфетами, сладостями или мелкими монетами.

1-жүргізуші

Наурыз келсе — құт келгені, халайық! Есік ашып, шашу шашып, ел болып қарсы алайық!

Уа, халайық, теріп ал несібеңді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризалығың болсын көл-көсір!

Осы сәтте ортаға шашу шашылады, кейін музыка ойнайды.

Қош келдің, Наурыз!

Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы халықтың, қуанышы халықтың — құтты болсын қадамың! Сені тойлап, қарсы алып, бар әлемге жар салып, сәлем бердік біз сізге!

Как и многие народные праздники, Наурыз имеет свои традиции и обряды. В народе верят: в эту ночь землю посещает Қыдыр ата. Кому посчастливится встретить его — того ждут удача и счастье. Его может увидеть лишь тот, кто чист душой и сердцем, верен своей земле и народу.

Қыдыр ата туралы наным және сахналық көрініс

2-жүргізуші

В ночь с 21 на 22 марта люди выходят на улицу, обнимаются, прощают обиды, очищают дом от старых вещей и накрывают стол из зерновых и молочных продуктов — на достаток и урожайный год. Зажигают две свечи как символ света и благополучия дома.

1-жүргізуші

Халық аңыздары бойынша, Наурыздың 22-сі түні сағат 3-те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттағанда «жалғыз сәуле шала болады» деп, қос шырақ жағады. Ыдыстарды ырысқа балай отырып, жеті түрлі тағаммен толтырып қояды: «ақ мол болсын, дән тасқын-тасқын болсын, жауын-шашын жеткілікті болсын» деп тілейді.

Сахналық көрініс

Ортаға Қыдыр ата мен Наурыз қыз шығады.

1-жүргізуші

Қыдыр ата, ортамызға келіп, ақ батаңызды, ақ тілегіңізді беріңіз. Сәлем беріп, алақанымызды жайып, атамыздың ақ батасын алайық.

Қыдыр атаның батасы

Сұрасаң, бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң, жол болсын.
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін.
Бәле-жәле жерге енсін.
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын.

Әумин!

Наурыз қыздың сөзі

Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз.
Бай-шағырлы өмірде
Айтылады жырымыз.

Жайнатады гүл-гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Мерейлі жұрт тойласын,
Мейрам етіп бұл күнді!

Музыкалық сәлемдеме.

Бірлік мерекесі

1-жүргізуші

Наурыз — Қазақстанда тұратын көпұлтты халық үшін ортақ мереке.

2-жүргізуші

Наурыз — единый шаңырақ всех народов, проживающих в Казахстане. Этот праздник объединяет и призывает к дружбе и взаимопониманию.

1-жүргізуші

Жиналдық Наурыз тойға бәріміз де — үлкен-кіші, жасымыз бен кәріміз де. Әрбір ұлттың жиналған өкілдері өнерлерін көрсетуге келді міне! Енді ортаны баршаңызға ашайық, көрермендерге жырдан шашу шашайық. Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып, өнерменен інжу-маржан шашайық!

Музыкалық нөмірлер

Концерттік бағдарлама жалғасады.

Спорттық ойындар

Белсенді қатысуға шақырамыз.

Марапаттау

Жеңімпаздар мен қатысушылар марапатталады.

Қорытынды

1-жүргізуші

Құрметті ата-аналар және көрермендер, мерекелеріңізбен! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурызға ақ жол! Жыл басы — Наурыз! Мол болсын дәм-тұз!

2-жүргізуші

Наурыз — праздник дружбы и добра, Наурыз — праздник мира. Пусть будет вечным этот день, пришедший и унесённый на века. Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Тәрбие сағаты

22 наурызға арналған тәрбие сағаты: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!»
Қош келдің, әз-Наурыз! Қош келдің, әз-Наурыз!