Ыбырайдың бұдан бұрын тағы қандай әңгімелерін, өлеңдерін оқыдыңдар

Сабақ тақырыбы

«Сәулелі жұлдыз іздеген адам» (4-сынып, Ана тілі пәні)

Авторы: Әбу Сәрсенбаев

Сабақ түрі: білім мен біліктілікті қалыптастыру

Сабақ формасы: топтық жұмыс

Әдістері: талдау–жинақтау, салыстыру, іздендіру

Сабақ мақсаты

Білімділік

  • Кейіпкердің өмірі, ағартушылығы, еңбектері және қазақ даласында алғаш мектеп ашуы туралы түсінік қалыптастыру.
  • Мәтіндегі негізгі ойды табу және мазмұнын ашу.

Дамытушылық

  • Көркем шығарманы талдау, іздену, ой-пікірін жүйелі жеткізу дағдыларын дамыту.
  • Оқушылардың сөздік қорын молайту және тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Ыбырай Алтынсарин өмірін үлгі ете отырып, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
  • Оқушыны ақылды, ізденімпаз, жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде қалыптастыру.

І. Қызығушылықты ояту

«Шаттық шеңбері»

Қол алысып, кәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

ІІ. Операциялық кезең

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Мұғалім оқушыларды орындарына отырғызып, үнтаспадан «Кел, балалар, оқылық» өлеңінен үзінді тыңдатуға шақырады. Тыңдалымнан кейін сұрақтар қойылады:

  • Бұл үзінді қандай өлең жолдарынан алынған?
  • Авторы кім?
  • Бүгінгі сабақта осы ойды қалай жалғастырамыз?

Оқушылар өз мақсаттарын белгілейді, жұмыс алгоритмімен танысады және «алтын ережелерді» еске түсіреді.

Топтық жұмыс құрылымы

Сабақ топтық формада ұйымдастырылады. Әр топта жауапкершілік бөлініп, рөлдер бекітіледі.

Топ басшысы

Жұмысты үйлестіреді, тапсырманың орындалуын қадағалайды.

Жобалаушы

Идея ұсынады, жоспар жасайды.

Зерттеуші

Қосымша дерекпен жұмыс істеп, дәлел келтіреді.

Талдаушы

Мәтіннің құрылымын, негізгі ойды және дәлелдерді талдайды.

Проблема шешуші

Күрделі сұрақтарға жауап ұсынады, пікірді негіздейді.

Тілші

Сөйлеу мәдениетін қадағалап, мазмұнды жеткізеді.

Эксперттер тобы

Оқушылардың жауаптарын бағалайды және өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Әбу Сәрсенбаев (1905–1997) — Атырау облысы, Теңіз ауданында туған қазақтың белгілі қаламгері.

Өлең жинақтары: «Туған өлке», «Отан таңы» және т.б.

Романдары: «Толқында туғандар», «Теңіз әуендері».

Жазушы ретінде Ыбырай Алтынсарин еңбектерін жарыққа шығаруға үлес қосқан.

Мәтінмен жұмыс: «Түртіп алу» әдісі

Мұғалім мәтінді оқиды. Оқушылар мәтін тыңдау/оқу барысында төмендегі белгілер арқылы түртіп алады:

+

Жаңа ақпарат

v

Ойлағанымды растайды

-

Менің ойлағаныма кері

?

Мен үшін жұмбақ, түсінбей қалдым

Сөздік жұмысы

Әр топ өзіне берілген сөздің мағынасын түсіндіреді. Жауаптарды эксперттер бағалайды.

1-топ

Инспектор

2-топ

Уезд

3-топ

Шәкірт (оқушы)

4-топ

Кішіпейіл

Мәтін мазмұнын ашу: топтық тапсырмалар

1-топ

Әңгіме кім туралы? Ол туралы не білесіңдер?

2-топ

Әңгіме неге «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» деп аталған? Ыбырай Алтынсариннің арманы — мектеп ашу, балаларды оқыту. Мұндағы «сәулелі жұлдыз» тіркесі оқу мен білімді меңзейді. Ол мақсатына жетіп, мектеп ашып, қазақ балаларын білім нәрімен сусындатты.

3-топ

Әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады? Мысалы: «Алғашқы кездесу», «Оқу басталды», «Жаңа мектеп», «Шашу».

4-топ

Ыбырайдың бұған дейін қандай әңгімелері мен өлеңдерін оқыдыңдар?

Ескерту: жауаптарды эксперттер бағалайды.

Сергіту сәті

Аутотренинг (музыка әуенімен): «Қазір қыс мезгілі. Қар жауып тұр. Айналамыз аппақ қар…»

Нақты тапсырмалар

1-топ

Мәтіннен монологті тауып, мәнерлеп оқу.

2-топ

Мәтіннен диалогті тауып, рөлге бөліп оқу.

3-топ

Кейіпкердің көңіл күйін «кардиограммаға» түсіру.

4-топ

  • Мәтіннің аты, авторы
  • Мәтін не туралы?
  • Негізгі ой

Жауаптарды эксперттер бағалайды.

Шығармашылық тапсырмалар

1-топ

Ой қозғау

2-топ

Бес жолды өлең

3-топ

Еркін жазу

4-топ

Эссе

Жауаптарды эксперттер бағалайды.

Эксперттер тобының тапсырмалары

1-эксперт

Қосымша әдебиетті пайдаланып, Ыбырай Алтынсариннің «портретін» (сызба түрінде) құрастыру.

  • 1841–1889
  • Тұңғыш ағартушы, тамаша педагог
  • Жазушы, аудармашы
  • Торғай уезінде туған (Қостанай өңірі)
  • Әкесі: Алтынсары; атасы: Балғожа
  • 1864 ж. мектеп ашты
  • Тұңғыш хрестоматия авторы

2-эксперт

«Мұғалім болсам…» тақырыбында болашаққа болжам жасап, қасиеттерді сызба түрінде көрсету.

батыл табандылық тапқырлық әдептілік қарапайымдылық төзімділік іскерлік талғампаздық мейірімділік әділдік шыншылдық биязылық

Эксперттердің жұмысын мұғалім қорытындылап бағалайды.

ІІІ. Рефлексия

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
  • Несімен ұнады?

IV. Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысы, мәтінмен жұмыс сапасы және шығармашылық тапсырмалар нәтижесі бойынша бағаланады.

V. Үй тапсырмасы

Мәтінді мазмұндау.