Жаңа сабақ. Үйге тапсырма
Саран қаласы, ЖОББ №16 мектеп
Урпебаева Гульмира Орембековна
Сабақтың тақырыбы
Азық-түлік дүкенінде
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі
Мақсат және міндеттер
Мақсаты
Фонетика саласы бойынша өткен білімді еске түсіре отырып, тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді меңгерту.
Білімділік
- Фонетикалық талдауды қайталау.
- Мәтін бойынша сұрақ құрастыру.
- Сурет бойынша сөйлем құрастыруға үйрету.
Дамытушылық және тәрбиелік
- Оқушының ой-өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру.
- Ауызекі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
- Тілге қызығушылығын арттыру, топтық жұмыста сыпайылық пен достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері мен көрнекілігі
Әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Көрнекілігі
Слайдтағы азық-түлік суреттері, конверт, карточкалар, житондар, ас туралы мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу және топқа бөлу.
- Оқу құралдарының толықтығын тексеру, оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару.
- Назарды сабаққа толық шоғырландыру.
Үш тілде амандасу
Оқушылар орындарынан тұрып, бір-бірінің қолын кезекпен алып, үш тілде амандасады: «сәлем», «привет», «hello».
Мұғалім: «Міне, осындай көтеріңкі көңіл-күймен сабағымызды бастаймыз. Үйге қандай тапсырма берілді?»
II. Үй тапсырмасын тексеру
Мақал-мәтелдерді жатқа айту және талқылау.
III. Жаңа сабақ
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу
Дастарқанның сәні не? (нан / хлеб / bread)
Адамдар сүйіп ішетін сусын не? (шай / чай / tea)
Шай дәмді болу үшін не қосады? (сүт / молоко / milk)
Шайды тәтті ету үшін не қосамыз? (қант / сахар / sugar)
Осы тағамдарды қайдан сатып аламыз? (дүкеннен, нақтысы — азық-түлік дүкенінен)
Тақырып
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Азық-түлік дүкенінде».
Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырады және тақтадағы плакатқа назар аудартады.
Жаңа сөздер (хормен, жеке, жатқа)
- Сөрелер — полки
- Тамақ түрлері — виды еды
- Келесі апта — следующая неделя
- Өлшеңіз — взвесьте, пожалуйста
- Барды — ходили
- Тізім — список
- Қуанды — радовался (-лись)
- Сапа — качество
- Беріңізші — дайте, пожалуйста
- Барлығының құны — стоимость всего
- Тағы не аласыз? — что еще возьмете?
- Таңдап алды — выбрал(-а, -и)
Сөздік дәптермен жұмыс: жаңа сөздерді жазу, айту, есте сақтау.
Топтық жұмыс (конверттегі тапсырмалар)
Әр топтан бір оқушы шығып, конверттен тапсырма таңдайды. Тапсырмалар орындалып болған соң, топтар жұмысты қорғайды.
I топ
1-тапсырма: диалогты оқып, түсінгенін айту.
II топ
2-тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндау. Мәтін бойынша сұрақ құрастыру.
III топ
5-тапсырма: сурет бойынша сөз тіркестерін және сөйлемдер құрастыру.
Бағалау: тапсырманы ең жақсы орындаған топ — 3 житон, екінші орын — 2 житон, үшінші орын — 1 житон.
Тақтамен жұмыс: фонетикалық талдау
4-тапсырма: үш топтан үш оқушы шығып, төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасайды:
- Сөреден
- Ірімшік
- Шұжық
Бағалау: бірінші әрі дұрыс орындаған топ — 3 житон, екінші орын — 2 житон, үшінші орын — 1 житон.
Ойын: «Адасқан әріптер»
Әр топ жасырылған сөзді табады.
- Ө с р е р е л — сөрелер
- А т қ а м — тамақ
- Р і м і к ш і — ірімшік
- Н е к ү д — дүкен
- Ұ м ғ а і м л — мұғалім
- Ы ш у қ о — оқушы
Сабақты бекіту: «Дұрыс — Бұрыс»
Мұғалім карточкалар таратады. Оқушылар сөйлемдердің дұрыстығын анықтап, белгі қояды.
| Сөйлем | Бағасы |
|---|---|
| Азық-түлік дүкенінде нан, қант, шай, сүт сатылмайды. | Бұрыс |
| Азық-түлік дүкенінде нан, қант, шай, сүт сатылады. | Дұрыс |
| Азық-түлік дүкенінде киімдер сатылады. | Бұрыс |
| Сен азық-түлік дүкенінен қант, нан, кәмпит сатып алдың. | Дұрыс |
| Ол азық-түлік дүкенінен қалам, дәптер сатып алды. | Бұрыс |
| Әжем азық-түлік дүкенінен айран, қаймақ сатып әкелді. | Дұрыс |
Әр топ кезекпен сөйлемдерді оқып, олардың дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдейді.
Рефлексия
- Бүгін қандай тақырып өттік?
- Азық-түлік дүкенінде нелер сатылады?
- Сабақ сендерге ұнады ма?
Егер сабақ ұнаса, алдарыңдағы қағазды шеңбердің ішіне жапсыруға болады.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- «Азық-түлік дүкенінде» тақырыбы бойынша 5 сөйлем құрастыру.
- Жаңа сөздерді қайталау.
Бағалау
Мұғалім сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалайды. Келесі сабақта осы тақырып аясында жұмысты жалғастырамыз.