Айналамызда албырап пісіп тұрған алма ағаштары
Ақтау қаласы, №3 орта мектеп
«Жыр — менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым»
Бұл әдеби кешті Ақтау қаласының №3 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Бақтыгереева Сания Байбозовна ұйымдастырды.
Кештің өзегі — поэзия патшайымы, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың өнегелі өмірі мен шығармашылық әлемі.
Мақсаты
- Фариза Оңғарсынованың өмір жолын, өнерін, өр мінезін, асқақ рухын оқушыларға насихаттау.
- Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілікті арттыру.
- Ақынға деген оқырман ықыласын, құрметін тереңдету.
Көрнекілігі
Кеш барысы
Көрініс
Ортада ерлі-зайыпты отырады: отағасының қолында домбыра, отанасының қолында кесте.
Әйелі
Отағасы, бүгін бір ғажап түс көрдім. Түсімде саялы бақтың ішінде қыдырып жүр екенбіз. Айналамызда албырап піскен алма ағаштары. Мен сол алмаларға қызығып, біреуін үзбек болдым. Сол сәтте көзіме бір алма ағашы түсті: онда алманың орнына том-том кітаптар ілініп тұр екен. Сол кітаптардың арасынан қып-қызыл алма көздің жауын алады. Қуанып кетіп, алманы алып, рақаттанып жеп жатқанымда оянып кеттім.
Отағасы (күліп)
Ай, тәйірі-ай. Алла бұйыртса, екеуміз армандаған қып-қызыл алмадай қызымыз дүниеге келер. Қызымыз жай қыз емес, том-том кітап жазып қалдыратын ақын ба, жазушы ма болатын сияқты.
Әйелі
Айтқаныңыз келсін, отағасы, айтқаныңыз келсін!
Кадрдан тыс дауыс
Қазақ даласын құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ерке ақын қызы — Фариза. Ол туған елін өз жырына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой салып, қайталанбас дарын иесі екенін танытты. Оның өлеңдерінен күш алған бүгінгі ұрпақ Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді.
Жүргізушілер
Оралхан
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі мектеп кітапханасындағы кешіміз — жүректерді жан жылуымен ерітіп, поэзия әлемінің биік шыңдарын бағындырған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыр — менің жалғыз тарланым, жанымды жырмен жалғадым» атты әдеби кеш. Қош келдіңіздер!
Мейірім
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Атырау облысының (бұрынғы Новобогат ауданы) Манаш ауылында дүниеге келген. Нарын құмының арасында, мол байлығы болмаса да берекесі мен дәулеті жарасқан отбасында өсті. Әкесі елге сыйлы, ашық-жарқын жан болған. Ақын әкесіне арнап көптеген өлең жазды. Фариза жастай әкесінен айырылып, анасы Халиманың тәрбиесінде өседі. Анасы көп сөйлемейтін, сөйлесе мақалдап сөйлейтін, аса ақылды, рухани қуатты, сұлу адам болған. Ана арқылы естіген ертегі-аңыздар ақынның жыр әлеміне арқау болып, әсіресе «ана» тақырыбын тереңдетті.
Оқушылар орындауындағы шығармалар
«Жыр — менің тарланым»
Қуанышева Нұршат, 10 «А»
Фариза ақынға арналған слайдқа назар аударайық.
«Перзент сөзі»
Жаснұр, 9-сынып
Әкем — менің тәңірім, пайғамбарым,
Ұмтылатын биігім, сайран бағым.
Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ,
Біліп алған, япыр-ау, қайдан бәрін?!
Күшті де жоқ дәл ондай жер бетінде,
Сұлу мүсін — бір мін жоқ келбетінде!
Батыр, дана — сол ғана.
Асығамын әкеме ұқсап, тезірек ержетуге.
Ол жоқ болса, ұйқы да қашты менен,
Көріскенде қуаныш шашты денем.
Әкеме ұқсап әжемді қадірлеймін,
Анашымды әкемше жақсы көрем.
Ол тұрғанда сезінбей қатер демін,
Хандардың да қалпағын әпермедім.
Әділ шешім айтатын барлық істе
Біздің үйде бас қазы — әкем менің.
Әкем барда арқам кең, жоқ алаңым,
Бәрі орнында: шаруаң, қора, малың.
Төрт жағымыз — құбыла.
Мен өскенде қиындау-ау әкемдей бола аларым.
«Анама»
Мейірім, 9-сынып
Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки, мен де ержеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын
Аяулым — сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
Мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
Тұрғандай сезем жанымда.
«Адал бол», — деуші ең, жұлдызым,
Сақталды сөзің жадымда.
Игі еңбек түбі осы-ау, — дер
Көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей анашым!