Сандар құрамын анықта
Жамбыл облысы, Тараз қаласы — Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы
Қосымша білім беру педагогы: Танрибергенова Жанат Рахимбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Сыр сандық білімдарларға»
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды қызықты математикалық тапсырмаларды дұрыс әрі жылдам орындауға баулу; ойын арқылы білімін анықтау және қарапайым математиканы меңгертуде тапқырлыққа тәрбиелеу.
Білімділік
Ойын тәсілдері арқылы балалардың білімін анықтау; қарапайым математиканы үйретуде тапқырлыққа баулу.
Тәрбиелік
Шапшаңдыққа, бір-бірінің сөзін тыңдай білуге, өз пікірін айтуға және дәлелдей алуға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Өтілген тақырыптар бойынша есеп шығару дағдысын қалыптастыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Әдістері мен көрнекілігі
Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
- Суретпен жұмыс
- Логикалық тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі
- Қима сандар
- Кеспе қағаздар
- Слайд
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің амандасуы: «Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар!»
Психологиялық дайындық (балалардың амандасуы)
Амансың ба, ұстаздар!
Амансың ба, достарым!
Білім іздеп келгенбіз!
Тату-тәтті елденбіз!
Сіздерді көрсек қуанған!
Бүгін бізде санамақ сабағы. Бұл сабақта біз сандарды және олардың атауларын тануды қайталаймыз.
- Бір таңбалы сандарды ата.
- Екі таңбалы сандарды атап бер.
2) Жаңа сабақ: «Сыр сандық білімдарларға»
Слайдтан «сыр сандық» көрсетіледі. Осы сандықтың ішінде санамақ сабағында меңгерген біліміміз жасырынған. Біз тапсырмаларды орындай отырып, өз білім нәтижелерімізді көрсетеміз.
Сыр сандығым ашылсын, Ішінен білім шашылсын!
Ендеше, кезекті тапсырмаларды бастайық.
1-тапсырма: «Ойлан, тап!»
- Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
- Қай пішіннің үш бұрышы болады?
- Қай пішіндердің бұрышы болмайды?
- 9 санында неше бірлік бар?
- 10 санының көршілерін ата.
- 8 саны 6 санынан қанша бірлікке артық?
- 5 саны 9 санынан қанша бірлікке кем?
Әр тапсырма орындалған сайын оқушылар мадақталып отырады.
2-тапсырма: «Кім тапқыр?»
Мақсаты — орман аңдарына жеміс-жидектерді үлестіруге көмектесу. Ол үшін берілген қосу және азайту амалдарын орындаймыз.
3-тапсырма: «Сандар құрамын анықта»
Мақсаты — жасырынған санды анықтап табу.
Сергіту сәті
Құсқа ұқсап бәріміз,
Қане, қанат жаяйық.
Құс сияқты қалықтап,
Ұшып-ұшып алайық!
4-тапсырма: «Кім жылдам?»
Мақсаты — жолаушыларды өз орындарына дұрыс орналастыру. Әр жолаушыны өз орнына отырғызу үшін төменде берілген тапсырмаларды орындаймыз. Нәтижесінде әр жолаушының қай вагонда отыру керектігін анықтаймыз.
6-тапсырма: Логикалық есептер
- Үстел үстінде бес жұмыртқа бар. Бір жұмыртқаны ортасынан бөліп, қайта қойдық. Үстел үстінде неше жұмыртқа болды?
- Ағаштың басында 4 торғай отыр еді, 3 торғай ұшып келді. Мысық оларды көріп, ағашқа өрмелей бастады. Ағашта неше торғай қалды?
- Асанның алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай, қалай шетіне қоюға болады?
Сабақты қорыту
Сыр сандық та ашылды, Көптеген есеп шығардық. Айтыңдаршы, балалар, Нені қайталап, нені білдік?
Рефлексия сұрақтары:
- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
- Қандай тапсырмаларды орындадық?