Тақырыпқа шығу

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп және мұғалім

Қала
Екібастұз
Білім беру ұйымы
№26 мектеп-гимназия
Пәні
Математика (1-сынып)
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Сахан Мешимхан

Сабақтың тақырыбы

4 санын қосу кестесі

Жеке жұмыс Жұптық жұмыс Топтық жұмыс Күрделі тапсырма

Бағалау

Өзін-өзі бағалау: «Бағдаршам»

Оқыту мақсаттары

Білімділік

  • 4-ті қосу кестесін құру.
  • Санның құрамы туралы білімді бекіту.

Дамытушылық

  • Топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

  • Бірлесіп жұмыс істеуге баулу.

Белсенді оқыту әдіс-тәсілдері

  • Сын тұрғысынан ойлау
  • Оқыту үшін бағалау
  • Оқуды бағалау
  • Ақпараттық технология
  • Формативті бағалау

Оқу нәтижелері

  • 4-ті қосу және азайту кестесін құрастырып, есептей алады.
  • Топпен жұмыс арқылы сөйлеу дағдысы қалыптасады.
  • Бірлесіп жұмыс істеуге үйренеді.

Ресурстар және пәнаралық байланыс

Негізгі дереккөздер

  • АКТ
  • Маркерлер, қарындаш, өшіргіш
  • Кестелер

Пәнаралық байланыс

  • Ана тілі, дүниетану
  • Жолда жүру ережесі
  • Өнер, дене шынықтыру және т.б.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақта ынтымақтастық атмосфера қалыптастырылады. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілек айтады.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, досым,

Қайырлы күн болсын.

Жұма күнгі сабақ,

Сәттілікке толсын.

Бүгін сенің алар бағаң,

Тек қана бестік болсын.

Осы жылулықпен сабағымызды бастаймыз.

Топқа бөлу

Оқушылар алдын ала 4 топқа бөлініп отырады.

Өткенді пысықтау

Әр топқа өрнектерді шығару тапсырмасы беріледі. Одан кейін мозаика құрастырылады: артында цирктің суреті жасырылған.

Мотивация және тақырыпқа шығу

Мұғалім сұрақ қояды: «Балалар, циркке барасыңдар ма?»

Циркке кіру үшін билет керек. Біздің билетіміз — біліміміз. Сондықтан келесі тапсырмаларды орындаймыз:

  1. «Цирк» сөзіне дыбыстық талдау жасау: неше дыбыс, неше әріп бар?
  2. 4 санының құрамын қайталау.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу кестесі. Мұғалім бағыттаушы сұрақ қояды: «Бүгін не үйренеміз деп ойлайсыңдар?»

Негізгі кезең: «Цирктегі тапсырмалар»

«Біз цирктеміз». Алдымен цирк аренасына зебра шығады. Мұғалім сұрайды: «Бұл жануардың үстіндегі жолақтарды тағы қайдан көрдіңдер?» (жолда).

Жол қауіпсіздігіне қысқаша еске салу

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Орындап жол тәртібін,

Жолы болсын әркімнің!

Циркте жануарлар жонглерлердің тапсырмаларын орындайды. Зебраға берілген тапсырманы бірге орындаймыз.

Дәптермен жұмыс: №1 тапсырма

Қосылғыштарының бірі 4 болатын және азайтқышы 4 болатын өрнектерді жаз. Мәнін тап.

Қосу

  • 0 + 4
  • 1 + 4
  • 2 + 4
  • 3 + 4
  • 4 + 4
  • 5 + 4
  • 6 + 4

Азайту

  • 10 − 4
  • 9 − 4
  • 8 − 4
  • 7 − 4
  • 6 − 4
  • 5 − 4
  • 4 − 4

Негізгі ой: 4-ті қосу — санға 4-ті біртіндеп қосып, нәтижені жүйелі түрде табу; 4-ке азайту — кері амал ретінде қарастырылады.