Өрнек құр және олардың мәндерін тап

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Жағалбай Рысгүл Сүлейменқызы.

Тақырып

5-ке көбейту және бөлу кестесі.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақ типі

Жаңа білімді меңгеру.

Әдістер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, ойын, салыстыру және басқа әдістер.

Көрнекіліктер

Интербелсенді тақта, слайдтар, ойын элементтері, 5-тің көбейту кестесі.

Сабақ мақсаты

Білімдік

Оқушыларды 5-ке көбейту және бөлу кестесімен таныстыру; көбейту мен бөлу амалдарын жан-жақты меңгерту; өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Дамытушылық

Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын (жылдам, дұрыс) жетілдіру; логикалық ойлауын дамыту; пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік

Сауаттылыққа, ұжымдасып жұмыс істеуге, шыншылдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа және тапсырманы өз бетінше орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Бүгінгі күн, міне, сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз — кілең бестік болсын!

Өту мақсаты

Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл күй қалыптастыру, жұмысқа дайындықты тексеру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Математикалық диктант:

5×2 =
7×2 =
3×9 =
6×5 =
40÷4 =
24÷3 =
18÷2 =
4×5 =
8×5 =
35÷5 =

3) Мақсат қою кезеңі

Сұрақ: «5 санына байланысты нені білесіңдер?» (ой толғау әдісі)

Мысалдар

  • 5 нәрсеге асық бол
  • 5 нәрседен қашық бол
  • 5 саусақ
  • 5 арыс
  • 5 қару

Нәтиже

5 санының өмірдегі және математикадағы маңызын байланыстыра отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбына ойша көпір құру.

4) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқулықпен жұмыс

  • Тақтада 5-ке көбейту кестесі берілгенін талқылау.
  • Неге кесте «бестен» басталатынын түсіндіру (2·5, 3·5, 4·5 бұрын өткен).
  • Көбейтіндіні қосу арқылы табуға болатынын көрсету.

Негізгі идея

5-ті 5-ке көбейту — 5-ті өз-өзіне 5 рет қосу.

Қосу арқылы түсіндіру

5·5 = 5+5+5+5+5 = 25

5·6 = 5+5+5+5+5+5 = 30

5·7 = 5+5+5+5+5+5+5 = 35

5·8 = 5+5+5+5+5+5+5+5 = 40

5·9 = 5+5+5+5+5+5+5+5+5 = 45

Қорытынды: тиімді тәсіл — көбейту амалын қолдану.

Көбейткіштердің орнын ауыстыру

6·5 = 5·6

7·5 = 5·7

8·5 = 5·8

9·5 = 5·9

Ереже: көбейткіштердің орны ауысса да, көбейтіндінің мәні өзгермейді.

5-ке көбейту кестесін толықтыру (дәптерге)

5·5 = 25

5·6 = 30

5·7 = 35

5·8 = 40

5·9 = 45

Бөлу — көбейтуге кері амал

Көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткіш шығады.

25÷5 = 5

себебі 5·5=25

30÷5 = 6

себебі 6·5=30

35÷5 = 7

себебі 7·5=35

40÷5 = 8

себебі 8·5=40

45÷5 = 9

себебі 9·5=45

Топтық жұмыс: «Үй құрастыру» тапсырмасы

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» — Абай. Осы ойға сүйеніп, тапсырмаларды рөлдер арқылы орындаймыз: экономист, сәулетші, құрылысшы, тас қалаушы, үй төбесін жабушы, сылақшы, дәнекерлеуші, бағбан.

Экономист (№2): белгісіз санды тап

5·□ = 30

□·5 = 25

30÷□ = 6

35÷□ = 5

Анықтама

  • Көбейтіндіні көбейткіштердің біріне бөлсе, екінші көбейткіш шығады.
  • Бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, бөлгіш шығады.
  • Бөлгішті бөліндінің мәніне көбейтсе, бөлінгіш шығады.

Сәулетші (№3): өрнек құрастыр және мәнін тап

3

10

5

□ · 6

15 ÷ 5

4

30

Мақсат: сандар арасындағы байланысқа сүйеніп, өрнектер құрастырып, нәтижесін табу.

Құрылысшы (№4): теңдеу құрып есеп шығар

Жұптық жұмыс: «Не белгілі? Не белгісіз?»

1-есеп

x·7 = 35

Шешуі: 5·7 = 35

Жауабы: 7 кг қауын.

2-есеп

x·5 = 35

Шешуі: 7·5 = 35

Жауабы: 7 кг тұз.

Тас қалаушы: «Миға шабуыл» (өзіндік жұмыс)

650 − 90 = 540

306 + 80 = 386

32 ÷ 4 · 3 = 24

(354 + 632) − 300 = 686

720 − (380 + 220) = 120

3·9 − 19 = 8

4·7 − 14 = 14

7·3 + 34 = 55

8·3 ÷ 6 = 4

Дәнекерлеуші: «Миға шабуыл» (ауызша)

Берілген мәндер үшін есепте: 4·b, мұнда b = 1, 2, 5, 8, 9, 0.

4·1 = 4

4·2 = 8

4·5 = 20

4·8 = 32

4·9 = 36

4·0 = 0

Сергіту сәті

1 – 2 – 3 — бойға жинап күш

4 – 5 – 6 – 7 — мынау қала шеті

8 – 9 – 10 — ал, кәнекей, қон

Үй төбесін жабушы (№7): есепті талдап шығар

Талдау сұрақтары: не туралы айтылған, не белгілі, не белгісіз, неше амалмен шығарамыз?

1-есеп

Т. д. — 6 (о), Т. к. — 4 (о), әрқайсысы — 2 м. Шұңқыр саны — ?

(6 + 4) · 2 = 20

Жауабы: 20 шұңқыр қазылды.

2-есеп

Ж. — 5 қ., әрқайсысы — 10 (г), К. — 42.

5 · 10 + 42 = 92

Жауабы: 92 гүл өсіп тұрды.

Сылақшы: геометриялық тапсырма

Қай фигуралар қиылысады? Қиылысудан пайда болған шаршының периметрін тап.

Фигуралар

  • Тік төртбұрыш пен бұрыш
  • Шеңбер мен қисық сызық
  • Шаршы мен тік төртбұрыш

Периметр

Берілгені: 1 қабырға = 1 см

P = 1+1+1+1 = 4 см

P = 1 · 4 = 4 см

Бағбан (№9): шығармашылық жұмыс

Берілген өрнектердің мәнін тап және есептеу жолын түсіндір:

45 ÷ 5

3 + 5

9·5 − 20

9 − 2

30 ÷ 5