Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды бағалау
Сабақтың тақырыбы
Практикалық жұмыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру, графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Эстетикалық талғамын қалыптастыру, орындалған жұмыстан қорытынды шығара білуге машықтандыру.
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың түрі
- Практикалық жұмыс
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, компьютер, оқулық, смайлик
Сабақтың жүру барысы
-
I
Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
-
II
Құрал-жабдықтарын тексеру.
-
III
Назарын сабаққа аудару.
-
IV
Үй тапсырмасын тексеру (өткен тақырып бойынша тест).
-
V
Жаңа сабақты меңгерту, оқу материалдарымен таныстыру.
-
VI
Тапсырмаларды орындау.
-
VII
Сабақты бекіту.
-
VIII
Үйге тапсырма беру.
-
IX
Оқушыларды бағалау.
Пысықтау сұрақтары (тест)
Оқушыларға өткен тақырып бойынша пысықтау сұрақтары ұсынылады. Әр сұраққа дұрыс жауапты таңдаңыз.
-
1) Paint графикалық редакторы дегеніміз не?
- A) Мәтіндік редактор
- Ә) Графикалық редактор
- Б) Электронды кесте
-
2) Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
- A) Бастау → Барлық бағдарламалар → Стандарттық → Paint
- Ә) Менің құжаттарым → Менің суреттерім → Paint
- Б) Бастау → Барлық бағдарламалар → Paint
-
3) Үзінді дегеніміз не?
- A) Объектінің аты
- Ә) Суреттің бөлінген бөлігі
- Б) Буманың аты
-
4) Сурет салу құралы нешеу?
- A) 10
- Ә) 4
- Б) 16
-
5) Палитрада неше түс бар?
- A) 48
- Ә) 30
- Б) 18
-
6) Масштаб өзгергенде суреттің және мәтіннің мөлшері өзгере ме?
- A) Иә
- Ә) Жоқ
- Б) Білмеймін
Жаңа сабақ: практикалық тапсырмалар
№1 тапсырма
PaintБерілген фигуралардан жұмбақтың жауабы болатын суретті құрастырып, Paint терезесінде салыңыз.
Бір көзім «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді,
«Қарап ал маңайға» дейді.
№2 тапсырма
PaintБерілген фигуралардан жұмбақтың жауабы болатын суретті құрастырып, Paint терезесінде салыңыз.
Ұзынды-қысқа қос тіл,
Он екі цифрмен дос бұл.