Отбасы сөзіне ассоциация құрғызу
«Әке, ана — үш-ақ әріп тіршілік, үш әріптен үлбірейді гүл шығып…»
Жалпы мақсат
Отбасы — өмірдің ұйытқысы. Отбасылық құндылықтың киелі мәнін ұғындыру, отбасы тәлім-тәрбиесінің маңызын түсіндіру және оқушылардың санасында берік түсінік қалыптастыру.
Оқу нәтижесі
- Оқушылардың сөйлеу дағдысы дамиды.
- Отбасылық құндылықтар туралы түсінігі тереңдейді.
- Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын таниды.
- Ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, құрметтеуге үйренеді.
Қолданылатын материалдар
- Үлестірме қағаздар, топ атаулары
- Фломастер, ақ қағаз
- «Бала тәрбиесі» тақырыбындағы бейнеролик
- Мультимедиа кешені
Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбие сағатының барысы мен мақсатымен таныстыру. Оқушыларды топтарға бөлу.
Шеңберге тұрып бастау
Қане, қане, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Тұрып үлкен шеңберге,
Алақанды ұрайық.
Неге шеңбер?
Шеңбер — мейірім мен жақсылықтың белгісі. Бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.
«О» әрпі арқылы ой қозғау
Шеңбер «О» әрпіне ұқсайды. «О»-дан басталатын сөздер: Отан, Отбасы, т.б.
Отбасын кімдер құрайды? Отбасы — ошақтың үш тағаны секілді: әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі — отбасының берекесі.
Топқа бөліну
Парақшадағы әріптерден сөз құрап, шешімін табу арқылы топтарға орналасу: Шырақ Бұлақ Құрақ
Негізгі кезең
Ой қозғау, талқылау, бейнеролик арқылы пікір қорғау және шығармашылық тапсырмалар орындау.
II. Ой қозғау: «Отбасы» ұғымына ассоциация
Әке тобы (киіз үй)
«Отбасы» деген ұғымды қалай түсінесіз?
Ана тобы (алақан)
«Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?»
Бала тобы (жүрек)
Отбасының негізі неде деп ойлайсыз?
Топтарға киіз үй, алақан, жүрек бейнеленген парақшалар беріледі.
III. Бейнеролик: «Бала тәрбиесі»
Тапсырма: бейнеролик мазмұны бойынша әр топ өз атауына сәйкес ұстанымын қорғайды.
Ана тобы
Ана бейнесін қорғау
Әке тобы
Әке бейнесін қорғау
Бала тобы
Бала бейнесін қорғау
IV. Сергіту сәті: «Ашулы шарлар» тренингі
Әр оқушыға шар беріледі: алдымен үрлейді, кейін ішіндегі ауаны өз қалауынша шығарады. Мұғалім ауаны шығарудың тәсіліне назар аударады.
Қатты дыбыспен шығару немесе жарып жіберу
Тез ашулануға бейімділікті білдіреді.
Шарды ауаға ұшырып жіберу
Қайтымы тез, көңіл күйі жылдам өзгеретінін аңғартады.
Ауаны жайлап шығару
Ашуды сыртқа шығармай, іште сақтауға бейімділікті көрсетеді.
V. Шығармашылық жұмыс
Әке тобы
Мақал-мәтелдерді жалғастыру.
Ана тобы
Қалдық заттарды пайдаланып, тұрмыста қолданылатын бұйым жасау.
Бала тобы
Мозайка құрастыру және берілген тапсырманы орындау.
«Құндылық құнын ұғыңдар» (кеспе қағазбен жұмыс)
Отбасымда ең сыйлы — __________________________
Ең қымбатты — _________________________________
Ең ақылды — ____________________________________
Ең сүйкімді — __________________________________
Ең құрметті — _________________________________
Ең құнды — ______________________________________
Ең қажетті — ____________________________________
Y. «Әке, ана» өлеңі хормен орындалады.
Қорытынды
Халқымыздың сан ғасырлық даналығы «Адамның бақыты — балада» деп түйіндейді. Бақытты біреу байлықтан, біреу атақ-даңқтан, мансаптан іздейді. Ал мәніне үңілген адам үшін бұлар өткінші нәрсе. Адамға шынайы бақыт сыйлайтын — тәрбиелі ұрпақ.
Демек, адам өмірінің мәні — өз ұрпағы, өз жалғасы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен айтсақ, отбасы — адам өмірінің ең жақсы жақтары жүзеге асатын, ең басты шаттық саналатын балалар өсіп, өмір сүретін орта.
Негізгі ой
Баланың ең алғашқы ұстазы — ата-ана.
Түйін
Отбасы — шағын мемлекет; тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы.