Сақтандырғыш рең

7-сынып биология

Тақырып: Бунақденелілер — адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу.

Мақсаты

Оқушыларды зиянкес бунақденелілермен күресуге және қоршаған ортаны қорғауға үйрету.

Міндеттері

  • Білімділік: бунақденелілердің зиянкес және пайдалы түрлерімен таныстыру.
  • Дамытушылық: зиянкес жәндіктер туралы білімін дамыту, қызығушылығын арттыру.
  • Тәрбиелік: өз бетінше ізденуге, топпен жұмыс істеуге және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақ туралы

Түрі
жаңа білімді меңгерту
Типі
аралас сабақ
Әдістері
тест сұрақтары, СТО элементтері, «5 алғың келсе» ойыны
Құрал-жабдықтар
интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Құрал-жабдықтарын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру

Тест сұрақтары арқылы білімді бекіту және жаңа тақырыпқа кіріспе жасау.

I. Үй тапсырмасы: тест сұрақтары

Әр сұраққа бір дұрыс жауап таңдаңыз.

  1. 1) Зауза қоңызы дернәсілінің даму уақыты:

    • A) 3 жыл
    • B) 2 жыл
    • C) 4 жыл
    • D) 5 жыл
    • E) 1 жыл
  2. 2) Бунақденелілер қандай класс тармақтарына жіктеледі?

    • A) Өрмекшітәріздестер, шаянтәріздестер
    • B) Буынаяқтылар, өрмекшітәріздестер
    • C) Бауыраяқтылар, қанаттылар
    • D) Басаяқтылар, қосжақтаулылар
    • E) Туақанатсыздар, қанаттылар
  3. 3) Бунақденелілердің шамамен қанша мыңға жуық түрі бар?

    • A) 200 000
    • B) 600 000
    • C) 700 000
    • D) 800 000
    • E) 900 000
  4. 4) Бунақденелілердің барлығы неше аяқты?

    • A) 8
    • B) 10
    • C) 4
    • D) 6
    • E) 2
  5. 5) Адам мен жануарларда паразиттік тіршілік ететін бунақденелі:

    • A) Шыбын
    • B) Қоңыз
    • C) Бұзаубас
    • D) Бит
    • E) Инелік
  6. 6) Латын тілінен аударғанда «имаго» сөзі:

    • A) Тура даму
    • B) Ересек жәндік
    • C) Дернәсіл
    • D) Қуыршақ
    • E) Итшабақ
  7. 7) Бунақденелілерді зерттейтін ғылым саласы:

    • A) Герпетология
    • B) Гельминтология
    • C) Энтомология
    • D) Бриология
    • E) Вирусология
  8. 8) Толық түрленіп даму:

    • A) Жұмыртқа → дернәсіл → қуыршақ → имаго
    • B) Жұмыртқа → дернәсіл → имаго
    • C) Жұмыртқа → имаго
    • D) Имаго → қуыршақ
    • E) Имаго
  9. 9) Толық түрленіп дамитын бунақденелілер:

    • A) Алабұға, сазан
    • B) Кесіртке, жылан
    • C) Шұбалшаң, гидра
    • D) Шегіртке, тарақан, дәуіттер
    • E) Қоңыз, шыбын, маса
  10. 10) Зәр шығару мүшесі:

    • A) Демтүтік
    • B) Бүйрек
    • C) Мальпигий түтігі
    • D) Өкпе
    • E) Нимфа

II. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Төмендегі мысалдар арқылы бунақденелілердің зияны мен пайдасын, сондай-ақ адам өміріне әсерін талқылаймыз.

1-слайд: Колорадо қоңызы

Зиянкес

Колорадо қоңызы — картоптың өте қауіпті әрі кең тараған зиянкесі. Онымен тиімді күресу үшін әр адам бұл жәндікті танып, оның таралуына жол бермеу тәсілдерін білуі қажет.

Негізгі ой: зиянкесті дер кезінде анықтау — өнімді сақтаудың маңызды қадамы.

1-слайд: Қанқыз (қанқыз қоңызы)

Пайдалы

Қанқыздың да, оның дернәсілінің де негізгі қорегі — өсімдік шырынын соратын ұсақ жәндіктер, әсіресе өсімдік битесі. Бітелер өте тез көбейіп, ауыл шаруашылығына елеулі зиян келтіреді.

Сондықтан адамдар қанқызды биологиялық күрес құралы ретінде қолданады: оны арнайы зертханаларда көбейтіп, бақтарға жібереді.

Сақтандырғыш рең

Қанқызға тиіп қалсаң, ол күйдіргіш сұйықтық бөледі. Бұл қасиет оны құстардан және басқа жауларынан қорғайды. Құстар қанқыздың көзге бірден түсетін ашық түсін танып, оған жуымайды. Осындай ашық, ескерту мәнді түс сақтандырғыш рең деп аталады.

2-слайд: Өлексеқоңыз және қиқоңыз

Пайдалы

Жаз мезгілінде жерде жатқан ұсақ жануарлардың өлекселерінің маңынан үстіңгі қанатында көлденең қызыл-сары екі жолағы бар қара қоңыздарды кездестіруге болады. Бұл — өлексеқоңыз.

Өлексеқоңыз өте иісшіл: өлексені алыстан сезіп, ұшып келіп, оның астынан ін қазады. Топырақты қаза отырып, өлексені шұңқырға түсіреді. Жұмыртқаларын топыраққа салады, личинкалары шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді.

Неге пайдалы? Егер өлексеқоңыздар болмаса, өлекселер жер бетінде шіріп, айналаға зиянын тигізер еді. Қиқоңыздар да көңді топыраққа көміп, табиғи тазалыққа үлес қосады.

Қорғауды қажет ететін түрлер

  • Елімізде бұғы қоңыздың саны сиреп барады — оны қорғау қажет.
  • Қиыр Шығыста дене тұрқы 10 см-ге жететін уссурий сүгені жойылып барады — оны да қорғау керек.

3-слайд: Үй шыбыны

Күнделікті кездеседі

Сыртқы құрылысы

  • Денесі сұрғылт қоңырқай реңді.
  • Алдыңғы қанаттары мөлдір және жақсы жетілген.
  • Артқы қанаттары тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін ызылдауыққа айналған.
  • Қозғалысы шапшаң; басында қысқа мұртшалары және күрделі көздері бар.

Қоректенуі

Шыбындар қант, нан, бәліш және басқа да тағамдардың үстімен өте тез қозғалады. Олардың дәм сезу мүшелері аяқтарының ұштарында орналасады.

Төменгі ерні өзгеріп, тұмсыққа айналған. Үй шыбыны тек сұйық тағаммен қоректенеді: ол асқорыту сөлін бөліп, қатты тағамды ерітеді де, еріген қоректі тұмсығымен сорып алады.

Маңызды түсінік: тағамның бетімен жүруі және қоректі ерітіп соруы — шыбынның инфекция қоздырғыштарын таратуына қолайлы жағдай туғызады.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}