Сергіту сәті. Ауызша тапсырма
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Қала
- Қарағанды
- Мектеп
- № 6 жалпы білім беретін орта мектеп
- Әдістеме бірлестік
- Бастауыш сынып
- Жетекші
- Жұмажанова Дана Саветовна
- Тақырып
- 6-ға көбейту және бөлу кестесі
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Білімнің тұңғиығын бойлайтын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтын.
Ғылымдар патшасы — деп дараланып,
Математика — қызыққа тоймайтын.
- Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Сыныпты екі топқа бөлу: «Алғырлар» және «Тапқырлар».
- Әр орындалған тапсырма үшін топ қоржынына ұпай салынады (асық арқылы белгіленеді).
2) Үй тапсырмасын тексеру
8-мысал бойынша орындалған жұмыстар тексеріледі.
3) Жаңа сабаққа кіріспе: «Ой толғау»
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері қайталанады. Сондай-ақ күнделікті өмірмен байланысты қысқа сұрақтар қойылады.
Қайталау сұрақтары
- Қосу амалының компоненттері қандай?
- Азайту амалының компоненттері қандай?
- Көбейту амалының компоненттері қандай?
- Бөлу амалының компоненттері қандай?
Жылдам ойлан!
- Көбейткіштердің орындары ауысса да не өзгермейді?
- 1 минутта неше секунд бар?
- 1 тәулікте неше сағат бар?
- 1 ғасырда неше жыл бар?
Осыдан кейін жаңа тақырып жарияланады: 6-ға көбейту және бөлу кестесі.
4) 6-ға көбейту кестесін түсіндіру
Көбейту — бірдей қосылғыштарды қысқа жолмен қосудың тиімді тәсілі екені мысал арқылы көрсетіледі.
Көбейту
- 6 × 2 = 12
- 6 × 3 = 18
- 6 × 4 = 24
- 6 × 5 = 30
Қайталанатын қосу
- 6 + 6 = 12
- 6 + 6 + 6 = 18
- 6 + 6 + 6 + 6 = 24
- 6 + 6 + 6 + 6 + 6 = 30
Талқылау: 6 мен 5-тің көбейтіндісі — 30. 6-ны өзіне 5 рет қосқанда да — 30. Демек, уақытты үнемдеу үшін көбейту амалын қолдану тиімді.
Ауыстырымдылық қасиеті
6-ға көбейту кестесі көбейткіштердің орнын ауыстыру қасиеті арқылы да құрылады:
- 7 × 6 = 6 × 7
- 8 × 6 = 6 × 8
- 9 × 6 = 6 × 9
5) 6-ға бөлу кестесін түсіндіру
Бөлу амалы көбейтудің кері амалы екені нақты мысалдармен дәлелденеді.
- 36 ÷ 6 = 6 себебі 6 × 6 = 36
- 42 ÷ 6 = 7 себебі 7 × 6 = 42
- 48 ÷ 6 = 8 себебі 8 × 6 = 48
- 54 ÷ 6 = 9 себебі 9 × 6 = 54
6) Оқулықпен жұмыс
7-есеп
Мектептегі 6 кабинеттің әрқайсысына 8 компьютерден және мұғалімдер бөлмесіне 2 компьютер қойылды. Мектепке барлығы неше компьютер қойылды?
Шарты
- 6 кабинет: әрқайсысында 8 компьютер
- Мұғалімдер бөлмесі: 2 компьютер
Шешуі
(8 × 6) + 2 = 50
Жауабы: 50 компьютер.
8-мысал
- 729 + 234 = 963
- 500 − 264 = 236
- 504 + 124 = 628
- (48 − 39) × 6 = 54
- (19 + 17) ÷ 6 = 6
- 24 ÷ (3 × 2) = 4
Көбейту
- 1 × 6 = 6
- 20 × 6 = 120
Бөлу
- 6 ÷ 6 = 1
- 60 ÷ 6 = 10
Үлкен сандар
- 6 ÷ 1 = 6
- 360 ÷ 6 = 60
9-теңдеу
54 − x = 27
x = 54 − 27
x = 27
Тексеру: 54 − 27 = 27
a + 39 = 156
a = 156 − 39
a = 117
Тексеру: 117 + 39 = 156
7) Сергіту сәті
Оқушылардың ойын сергіту үшін сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешіледі.
Жұмбақ 1
Шығармақ боп кеше есеп,
Жиналғанды бес есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек?
Жауабы: 2
Жұмбақ 2
Мына алты ақ алма,
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы — Анарға,
Қызыл алма — Манарға.
Қанша сонда бар алма?
Жауабы: 10
Сонымен қатар математикаға қатысты мақал-мәтелдер айтылып, сыныппен талқыланады.
8) Топпен жұмыс: «Кім тез ойлайды?»
Ауызша есептеуге арналған тапсырмалар орындалады.
9) Қызығушылықты арттыру: «Кубизм» ойыны
Оқушылардың алдына сандар жазылған кубик тасталады. Қай сан түссе, сол санды мұғалім айтқан санға көбейтіп немесе бөліп, жауабын жылдам айту керек.
10) Сөзжұмбақ
Көлденеңінен
- 1) Аптаның бесінші күні Жұма
- 2) Жыл басы Тышқан
Тігінен
- 1) Аптадағы күн саны Жеті
- 2) 12 жыл Мүшел
11) Сабақты қорытындылау және бекіту
Таратпа кеспе қағаздар арқылы оқушылардың алған білімдері пысықталып, сұрақ-жауап арқылы бекітіледі.
Бекіту сұрақтары
- 1 жылда неше күн бар? (365 немесе 366)
- 1 мүшелде неше жыл бар? (12)
- Математикаға қатысты қандай мақал-мәтел білесің?
12) Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
6-ға көбейту және бөлу кестесін қайталау. Оқулық: 112-бет, 11-мысал.
Бағалау
Әр топтың және оқушылардың жинаған ұпай санына қарай мадақтап бағалау жүргізіледі.