Жезқазған менің жүрегімде
«Жезқазған – менің жүрегімде!»
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, қонақтар және білімге құштар оқушылар! Қаламыздың 60 жылдығына орай мектебімізде ұйымдастырылған «Бақытымның бастауысың – Жезқазған» атты Ашық есік күні аясында 6-сыныптар арасында ата-ана мен баланың қатысуымен өтетін «Жезқазған – менің жүрегімде!» атты таңғажайып алаңға қош келдіңіздер!
Қазақ халқы туған елін, туған жерін алтын бесікке теңеп, оны дүниедегі байлықтың бәрінен жоғары қойған. Елін адал перзенттік ыстық жүрекпен сүйген халық жырақта жүрсе де туған жердің топырағын бір иіскеуді, кең жазира төсінде еркін тыныстауды аңсайды.
Осы сезімді ақын Мағжан Жұмабаевтың мына шумағы терең аңғартады:
Кең дала, көресің ғой, анау жатқан,
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.
Асқар тау, балдан тәтті сулары бар,
Әне сол, анам еді мені тапқан!
Ендеше туған жеріміз – Жезқазғанға деген шынайы патриоттық сезімімізді сөзбен ғана емес, нәтижелі ісімізбен, адал еңбегімізбен дәлелдейік.
Жүргізушілер
- •Асель Есенгелдіқызы
- •Айгүл
Көмекші қыздар
- •Нұрай
- •Ләззат
- •Аделия
- •Еркеназ
Ойынның шарты
Ойынды бастамас бұрын ережесімен таныстырып өтейін. Бүгін ұлттық құндылықтардың бірі – қоржын қолданылады. Бірақ бұл жай қоржын емес, таңғажайып қоржын.
- Қоржыннан асық алынады.
- Әр асықта ұпай саны, банкрот, жұлдызша (қалаған әріпті ашу), телефон (досыңызға қоңырау шалу), көрермен залы (залдан көмек сұрау) белгілері кездеседі.
- Ойыншылар айтылған әріптерді белгілеп, жазып отырады.
Тақырып: Жезқазған тарихы мен табиғаты
«Жезқазған – менің жүрегімде!» ойыны туған қаламыз Жезқазғанның тарихы мен табиғи байлығына негізделген. Әр айналымда қатысушылар сұраққа жауап беріп, жеңімпаздарға сыйлықтар табысталады.
I айналым — Тарих
Сұрақ 1Жезқазғанның іргесі 1936 жылы қаланып, Кеңгір өзені жағасындағы Кеңгір ауылының орнында бой көтерген. Белгілі өлкетанушы С. Бүкіровтың дерегіне сүйенсек, кен үңгірлерінің бірін қазғанда самородок сары мыс пен жез көптеп табылып, жергілікті халық атауды өз тіліне аударып «Жезқазған» деп атаған.
Сұрақ:
Жезқазғанның арғы аты қандай болған?
Жауап: Ақжал
II айналым — Өсімдіктер әлемі
Сұрақ 2Қала маңында (Ұлытау төңірегін қоса алғанда) мыңнан астам өсімдік түрі өседі. Жезқазған өңірінде жусанның 30 түрі кездеседі. Флора құрамында 100-ден астам құнарлы жем-шөптік, 50-ге жуық дәрілік, тағамдық және сәндік-декоративтік өсімдіктер бар. Сонымен қатар қала маңында Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек түрлер де кездеседі.
Сұрақ:
Қызыл кітапқа енгізілген қызғалдақтың қай түрі?
Жауап: Альберт қызғалдағы
III айналым — Жануарлар әлемі
Сұрақ 3Жезқазған өңірінің жануарлар дүниесі де бай: сүтқоректілердің 60 түрі, құстардың 200 түрі, балықтың 20 түрі кездеседі. Бұл далада Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарларды да ұшыратуға болады.
Сұрақ:
Қызыл кітапқа енген тырнаның қай түрі?
Жауап: Ақбас тырна (орысша: журавль-красавка)
Музыкалық үзіліс
Келесі кезеңге дейін көрермендерге арналған қысқа музыкалық үзіліс ұйымдастырылады.
Супер ойын
ФиналҮш айналымның жеңімпаздары ортаға шақырылады. Финалда сипаттама бойынша қала анықталады.
Тапсырма:
- •Қалада пайдалы қазба кен орындары игеріледі.
- •2009 жылғы мәлімет бойынша тақырланған жер көлемі 140 млн м³, жыл сайын 7 млн м³-ке ұлғаяды.
- •Орталық Қазақстанда орналасқан; ауаға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5-орында.
- •2014 жылғы есеп бойынша халық саны 84 699.
- •Облыс бойынша 3-орындағы, жасы жарты ғасырдан асқан қала.
Сұрақ:
Қазақстанның қай қаласы туралы айтылып тұр?
Жауап: Жезқазған
Қорытынды сөз
«Жезқазған – менің жүрегімде!» атты таңғажайып алаңның жеңімпазы анықталды. Құттықтаймыз!
Жезді бойы жез қалам,
Жер түбінен жезді алам.
Алтын қалам, кең далам,
Жезқазғаннан айналам!
Туған қаламыз Жезқазғанды мерейлі жасымен құттықтай отырып, бүгінгі шараны тамашалағандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!