Түскен сәуле
ОҚО, Сарыағаш ауданы
№31 Т. Бигелдинов орта мектебі — Темірбекова Гүлшат Дүйсенәліқызы
Сабақ тақырыбы
§6.1. Жылулық сәуле шығару
Сабақ форматы
- Түрі: аралас
- Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
- Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар
Сабақ мақсаты
- Оқушыларға жылулық сәулелену, энергетикалық жарқырау, энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы, дененің сәулелену қабілеті, спектрлік жұту қабілеті, абсолют қара дене туралы түсінік беру.
- Оқушыларды өз бетімен ғылыми қорытындылар жасай білуге бағыттау.
- Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты бес топқа бөлу.
II. Ой қозғау: «Мен нені үйрендім?»
I топ
- Интерференция қандай құбылыс?
- Интерференцияның шарттары.
- Салыстырмалылық теориясының постулаттары.
II топ
- Дифракция деген не?
- Дифракция құбылысы қай кезде байқалады?
- Дененің жылдамдығын арттырғанда оның массасы қандай формулаға сәйкес артады?
III топ
- Геометриялық және толқындық оптика заңдары.
- Дененің релятивтік импульсінің формуласы.
IV топ
- Жарықтың шағылу заңы.
- Динамиканың негізгі заңы.
V топ
- Жарықтың сыну заңы.
- Эйнштейн формуласы.
Есептер
- Егер Жерге қатысты 0,99c жылдамдықпен қозғалатын ракета ішінде 10 жыл өтсе, Жерде қанша уақыт өтеді?
- Қуаты 100 Вт электр шамы жарық шығарғанда массасының жоғалтуы қандай болады?
- Егер Жерге қатысты 0,8c жылдамдықпен қозғалатын ракета ішінде 21 жыл өтсе, Жерде қанша уақыт өтеді?
- Жердегі бақылаушыға қатысты қозғалмайтын сызғыштың ұзындығы 1 м. Егер сызғыш бақылаушыға қатысты 0,66c жылдамдықпен қозғалса, бақылаушы үшін оның ұзындығы қандай?
«Сәйкесін тап» ойыны
- Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы.
- Уақыттың салыстырмалылығы.
- Ұзындықтың салыстырмалылығы.
- Массаның жылдамдыққа тәуелділігі.
- Масса мен энергия арасындағы байланыс.
Физикалық диктант
Түскен сәуле, шағылған сәуле, түсу нүктесінен тұрғызылған перпендикуляр — ...
Түскен сәуле, ... — барлығы бір жазықтықта жатады.
«Жалғасын тап»
Табиғаттағы барлық физикалық құбылыстар — ...
Жарықтың вакуумдағы таралу жылдамдығы — ...
III. Жаңа сабақ
Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік энергия таратуы жылулық сәулелену деп аталады. Жылулық сәулелердің барлық түрі электромагниттік толқындарға жатады.
Негізгі ұғымдар
- Энергетикалық жарқырау
- Сәулеленіп тұрған дене бетінің бірлік ауданынан барлық бағытта шығатын сәулелену қуаты.
- Энергетикалық жарқыраудың спектрлік тығыздығы (дененің сәулелену қабілеті)
- Дененің беттік аудан бірлігінен жиілік интервалының бірлік енінде шығатын сәулелік қуат.
- Спектрлік жұту қабілеті
- Дененің жұтқан энергия ағынының оған түскен сәулелік энергия ағынына қатынасы.
- Абсолют қара дене
- Барлық жиілікте түскен сәуленің энергиясын түгел жұтып алатын дене.
IV. Бекіту
Тест
«Жылулық сәуле шығару» тақырыбы бойынша білімді тексеру тапсырмалары.
Постер жұмысы
«Жылулық сәуле шығару» тақырыбына постер дайындау және қорғау.
V. Үй тапсырмасы
§6.1 — «Жылулық сәуле шығару».
VI. Қорытындылау және бағалау
Сабақ соңында негізгі ұғымдар қайталанып, оқушылардың жұмысы бағаланады.