Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кім
Кербұлақ ауданы, Шаған ауылы
“П. Дутов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен” КММ
Тарих пәнінің мұғалімі: Сакпаева Асель Амангельдиновна
Сабақтың тақырыбы
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың формасы
Жеке, топтық, ұжымдық
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениетімен, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен және олардың еңбектерімен таныстыру; қазақ әдебиетінің дамуын, осы кезеңдегі жыраулар мен ақындардың өмірі және шығармаларын түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын және белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге баулу, мәдениетке сүйіспеншілігін арттыру және мәдени мұраны жалғастыратын жас ұрпақты тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
3 минут- 1 Оқушылармен сәлемдесу.
- 2 Оқушыларды түгендеу.
- 3 Бар ынтасын сабаққа аудару.
- 4 Оқушыларды топқа бөлу.
II. Жаңа сабақты меңгеру
20 минут1) Ой толғау
Сұрақ: «Балалар, мәдениет туралы не білесіңдер?»
2) Мәтінмен жұмыс
Оқушылар мәтінді оқып, негізгі ұғымдарды анықтайды, дәлелдер мен мысалдарды талдайды.
3) «Кім? Қайда? Қашан?» ойыны
Шарты: Топтарға сұрақтар қойылады. Топ мүшелері бірлесе отырып, қысқа уақытта нақты жауап береді.
«Кім? Қайда? Қашан?» сұрақтары
1
Қазақстанның Ресей ықпалына біртіндеп өтуі қандай өзгерістер әкелді?
2
«Азияға жол іздеу» талабын кім көтерді?
3
Рычковтың «Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалары» еңбегі қашан жарық көрді?
4
И. Муравин, Д. Главдышев, Я. Гуляевтер қай хандардың ордаларында болды?
5
Үмбетей жырау қай жылдары өмір сүрді?
6
Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі қандай?
7
Н. П. Рычков қайда және қандай қызмет атқарды?
8
Орыс ғалымдарының ішінде Қазақстанды зерттегендер кімдер?
9
Ақтамберді жырау қашан және қай жерде жерленген?
10
Тәттіқара өз шығармаларында кімдердің ерлігін жырлады?
11
«Жоңғария картасын» жасаған кім?
12
Ақтамберді қай өңірде тұрды?
13
П. С. Палластың «Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат» еңбегінде не айтылған?
14
Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі П. С. Рычковты кім қолдады?
15
Қашан және қай жерде қазақ хандары мен сұлтандарының съезі өтті?
«Тұлғаны таны» ойыны
Шарты: Оқушыларға тұлғаның бейнесі жасырылып ұсынылады. Тұлғаны анықтау үшін 6 ұяшыққа жасырылған сұрақтарға ұпай жинау арқылы жауап беріледі. 10 ұпай оқушылардың жеке қоржынына түседі, қалған ұпай топтың есебіне жазылады.
10 ұпай
Қазақстанды қай елдердің ғалымдары зерттей бастады?
20 ұпай
Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған «Орынбор өлкесінің топографиясы», «Орынбор тарихы» (1730–1750) еңбектерінің авторы әрі Әбілхайыр ханның бейітін суреттеп жазған ғалым кім?
30 ұпай
XIX ғасырдың 80-жылдарында өлке тарихының белгілі зерттеушісі В. В. Вегеловский «Жоңғария картасын» алғаш рет қай қоғамның жазбаларында жариялады?
40 ұпай
Қазақстан туралы құнды картографиялық мәліметтер кімдердің жазбаларында кездеседі?
50 ұпай
Қазақ жерін зерттеген шетел саяхатшыларын ата.
60 ұпай
Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны, Жоңғарияға сапары қазақ даласы арқылы өткені туралы мәлімет қалдырған; Сібір–Түмен, Тобыл, Барнаул жөнінде дерек жинап, 1750 жылы «Сібір тарихы» еңбегін жазған, «Сібір тарихының атасы» атанған кім?
Жауаптар
Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зерттей бастады.
П. С. Рычков.
Орыс география қоғамының жазбаларында.
Капитан В. Урусов пен И. М. Лихаревтің жазбаларында.
П. С. Паллас, И. Фальк, И. Георги.
Г. П. Миллер.
Талқылау
Бұқар жырау туралы не білеміз? Оқушылар жыраудың тарихи рөлі, ой-толғамдары және қазақ қоғамындағы ықпалы туралы пікір алмасады.