Сөзден сөз құрау

Адамзатты аялайық

Өзіңді де, өзгені де аяла. Аялауды табиғаттан үйрен.

Бұл жұмыс балалардың махаббат, сыйластық және қамқорлық туралы түсініктерін кеңейтуге бағытталған.

Мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Балалардың махаббат пен сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері

  • Өзіңді және өзгені аялаудың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
  • Өзіне және өзгелерге аялы, сыйлы қарым-қатынас қалыптастыру.
  • Сүйіспеншілікке, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Шеңбердегі жылы лебіз

Оқушылар қатарға тұрып, қол ұстасады. Мұғалім оң жағындағы оқушыға жүрекше береді. Оқушы жүрекшені жүрек тұсына қойып, өзін таныстыратын шағын тақпағын айтады да, соңында өз ниетін жеткізеді: «Мен жақсылық жасағым келеді!» Осылайша әр бала кезекпен жалғастырады.

Нұрдәулет: Мен Нұрдәулет атты баламын, айтқан тілді аламын. Сыпайымын әр кезде, жігерлімін, жанамын.

Еламан: Ұшырамын ойды алыс. Ізгілікке бастайды іздену мен толғаныс.

Жанона: Таңғалдырдым талайды. Жақсы болу – өнеге, сыпайылық ұнайды.

Сержан: Көңілімде қылау жоқ. Ел тілегін тілеймін, ақ жүректі ұлан боп.

Мұрат: Менің де көп арманым. Ізгілік пен ибалық мінезден нәр алғанмын.

Жанет: Мейірімді баламын, жақсы жанның досымын. Барлық адам – бауырым, бар мұсылман – асылым.

Назерке: Мен Назерке қыздарың, ауламның ақ гүліндей. Нәзіктікті сүйемін, сұлулыққа бас иемін.

Пәнаралық тапсырмалар (1-сынып)

I. Ана тілі

Сөздер қатары:

қалың, жарық, аласа, мейірімді, момын, қымбат, ақ, кіші, тәтті, ащы

Жазылым:

«Астана» тақырыбына шағын эссе жазу.

Мақал-мәтел:

Оқушылар тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтып, мағынасын түсіндіреді.

II. Математика

1) Байдың шапаны 7 алтын ақша, Алдаркөсенің шапаны 3 алтын ақша тұрады. Байдың шапаны қаншаға қымбат?

2) Алдаркөсенің 8 алтын ақшасы бар еді. Ол 3 алтын ақшасын жұмсады. Қанша ақшасы қалды?

Салыстыр:

  • 4 + 4 × 9 − 1
  • 9 + 1 × 6 + 4
  • 10 − 5 × 4 + 3
  • 4 − 2 × 3 − 3
  • 8 − 3 × 7 + 2
  • 5 + 2 × 7 − 0

Теңдеулерді шеш:

  • 3 + a = 7
  • 8 − a = 5
  • a + 6 = 10
  • a − 6 = 3
  • 4 − a = 3
  • a + 1 = 8

III. Тіл дамыту

Әріптерден сөз, сөйлем құрау:

Б — — — — — А — — — — — А — — — — — Ж — — — — — А — — — — — О — — — — — Ш

  • Балалар аулада аққала жасады.
  • Арман орманға шықты.

Сөзден сөз құрау

«Кемпірқосақ»

кемпір, қос, ақ, сақ, пір, кір, секір, қар, есір, кесір, қосақ, кем, қақ, рас, қор

«Кітапхана»

кітап, хан, ана, ата, апа, тапа, тана, пана, ін, ат, хат, тап

Хор

«Отан» (жүректен жүрекке).

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларға өзін де, өзгені де аялауға дайын екенін жүрек жылуымен бөлісу арқылы білдіруді ұсынады. Аялау — жылы, мейірімді жүректен туады. Бәріміздің жүрегімізде жылылық бар, сол мейірімді бір-бірімізден аямауымыз керек.

Орындау тәртібі:

  • Оқушылар қолдарын жүрек тұсына қояды.
  • Жылылықты «түсіріп алмастай» екінші қолымен демейді.
  • Кезекпен оң жағындағы оқушының қолын жайлап қысады.

Нұрлыбек: Сөз сөйлеймін ойлана. Сабырлымын қайда да, барсам деймін айға да.

Әсем Меруерт: Балалық — ай-дарыға. Сыпайылық — сұлулық, керім ғой, ел тани ма?

Әсем Салтанат: Елді сүйем жүрегім. Білім нәрін сіңіріп, достарыммен көп едім.

Бексұлтан: Жаман болмас бала көп. Басқарамын мен ертең — бұл отанда қала көп.

Мырзахан: Дос-жаранды сыйлаймын, келеді елге ұнағым.

Мұғалімнің түйіні: Әдеп сақта әрдайым. Әрбір адам адамға жасап жүрген жақсылық қайтады саған да.

Ой толғаныс: сұрақтар мен табиғаттан үлгі

Талқылау сұрақтары

  • Аялауды қалай сезінеміз?
  • Аялауды қайдан үйренгеніміз абзал?

Табиғаттың мейірімі

  • Адамдарға нұрын төгеді, аялайды.
  • Ауасымен тыныстатады.
  • Суын береді.
  • Жақсылығын бәріне бірдей жасайды, ешкімді бөлмейді.

Ойын: «Кім жылдам?»

Келесі бөлімде балалар «Ой толғаныс» кезеңінен кейін «Кім жылдам?» ойынын ойнайды. Ойын барысында логикалық есептер орындалады.

Ойын — еңбекке бейімдеудің, дене шынықтыру мен сергітудің құралы, әрі ұжымдық әрекет мәдениетін қалыптастырады.

Қорытынды

Бірге ойнау кезінде әдептілікпен қатар әділеттілік те қажет. Дөрекі сөз айту, даурығу, бір-бірін мазақтау — мәдениетсіздік пен әдепсіздіктің белгісі. Кешірімді әрі әділетті болу, бір-бірінің көңілін қалдырмау — нағыз аялы болуға жетелейді.

Ән

«Анашым» әні. Орындайтын: Тілеуов Нұрдәулет.