Азайту компоненттерін ата
Оқу мақсаты
- Санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды және ажыратады.
- Қосу мен азайту амалдарының компоненттерінің атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.
Бағалау критерийлері
1) Құрастыру
Санды өрнекті құрастырады.
2) Жазу және салыстыру
Санды өрнекті жазады және салыстырады.
3) Компоненттер
Қосу мен азайту амалдарының компоненттерін атап жазады.
Тірек сөз
Санды өрнек
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сынып атмосферасын орнату
Жағымды көңіл күй қалыптастыру, сабаққа назар аударту.
Білу және түсіну
Өткен тақырыпты еске түсіру және жаңа ұғымды енгізу.
Ширату: «Маршрут» әдісі (өткенге шолу)
№1 аялдама
1 ондық + 2 ондық = ?
№2 аялдама
Аспазшы түске дейін 5 ондық тоқаш сатты. Сатуға 1 ондық тоқаш қалды. Аспазшыда бастапқыда неше тоқаш болған?
№3 аялдама
10 − 5 = ?
Азайту компоненттерін ата.
Ереже: «Саябаққа саяхат» тапсырмасы
Саябақтың есігі құлыптаулы. Құлыптағы + және − белгілері — арифметикалық амалдар.
Ереже: Сандар мен арифметикалық амалдар таңбаларынан құрастырылған математикалық жазба санды өрнек деп аталады.
«Жасырын санды тап» әдісі
- Ең үздік баға: 5.
- Шыққан саннан 2-ні азайт: 3.
- Оған 5-ті қос: 8.
Сұрақ: 5, 3, 8 сандары мен арифметикалық амалдарды пайдаланып өрнек құруға бола ма?
5 + 3 = 8
Тапсырма: Қосу амалына кері амал болатындай өрнектер құр.
8 − 5 = 3
8 − 3 = 5
Дескрипторлар
- Шапшаң есептеп, сандарды табады.
- Қосу амалындағы компоненттерді атайды.
- Қосу амалына кері амал құрып, оны атайды.
Қолдану: «Бірлескен жұп» әдісі
Оқушылар жұптасып, ағаштағы жапырақтарға жазылған өрнектердің тиісті жауабын тауып, өрнекті құрып шешеді.
Өрнектер
5 + ? = 7
9 − 6 = ?
6 + ? = 8
4 + 3 = ?
9 − 2 = ?
1-топ
Мәні 7-ге тең өрнектерді шешеді.
2-топ және 3-топ
2-топ: мәні 3-ке тең өрнектерді шешеді.
3-топ: мәні 8-ге тең өрнектерді шешеді.
Талдау: логикалық тапсырмалар
1-тапсырма
Серікте 10 шар болды. Ол 4 шарды Самалға берді. Қалғанын Омарға берді. Серікте неше шар қалды?
10 − 4 = 6
Қорытынды: Серікте 6 шар қалды.
2-тапсырма
Бейбіт дүкеннен 3 қалам және 4 дәптер сатып алды. Ол неше қалам сатып алды?
Жауабы: 3 қалам.
Қосымша тапсырмалар
- 1-тапсырмадағы жауап бойынша өрнек құр: 10 − 4 = 6. Азайту амалына кері амал қандай?
- 2-тапсырмадағы сандармен өрнектер құрастыр: 3 + 4 = 7 4 + 3 = 7 4 − 3 = 1
Жинақтау: «Арқан тарту» ойыны
Төмендегі өрнектерді толықтырып, нәтижесін тап.
Мадақтау және рефлексия
Мадақтау
Белсенді қатысқан оқушыларды ауызша мадақтау, дұрыс жауаптарды атап өту.
Рефлексия
- Бүгін мен санды өрнекті құрастыра аламын.
- Қосу және азайту компоненттерін атай аламын.
- Кері амалды қолданып тексере аламын.
Мұғалім
Аметова Гүлшат Жақсылықовна