Сәуле кім

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Тақырып

Дара және күрделі етістіктер

Түрі

Аралас сабақ

Әдісі

Топтық жұмыс

Көрнекілігі

Ереже жазылған плакаттар, ойындар

Мақсат, міндет және күтілетін нәтиже

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға дара және күрделі етістіктер туралы білім беру, олардың айырмашылықтарын шығармашылық тапсырмалар арқылы меңгерту.

Міндеті

Ауызша сөйлеу және жазба тіл дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні

Сауатты жазуға төселдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы

Ойлау қабілетін арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуін дамыту.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныбымыз тап-таза,
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партада.

Ойға толып санамыз,
Бестік болсын бағамыз.
Баласындай бір үйдің,
Тату болсын арамыз.

Үй тапсырмасын пысықтау

431-жаттығу: мәтінді оқып, артық сөзді табу.

  • 1-қатар: жасыл
  • 2-қатар: ұя
  • 3-қатар: сүргіледі

Үшінші қатардағы «сүргіледі» сөзі қандай сөз табы? Етістік

Ой қозғау: етістік туралы

Сұрақ

Не істеді?

Қимылдың іс-әрекетін білдіреді.

Сұрақ

Қайтті?

Іс-әрекеттің орындалуын білдіреді.

Сұрақ

Не қылды?

Қимыл-әрекетті нақтылап көрсетеді.

Топтық жұмыс: I топ — «Не істеді?», II топ — «Қайтті?», III топ — «Не қылды?» сұрақтарына мысал келтіреді.

Көп нүктенің орнына етістіктерді жаз

Сәуле, күн, қой сөздеріне қатысты етістіктерді тауып жаз. Етістік қай сөз табымен байланысып тұр? Зат есім

Сұрақ үлгісі

Сәуле — кім?

Талқылау

Зат есім дегеніміз не?

Венн диаграммасы: зат есім

Жекеше

Кім? Не?

Көпше

Кімдер? Нелер?

Жалпы есім

Ортақ атаулар

Жалқы есім

Кісі, жер-су атаулары

Мағынаны тану: жаңа сабақ

Дара етістік

Бір сөзден тұрады.

Күрделі етістік

Екі-үш сөзден құралады.

Кітаппен жұмыс

433-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жазу, етістіктің астын сызу және салыстыру.

Дара етістік Күрделі етістік
жауды жауып тұр
ұшты ұшып тұр
оқиды оқып тұр

434-жаттығу: берілген етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз.

Дара етістік Күрделі етістік
ұшты ұшып барады
күрейді күреп жатыр
құйды құйып жатыр
үйді үйіп болды
сүзді сүзіп отыр

Ой толғау: ойындар мен бекіту

Ойын: «Кім көп біледі?»

I топ

Бір сөзден тұратын етістік

биледі

II топ

Екі сөзден тұратын етістік

билеп жатыр

III топ

Үш сөзден тұратын етістік

билеп жатыр екен

Сергіту сәті

435-жаттығу: берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау. Етістіктердің астын сызу.

Ойын: «Адасқан сөздер»

Құстар қалай дауыстайды? Дұрыс сәйкестендір.

  • Бұлбұл шырылдайды
  • Торғай сайрайды
  • Қарға қарқылдайды
  • Тырна тыраулайды
  • Қаз қаңқылдайды
  • Сауысқан шықылықтайды

Сөзжұмбақ (жұмбақтар)

  1. 1) Бойы бір қарыс, сақалы екі қарыс — жүгері

  2. 2) Ана ауылдың бурасы, мына ауылдың бурасы, желкілдейді шудасы — түтін

  3. 3) Белі бүкір, алысқа түкір — мылтық

  4. 4) Ұзын мұртты сарылар, қойнында наны бар — бидай

  5. 5) Аспай піскен, қайнамай піскен — жеміс

  6. 6) Көкала қозым көгенде жатып семіреді — қарбыз

Ән

«Ана туралы»

Бекіту және бағалау

  • Дара және күрделі етістіктердің айырмашылығын қорытындылау.
  • Топтық жұмыстар нәтижесін бағалау.

Үй тапсырмасы

436-жаттығу