Қазақ халқының ұлттық киімдері
Сабақтың барысы
Бұл сабақ «саяхат» форматында ұйымдастырылып, оқушыларды қазақ халқының материалдық мәдениетімен таныстыруды көздейді. Негізгі назар баспана, ұлттық киім және қолөнер мұрасына аударылады.
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың назарын сабаққа шоғырландыру, мақсат-міндеттерді қысқаша таныстыру.
Үй тапсырмасын сұрау
Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап арқылы білімді нақтылау.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар
- 1.Дін дегенді қалай түсінесің?
- 2.Адам баласы алғашында неге табынған?
- 3.Қандай деректердің көмегі арқылы біз жерленген адамдардың нанымдарын анықтай аламыз?
- 4.Адам баласы табиғаттан тыс дүниені қалай атаған?
- 5.Құдайды адамдар қалай елестеткен? Оларды неден жасаған?
- 6.Ежелгі түркілердің негізгі нанымы қандай болған? «Тәңір» олардың ұғымында қалай түсіндірілген?
- 7.Б.з. VII ғасырда Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес халықтар арасында қандай діндер тарады? Будда мен ислам қай елдерден келді?
- 8.Қазақстан жеріне Азия елдерінен таралған діндердің бірі қайсы?
- 9.Заратуштралық ілімді қола дәуірінде қай тайпалар қолданған? Қай тайпалар бұл ілімге қарсы шықты?
- 10.Дінді зерттейтін ғылым қалай аталады?
Кесте толтыру
| Діндердің атауы | Негізін салушы | Қасиетті кітабы |
|---|---|---|
Қорытынды ой
Қай дінді алсақ та, адамды имандылыққа және адалдыққа тәрбиелеуді мақсат етеді. ҚР Конституциясының 1-бабында Қазақстанның зайырлы мемлекет екені көрсетілген: елімізде ешбір дін мемлекеттік мәртебеге ие емес, әр азаматтың дінді таңдауы немесе таңдамауы — өз еркі.
Жаңа сабақ
Жоспар
- Қазақ халқының баспанасы
- Қазақ халқының ұлттық киімдері
- Ұлттық қолөнер
Мәдениет дегеніміз не?
«Мәдениет» термині қазақ тіліне араб тіліндегі «маданият» (қала, қалалық) сөзінен енген. Мәдениет — белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы, адам әрекетінің және саналы қызметінің көрінісі.
Мәдениеттің екі қыры
Материалдық мәдениет
Шаруашылыққа, тұрмысқа байланысты дүниелер: баспана, киім-кешек, жиһаз, қолөнер бұйымдары.
Рухани мәдениет
Ұрпақтан ұрпаққа тараған мұра: аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, даналық сөздер.
Мұражайға саяхат
Енді қазақ халқының материалдық мәдениеті «мұражайына» саяхат жасаймыз. Қош келдіңіздер!
1-зал
Баспана
2-зал
Ұлттық киім
3-зал
Қолөнер
1-зал: Қазақ халқының баспанасы
Киіз үй — көшпелі халықтардың қысы-жазы тұруына қолайлы, төзімді баспана. Ол тез тігіліп, тез жиналады: қыста жылы, жазда салқын. Көлемі мен сыртқы келбетіне қарай әртүрлі болады.
Киіз үйдің негізгі бөліктері
Киіз үйдің қаңқасы «киіз үйдің сүйегі» деп аталады. Оған кереге, уық, шаңырақ және есік кіреді.
Киіз үйдің түрлері
Орда
Салтанатты бас қосуларға арналған, елдік мәселе шешілетін аса құрметті үй.
Алтын орда
30 қанаттан тұратын ханның мәжіліс ордасы.
Алтын үзік
24 қанаттан тұратын, аса лауазымды хан әулеті тұратын үй.
Ақ шаңқан
18 және 12 қанатты, ел басылары мен дәулетті адамдар тұратын киіз үйлер.
Ақ ала орда
8 қанатты, дәулетті байдың үйі.
Ақ үй
6 қанатты, дәулетті адамдардың үйі.
Боз үй, қоңыр үй
4–5 қанатты, орташалар тұратын киіз үй.
Қараша үй
Кедей үйі.
Отау
Жас жұбайларға арналған үй.
2-зал: Қазақ халқының ұлттық киімдері
Бүгінде ұлттық киімдеріміз жаңаша үлгіде тігіліп, заман талабына сай бейімделіп, әлемдік деңгейде таныстырылып келеді. Осы бағытта еңбек етіп жүрген талантты дизайнерлердің бірі ретінде атыраулық бас суретші-модельер Гүлмаржан Махамбет есімі аталады.
3-зал: Ұлттық қолөнер
Ұлттық қолөнер — халықтың тұрмысымен біте қайнасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан шеберлік дәстүрі. Бұл бөлімде қолөнер бұйымдарының түрлерімен танысамыз.
Жаңа сабақты бекіту
1) «Орнын тап»
Суреттерге қарап, киімдерді топтастырамыз:
- Ер адамның киімдері
- Қыз баланың киімдері
2) «Топтастыру»
Қолөнер бұйымдарына нелер жатады? Оқушылар өз ойларын дәлелдеп, мысал келтіреді.
Оқушының шығармашылық жұмысы
- 1.Мұражайдан алған білімдерің арқылы қазақ халқының материалдық мәдениетін шетелдік азаматтарға қалай таныстырар едіңдер?
- 2.Оқушылар дайындаған сөзжұмбақтарды шешу.
Қорытынды
«Өткендерін жек көрген — өшкендіктің белгісі,
Өткендерін ескерген — өскендіктің белгісі»
Үй тапсырмасы
- «Қазақ халқының материалдық мәдениеті» тақырыбын оқу, түсінік айту.
- Үй жиһаздары мен қолөнер бұйымдары бойынша слайд дайындау.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының нақтылығы және шығармашылық тапсырмаларды орындауы негізінде бағаланады.