Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау
Ашық сабақ
Қазақ хандығы
Бұл сабақ Қазақ хандығының құрылу үдерісін талдауға, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын түсіндіруге және тарихи тұлғалардың еңбегін бағалау арқылы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу процесін талдау; тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын айқындау.
-
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелілік: Тұңғыш қазақ мемлекетін құрған қайраткерлердің еңбегін бағалауға, отансүйгіштікке, елін-жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Жұмыс түрлері
- Ұжымдық, жеке, жұптық, топтық жұмыс
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ әдебиеті, математика
- Көрнекілік
- Слайд
Дидактикалық қамтамасыз ету
Интерактивті тақта, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, суреттер, карта, арнайы суреттері бар карточкалар, проектор және топтық жұмыстарға арналған тапсырмалар.
Әдіс-тәсілдер
Топқа бөлу, баяндау, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, диалогтік оқыту, «Бас бармақ», «Күту ағашы», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз — бір тілек», кластер, «Бірлік».
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы оқушыларды ұйымдастырудан бастап, жаңа тақырыпты меңгерту, бекіту және қорытындылауға дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Нақыл сөз
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.»
I. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.
-
Аудиторияның сабаққа дайындығын бақылау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен деректерді нақтылау, сұрақ-жауап арқылы білім деңгейін бағалау.
III. Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу үшін оқушылар «Күту ағашына» бүгінгі сабақтан не күтетінін стикерге жазып іледі. Одан кейін сынып топтарға бөлінеді.
1-топ
Хандар
2-топ
Билер
3-топ
Батырлар
Жаңа тақырып жоспары
-
Қазақ халқы қалыптасқанға дейін қазақ жеріндегі тайпалар мен халықтар қай мемлекеттердің құрамында өмір сүрді?
-
Қазақ халқының этникалық құрамы.
-
Қазақ хандығының құрылуы.
Қазақ хандығының құрылу себептері
- Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құруға ұмтылысы.
- Халық бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығының күшеюі.
- Алым-салықтың көбеюі.
- Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі.
IV. Сабақты бекіту
Бекіту кезеңінде Венн диаграммасы қолданылады. Әр топ салыстыру арқылы негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды.
Хандар тобы
Керей мен Жәнібекті Н. Назарбаевпен салыстырады.
Батырлар тобы
Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады.
Билер тобы
Қазақ хандығының аумағын ҚР аумағымен салыстырады.
V. Қорытындылау
Сабақ соңында «Сиқырлы торша» әдісі арқылы негізгі ұғымдар жинақталып, оқушылардың түсіну деңгейі бағаланады. Кері байланыс ретінде «Екі жұлдыз — бір тілек» тәсілі қолданылып, келесі қадамдар нақтыланады.
Нәтиже
Оқушылар Қазақ хандығының құрылу алғышарттарын түсіндіріп, тарихи себеп-салдарлық байланысты талдай алады және мемлекеттік құрылым туралы негізгі тұжырымдар жасайды.