Киндер сюрприз ойыны
Сабақтың тақырыбы
Есеп. Салыстыру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Есеп шығару дағдыларын бекіту.
- Қосу мен азайтудың кестелік жағдайлары бойынша білімді нығайту.
- Жай есептің мазмұнына қарай дұрыс амал таңдай алу білігін жетілдіру.
Дамытушылық
- Сөйлеу тілін, қабілеттерді және өздігінен әрекеттенуді дамыту.
- Есептерді жазу және салыстыру дағдыларын қалыптастыру.
- Терминдерді және амалдардың қасиеттерін түсіндіре отырып, есеп шығаруда қолдану біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік
- Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы күн, балалар! Қайырлы күн, қонақтар!
II. Өткенді пысықтау
А) «Кім жүйрік?» ойыны
Оқушылардың шапшаң ойлауын және есептеу дағдысын тексеру.
Ә) Үш тілде санау
Сандарды үш тілде айтып, есте сақтауды және тілдік белсенділікті арттыру.
IV. Жаңа сабақ
а) 1-тапсырма. Есепті шығару және салыстыру
Негізгі дағды: салыстыруҚызыл жолақша
10 см
Жасыл жолақша
5 см
Сұрақ
Жолақшалардың айырмасы қанша сантиметр? Қайсысы ұзын?
Шешуі
Азайту амалы10 − 5 = 5
Демек, қызыл жолақша жасыл жолақшадан 5 см ұзын.
5 см ұзын.
ә) Сергіту сәті
Азайғышы 4 болатын айырмаларды жазыңдар. Айырмаларды мәндерінің өсу ретімен орналастырыңдар:
4 − 0
4 − 1
4 − 2
4 − 3
4 − 4
3-мысал
Қосу
5 + 4
Қосу
4 + 5
Азайту
9 − 5
Азайту
9 − 4
а) Дидактикалық ойын: «Салыстыру»
Оқушылар берілген өрнектер мен шамаларды салыстырып, >, <, = белгілерін дұрыс қою арқылы қорытынды жасайды.
VI. Қорытындылау және бағалау
Қорытындылау
Сабақта есеп шығару, қосу мен азайтуды қолдану және салыстыру тәсілдері бекітіледі.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі, есеп шығару дәлдігі және жауап беру мәдениеті ескеріледі.
«Киндер-сюрприз» ойыны
МотивацияҚорытынды кезеңде оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін шағын ойын ұйымдастырылады.
VII. Үй тапсырмасы
129-бет, 4-мысал.