Қабілет тобы
Сабақ тақырыбы
Туған жерім – тұғырым, өскен елім – өзегім.
Сабақ әдісі
Сабақ дамытушылық бағытта өтеді. Ой қозғау және сұрақ-жауап әдістері қолданылады.
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, қазақ тілі, орыс тілі, ән сабағы, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі
Мақал-мәтелдер, сандық, бақылау картасы, тест тапсырмалары, жалаушалар, «Ғажайып үштік», нақыл сөздер.
Сабақ мақсаты
Білімділік
Өтілген тақырыптар бойынша тарауды пысықтау. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, тараудан алған білімдерін жүйелеп, бекіту.
Дамытушылық
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, туған жерін және елін сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Тәрбиелік
Логикалық ойлау қабілетін дамыту және өзін-өзі бақылауға үйрету.
Сабақ барысы
А) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, сыныпты үш топқа бөліп отырғызамын:
- «Қабілет» тобы
- «Дарын» тобы
- «Білім» тобы
Әр топтың білімділігі, іскерлігі, қабілеті мен тапқырлығы жинаған жалаушалар саны арқылы бағаланады.
I. Құрастырма
Берілген әріптерден сөз құрастыру және оны орыс тіліне аудару.
1-топ
-
т, о, н, а
Отан — Родина
-
е, т, к, е, м, п
мектеп — школа
2-топ
-
й, б, д, и, а
бидай — пшено
-
е, ж, р
жер — земля
3-топ
-
с, а, н, а, т, а
Астана — Астана
-
к, н, ү
күн — солнце
II. «Ғажайып үштік»
Үш топ өздері таңдаған сандар бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
1-топ
- Қазақтың тұңғыш президенті кім?
- «Дегелеңдегі жарылыс» әңгімесін кім жазған? Басты кейіпкері кім?
- «Отан» өлеңін жатқа айт.
2-топ
- Оңтүстік Қазақстан облысында өсетін жылу сүйгіш өсімдіктерді ата.
- «Бақшада» әңгімесінің авторы кім? Әңгімеде қандай көкөністер туралы айтылады?
- «Туған жер» өлеңін жатқа айт.
3-топ
- Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында?
- «Құмырсқалар» әңгімесінің авторы кім?
- «Аппақ қыс» өлеңін жатқа айт.
III. Бақылау картасы
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бақылау картасын толтырады.
Карта 1
- 1) Қазақстан Республикасының рәміздері
- Елтаңба, әнұран, ту.
- 2) «Көк бұйра бір бұлақ…»
- Ақын.
- 3) Мақалдың жалғасын тап: «Отан – …»
- Отан – оттан да ыстық.
- 4) Тапсырма түрлері
- Жаңылтпаш, мақал-мәтел.
Карта 2
- 1) Жаңылтпаш
- «Бозда боз ат мінген атам, бозда боздап жүрген атам.»
- 2) «Қарабатыр» — кімнің әңгімесі?
- Ыбырай Алтынсарин.
- 3) Шымкент қаласындағы ұлт өкілдері
- Қазақ, түрік, орыс, неміс, кәріс, қырғыз, украин, татар, тәжік.
- 4) М. Әуезов кім?
- Ұлы жазушы.
Карта 3
- 1) Мақал-мәтел
- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.»
- 2) Ыбырай Алтынсарин кім?
- Ағартушы, алғашқы ұстаз.
- 3) «Суықторғай»
- Саға Жиенбаев.
- 4) «Ұшып келем» — авторы кім?
- Максим Зверев.
IV. Сергіту сәті
Ән: Қалдыбай Нұх.
V. «Кім жылдам?» ойыны
Әр топқа берілген сөздер мен сөйлемдерді жылдам орындау тапсырмасы ұсынылады.
1-топ
- Кітап
- Сырдария
- А. Құнанбаев
- Күз
- Күшіңе сенбе, біліміңе сен.
- Орындық
- Қой
2-топ
- Мектеп
- Сызғыш
- Аққу
- Шымкент
- Ақ тай ақ па, қара тай ақ па.
- Текемет
- Жаңбыр
3-топ
- Жылқы
- Қазыбек
- Қаңтар
- Ә. Молдағалиев
- Үй үстінде алтын тас, алайын десең табылмас.
- Қаламсап
- Жел
VI. Оймен жұмыс
1-топ
Шымкент қаласы туралы шағын әңгіме жаз.
2-топ
«Қыс» мезгіліне байланысты сурет сал.
3-топ
«Туған жер» туралы бір шумақ өлең жаз.
VII. Жұмбақ
Сандық ішіндегі заттарды мұғалім сипаттайды, оқушылар жауабын табады: «Ол не?».
1-топ
Табиғат байлығы: өзі қатты, түсі қара, жанғыштық қасиеті бар.
2-топ
Дәнді дақылдардың бірі: түсі сары, тағам ретінде пайдаланылады.
3-топ
Бөлменің, сыныптың сәні: көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөледі.
VIII. Тапсырма
Үш топқа да «Қарлығаш» сөзі беріледі. Бір минут ішінде осы сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрастыру керек.
IX. Ұйқасын тап
1-айналым
- Шота! Арам шөпті ота.
- Дина! Сөз маржанын жина.
- Жұрын! Қайда оқыдың бұрын?
2-айналым
- Оңдасын! Көп пе сенің жолдасың?
- Ажар! Жүрген жерің базар.
- Айбала! Өкпелеткен қай бала?
X. Қорыту
Ән: Қалдыбай Нұх.
XI. Үй тапсырмасы
- Тарау материалдарын қайталау.
- Өлең жолдарын толықтыру.
- Суретті аяқтау.
- Әңгімені жалғастыру.